7


  • Учителю
  • Доклад по физике на тему Физика сабағында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту

Доклад по физике на тему Физика сабағында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақтау қалалық білім бөлімі

Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығы

















ҚАЛАЛЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ











Тақырыбы: «Физика сабағында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту»



































Дайындаған: Кармысова Алмагуль Ережеевна

№8 орта мектептің физика

пәні мұғалімі











Ақтау, 2014ж

Физика сабағында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту





Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Кармысова Алмагуль Ережеевна

№8 орта мектептің физика пәні мұғалімі



«Балаға күштеп білім беруден гөрі,

баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат»

К.Д.Ушинский



Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі - жастарға терең білім беру. Ал, оның негізі жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісін жақсартуға жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Оқу - тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салады. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, қызықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» бағыт беруші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің үшінші ( негізгі ) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсын 2014 жылдың наурыз-мамыр айларының аралығында оқып, аяқтағаннан кейін жеке тұлғаны дамытуға бағытталған осы жобаны жүзеге асыруды қолға алдым. Бұл бағдарламаның мақсаты:

педагог қызметкерлерінің қосымша білім мен дағдылар көлемін алудағы білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық мұғалімдерге қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға көмектесу.

Міндеттері:

мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу;

сабақты белсене өткізіп,әрбір бала өз ойын еркін түрде жеткізе білуіне жағдай жасау;

ойын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру;

тілін дамыту мақсатында оқушының сөзін, ойын бөлмей аяғына дейін тыңдай білу;

жеке тұлға ретінде рөлін көтеру;

тең дәрежедегі қарым - қатынас ұйымдастыру;

Күтілетін нәтиже:

оқушы еркін ойлауға мүмкіндік алады;

тұжырым жасап үйренеді; жан-жақты ізденеді;

шығармашылық белсенділігі артады;

ұжымдық іс-әрекет мәдениеті қалыптасады;

топ алдында өз ойын айтуға, пікірін қорғауға дағдыланады;

сыни пікір-көзқарастары жүйелі түрде дамиды.

Модульдері: 1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

4. Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық

технологияларды пайдалану

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту

7.Оқытуды басқару және көшбасшылық

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің мақсаты- оқушыны терең, кең ауқымды ойлауға үйрету.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешім қабылдауға, іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға және оларды сыни тұрғыдан ойлауға баулу.

Сыни тұрғыдан ойлау нәтижесінде оқушылар сыныптастарымен диалог жүргізу барысында тәжірибе жинақтайды;

Баламалы мүмкіндіктер туралы сыни тұрғыдан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілеттері арта түседі.

Мен бірінші бетпе-бет кезеңі аяқталғаннан кейін теориялық алған білімімді практика жүзінде жүзеге асыру үшін мектепке барып, Бағдарламаның жеті модулін бір-бірімен ықпалдастыра отырып, орта мерзімді сабақ жоспарын құрып, тізбектелген сабақтар топтамасын өткіздім.

«Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары» тақырыбындағы бір сабағыма тоқталып өтейін. Бұл сабақты өткізудегі мақсатым: сыни тұрғыдан ойлау модулін қолдану арқылы оқушының ой-өрісін дамытуға мүмкіндік беру, энергия ұғымын,жұмыс пен энергияның байланысын түсіндіру, табиғаттағы және күнделікті тұрмыстағы энергиялардың түрлері, потенциалдық және кинетикалық энергиялардың ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту және теориядан алған білімдерін қолданып, есеп шығара білуге көмектесу болатын. Сабағымды Блум таксономиясы бойынша өткіздім. Ең алдымен сабаққа кіріспес бұрын оқушылармен амандасып, олардың көңіл-күйін, жағдайларын сұрап, бүгінгі сабаққа сәттілік тілей отырып, сабағымды бастадым. Сабақты оқушыларды мозайка құрастыру арқылы (жұмыс,қуат,күш,жылдамдық) топқа бөлуден бастадым. Оқушыларды топқа бөліну кезінде біршама қиындықтар кездесті, ол топқа қосылғым келмейді деп, қарсылық танытқан оқушылар да болды, яғни достарымен бір топта отырғысы келуі немесе жақсы оқитын оқушылар бір топта отырғысы келуі, топқа бөлінген кезде шатасып кетіп,басқа топқа барып отыруы. Оқушылар мозайканы құрастырып болғаннан кейін, бірінші бетінен жұмыс пен еңбек туралы мақал-мәтелді оқыды, ал екінші бетінен қандай да бір физикалық шаманы оқыды, яғни өз тобының атымен танысты. Содан кейiн, оларға сергіту сұрақтарын қойдым. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оpнaлacып aлғaн cоң шaғын топ еpежеciн және сыныптың ережесін жaзуды cұpaдым. Бapлығы өз пiкipлеpiн aйтып топ еpежеciн жaзды. Ондa бipлеcкен ic әpекетте: мұғaлiмдi және бірін-бірі тыңдaу, бip-бipiне көмектеcу, уақытты тиімді қолдану, бipiгiп жұмыc жacaуды, қол көтеpiп жaуaп беpудi шapт етiп жaзды. Оқушыларды топқа бөлгеннен кейін топ басшыларын сайлап, оларға бағалау парағын тараттым. Олар берілген бағалау парағына өз тобындағы оқушылардың аты-жөнін және әрбір тапсырма бойынша ұпай сандарын жазып отырды. Оқушыларды бағалау парағы бойынша бағалау критерийлерімен таныстырдым. Оқыту үшін бағалау - бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру. Оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оқытудың қиындықтарын анықтау үшін, үйге беpiлген тaпcыpмaны, яғни өткендi қaйтaлaп, жaңa тaқыpыптың негiзiн қaлaу мaқcaтындa сәйкестендіру тесті apқылы текcеpдiм. Бұл оқушылардың сыни тұрғыдан ойлануын дамытуға зор ықпалын тигізеді деп ойладым. Тест жазып болғаннан кейін, әp жұп бip-бipiнiң жұмыcын алып, интерактивті тaқтaдa көpcетiлген дұpыc жaуaптың кiлтiне cәйкеcтендipiп текcеpіп, бaғaлaды. Бaғaлaу нәтижеciн өз тобының басшысына ескертіп, бағалау парағына жазып отырды. Оқушыларға түсіну үшін сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлаудың талқылау үлгісін қолдана отырып, әр топқа сұрақтар қойдым. Жаңа тақырыптың мазмұнын жақсы меңгерту үшін, оқығандарын есте сақтау үшін, топ жұмысының сапасын арттыру үшін топтастыру стратегиясын қолдануды жөн көрдім. Әр топқа постер арқылы шығармашылық жұмысты қорғауды тапсырдым. Нәтижесінде топ ішінде оқушылардың белсенділігі артып, әр топ өз қабілеттеріне қарай жауап берді. Менің ойымша оқушыларға осындай тапсырмаларды берген сайын олар әр қырынан көрініп, деңгейлері анықтала бастайтын сияқты. Оқушыларды «жақсы», «жарайсың» деген марапаттау сөздерімен қолпаштап қойдым. Себебі дұрыс жауап берген оқушылардың жауаптарына қарай, жауап бере алмаған немесе шеткері қалып қойып отырған тұйық, ұяң оқушылар өзін-өзі реттейді. Оқушылар Блум таксономиясы бойынша талдау үшін: «Шаманы таны» деп аталатын кесте арқылы деңгейлік есептерге талдау жасады. Берілген есептердегі физикалық шамалардың белгіленуі мен бірліктерін ескере отырып, есептерді шығарып, нәтижелерін кестеге жазды. Сабағымды жинақтау үшін, балалардың нені үйренгенін және оны қалай меңгергенін білу мақсатында әр топқа жекелеген тапсырмалар бердім. Бұл тапсырмаларды бере отырып, олардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуға ықпал жасадым. Бірінші топқа: Энергия тақырыбына бес жолды тұжырым жазуды; екінші топқа осы тақырыпқа Эссе жазуды; үшінші топқа: «Жұмыс» және «Энергия» ұғымдары бойынша Венн диаграммасын құруды; төртінші топқа: Энергия тақырыбына тірек-сызба құруды тапсырдым. Сабақ соңында әр топтың бағалаушысы өз тобының мүшелерінің берілген тапсырмалар бойынша алған ұпай сандарымен таныстырды. Сабақ барысында оқушылар әр тапсырмаға байланысты бағалау критерийлері бойынша түрлі бағалау әдістерін қолданды. Тест тапсырмасында оқушылар екі оқушы бірін-бірі бағалады. Постер қорғауда және есеп шығаруда тыңдаушы топтар түсті бағалау таяқшаларын көтеру арқылы бағалады. Сабақтың соңында бағалау бетшелерін жинап алып, оқушылардың қойған бағасы мен өзімнің бағамды жинақтап, бағаладым. Содан кейін үй тапсырмасын беріп, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтай отырып, формативті бағалау процесін жүргіздім. Оқушылар «Білім ағашына» бүгінгі сабақ бойынша алған өздерінің әсерлерін, тақырыпты қалай түсінгендерін, ұсыныстарын жазды. Нәтижесінде, оқушылар жұппен және топпен жұмыс істеуді, өзін-өзі және сыныптастарын әділ бағалай білуді, өз бетімен ізденуді, әртүрлі шығармашылық жұмыстар жасай білуді, қоршаған ортаға сын көзбен қарауды, өз пікірін дәлелдей алуды, өзгенің пікірімен санаса білуді үйренді.

