- Учителю
- Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы
Набатов Раим Кенжебекович
Еңбек өтілі:20 жыл
Жұмыс орын: Жетісай қаласындағы
Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназия
Қызметі: физика пәні мұғалімі
ШЕБЕРЛІК САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ:
ТАҚЫРЫБЫ: Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы
МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ: Сабақта топтық жұмыс ұйымдастыру арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қолдануды жүзеге асыру жолдарын айқындау Оқушылар денелердің электрленуі және электр заряды туралы мәліметтерді біледі
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕСІ: Оқушылар денелердің электрленуі және электр заряды туралы мәліметтерді білді, олар электр құбылыстар маңызын түсінеді, ондағы формула арқылы есеп шығарады.
МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: 8 Ә сыныбы
ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІ: түсіндіру, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлауды диалог арқылы дамыту, қызығушылығын ояту, миға шабуыл жасау
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: компьютер және мультимедиялық проектор, интерактивті тақта, дыбыстық құрылғы.
ШЕБЕРЛІК САБАҒЫНЫҢ БАРЫСЫ:
Бүгінгі сабақта оқушылар денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы тақырыбы бойынша алған білімін қалыптастырады, түсінігін айтады және сабақ барысында сын тұрғысынан ойлап қорытынды жасайды.
Сын тұрғысынан ойлау - мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен білімді игеруге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді.
Сабақтың ұйымдастырылу кезеңі: Оқушыларды қағазға жазылған физикалық ұғымдар арқылы топтарға бөлу
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер:
№
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
1
Еске түсіру (Білу):
-
Неше изопроцес бар?
-
Адиабаталық процесс дегеніміз не?
-
Термодинамиканың бірінші заңы ?
-
Термодинамиканың екінші заңы?
Таратылған семантикалық карталар арқылы сұрақтарға жауап береді
5 мин
2
Түсіну:
Неліктен сүртілген аяқ киімге шаң тозаң жиналады?
Мұғалімнің берген сұрақтарына оқушылар жауаптарын жазады
3 мин
3
Қолдану:
Берілген тапсырмаларды оқушылар бірінші міндетті деңгейден бастайды, кейін лайықтыға, онан соң жоғарғы жеңгейге көшеді.
10 мин
4
Талдау:
Берілген семантикалық картаны оқушылар оқулықтан алған теориялық білімдеріне сәйкестендіре отырып толтырады
22 мин
5
Жинақтау:
Жалпы сабақ бойынша оқушылар бір - бірлеріне сұрақтар қояды
5 мин
6
Бағалау:
Оқушылар берілген бағалау парақтар бойынша бір - бірін бағалайды
Таратылған бағалау парақтары қасындағы оқушыға баға қойады
Үйге тапсырма беру: §28