- Учителю
- 'Молекулалық физика тарауына есептер шығару' ашық сабақ (10 сынып)
'Молекулалық физика тарауына есептер шығару' ашық сабақ (10 сынып)
№ 3 Талапкер орта мектебі
тарауына есептер шығару
10 "Ә" сыныбына
АШЫҚ САБАҚ
Сабақ өткізген : Абдраманова Н.Р . .
2015-2016 оқу жылы
Тексерілді: Күні:
Пәні: Физика Сыныбы: 10
Тақырыбы: «Молекулалық физика» тарауына есеп шығару.
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың молекулалық физика тарауы бойынша білімдерін пысықтап, формуланы дұрыс қолдана отырып, есеп шығару, теориялық білімін практикалық мақсатта қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық:Ойлау қабілетін дамыту, белсенділігін арттыру, есте сақтау қабілетін қалыптастыру.
Тәрбиелік: оқушылардың еңбек ету қабілетін жетілдіру, өз бетінше ізденіске, бір-біріне көмекке баулу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабақ
Сабақ формасы: жарыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар, электрондық оқулық.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Сабақты пысықтау
-
«Кубизм»
-
Есеп шығару
-
Сементикалық карта.
-
Графиктік есептер.
-
Миға шабуыл.
-
Тест .
4. Сабақты қорытындылау.
5. Үйге тапсырма беру
6. Бағалау.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуын, кабинеттің және олардың сабаққа дайындығын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Сабақты пысықтау. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білім-білік дағдысының қалыптасуын тексеру.
-
«Кубизм» әдісі арқылы еске түсіру, оқушыларға сұрақтар қою.
1-топ
-
МКТ-ның негізгі теңдеуі.
-
Шамаларды ата.
-
Өлшем бірліктерін жаз.
-
Формуланы түрлендір.
-
Молекула шоғыры.
-
Есеп шығар.
2-топ
-
Қысым мен температураның байланысы.
-
Шамаларды ата.
-
Өлшем бірліктерін жаз.
-
Формуланы түрлендір.
-
Больцман тұрақтысы.
-
Есеп шығар.
3-топ
-
Менделеев-Клапейрон теңдеуі.
-
Шамаларды ата.
-
Өлшем бірліктерін жаз.
-
Формуланы түрлендір.
-
Универсал газ тұрақтысы.
-
Есеп шығар.
-
Есептер шығару. Оқулықпен жұмыс.
№1 есеп. (А)
Егер газдың массасы 1 кг, ал оның молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы 600 м/с болса, онда ол 0,2 МПа қысымда қандай көлемді алады?
№2 есеп. (А)
Егер көлемі 12 л ыдыста 128*1023 оттек молекуласы болса, ол 17 0 С температурада ыдысқа қандай қысым түсіреді?
№6 есеп. (В)
Біраз мөлшердегі температурасы Т1=200 K және қысымы р1=400 Па күйде тұр. Газ Т2=10000 K, яғни сутегі молекулалары түгел атомдарға ыдырайтын температураға дейін қыздырылған. Егер газ көлемі және массасы өзгеріссіз қалса, онда жаңа қысымы р2 қандай болады?
-
Графиктік есептер