Сабақтарды өткізу барысында мен мынандай жетістіктерге қол жеткіздім: жұппен, топпен жұмыс кезінде уақытты тиімді пайдаланып өз пікірлерін ортаға сала отырып талқылай алатынына көзім жетті . Топтар сұрақтардың жауаптарын өзара талдап, топ басшылары жауаптарын ортаға салып, қорғады. Бұл сұрақтарға жауап беру барысында оқушылар жаңа тақырыпты ашуға атсалысты. Оқушылар тапсырма бойынша өз ойларын постерге жазып қорғады. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың тақырыпты өздігінен түсінуге құлшынысы байқалды. Топпен жұмыс жасауға тиімді тәсіл деп ойлаймын. Топ мүшелері өз міндеттерін белгілеп алғасын жауапкершілік сезінді. Үлгерімі төмен оқушылардың өздері белсенділік танытып, басқа қырынан көрінді.

Келешектегі жоспарым:

Физика сабағында сыни тұрғысынан ойлауға үйрете отырып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға мүмкіншілік беру. Оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың физика сабағында сыни тұрғысынан өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу, өзіндік іс - әрекетін ұйымдастыру, өзін - өзі бағалауға үйрету.

Ұсынысым: Рефлексивтік журнал жүргізу арқылы мұғалім мен оқушылар арасында кері байланыс және диалог орнату.

Әр сабақтың соңғы 5 минуты күнделікке тиісті сол күнгі оқу үдерісі туралы жазба қалдыруға бөлінсе.Онда оқушылар мынадай сұрақтарға жауап берсе:

Мен не білдім? Көп білу үшін қандай көмек қажет? Маған не ұнады, не ұнаған жоқ? Бұл, оқушыларға сабақтың қалай өткенін ойлауға көмектеседі.

Ал, мұғалімдер әр сабақтан кейін болмаса да, кем дегенде аптасына бір рет жазба енгізсе, оқушылар туралы диагностикалық және формативтік ақпараттар алуға болады.Сондай-ақ, өзіміздің сабақ беруімізді бағалауға көмектеседі.









Пайдаланылған әдебиеттер:



1.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. - Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, - 2012жыл.

2. Физика. 7 сынып, авторлары: Р.Башарұлы, Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова,

Д. Қазақбаева, «Мектеп» баспасы 2013ж.

3. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері, авторы: А.Әлімов, Алматы, 2013ж.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал