- Учителю
- Зертханалық жұмыс. «Беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау»
Зертханалық жұмыс. «Беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау»
</<font face="Times New Roman, serif">Сабақтың тақырыбы: №4 Зертханалық жұмыс. «Беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Судағы беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау, жұмысты орындап, есептеулерді реттеп жазып, жұмыстан шыққан қорытындыны тұжырымдау.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: зертханалық.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: кітаппен жұмыс, демонстрация, жаттығулар орындау
Сабақтың көрнекіліктері:плакаттар, суреттер, үлестірме қағаздар, қалтқы, кең ыдыс, пластилин, секундомер,сызғыш.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрақ - жауап арқылы тексеру, қайталау.
Сұрақтар тақтада шығарылады. Оқушылар әр сұрақты оқып, жауап береді.
Сұрақтар:
-
Толқынның тербеліс периодын, тербеліс жиілігін, амплитудасын анықтаңыз.
-
Толқын жылдамдығының формуласын жазыңыз.
-
Төмендегі дыбыс толқындар жиілігін сипаттап беріңіздер.
ν = 16Гц ÷20000Гц
ν > 20000Гц
ν < 16Гц
-
Дыбыстың гармоникалық тербелісінің графигіне сипаттама беріңіз.
-
Дыбыстың тон биіктігі немен анықталады?
-
Дыбыс тембрі дегенді қалай түсінесіз?
-
Акустикалық резонанс құбылысын түсіндіріңіз.
-
Электромагниттік өріс дегеніміз не?
-
Егер дене t секунд ішінде n тербеліс жасаса, онда тербеліс жиілігі мен тербеліс периоды қалай анықталады?
Есептер шығару:
-
Теңіз бетіндегі қатар екі толқынның арақашықтығы 4м. Толқында тербелген қайық тербелісінің периоды 1,5с. Толқын жылдамдығы неге тең?
-
Аңшы мылтық дауысының жаңғырығын 4,5с өткен соң естиді. Мылтық дауысын шағылдыратын бөгет одан қандай қашықтықта орналасқан? Дыбыстың таралу жылдамдығын 340м/с деп есептеңдер.
ІІІ. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
Зертханалық жұмыс жасауға дайындық. (әңгіме)
Техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқау.
Зертханалық жұмысты оқулықтағы нұсқау бойынша орындау.
-
Ыдысты үстел үстіне қойып, оның ішіне су құйыңдар.
-
Ыдыс ернеуінің бір шетіне қалтқы салыңдар, ал оның қарсы шетінен су бетіне кішірек тасты тастап жіберіңдер.
-
Осы кезде пайда болатын толқулардың қалтқыға дейін таралу уақытын белгілеп алыңдар.
-
Мұндай тәжірибені бірнеше рет қайталап, толқынның қашықтыққа тарайтын уақытының орташа мәнін анықтаңдар.
-
Толқынның таралу жылдамдығын есептеңдер.
-
Алынған нәтижелерді кестеге жазыңдар.
реті
Уақыт t, с
Уақыттың орташа мәні tорт, с
Қашықтық l, м
Толқын жылдымдығы, υ, м/с
1
2
3
4
5
Жұмысты қорытындылау, жұмыс орнын тазалау.
VI. Үй тапсырмасын беру: қайталау