- Учителю
- Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері
Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері
7 сынып
Физика
Сабақтың тақырыбы
§18 Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Сілтеме
Мұғалімге арналған нұсқаулық. СТО, АКТ, Жас ерекшеліктер. Білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдер.
Сабақтың мақсаты
Жылдамдық және жылдамдық бірліктері туралы түсінік беру. Жылдамдықтың формуласын пайдаланып, есептер шығара білуге үйрету. Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Негізгі мақсат
-
Топтық жұмыс жасауға
-
Сын тұрғысынан ойлауға
-
Өзін-өзі бағалауға
-
Өз ойларын еркін жеткізуге үйрету.
Оқыту нәтижесі
-
Тақырыпты меңгереді
-
Топтық жұмысқа үйренеді
-
Өз бетімен жұмыс істейді
-
Жауапкершілігі артады
-
Теориялық білімдерін практикада қолдана алады
Тапсырмалар
1.Ұйымдастыру кезеңі:
-
Сәлемдесу
-
Ынтымақтастық атмосферасын құру.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
-
ағашты сындыру оңай ма?
-
3 ағашты сындыру оңай ма?
-
Бағалау парағы беріледі.
2.Үй тапсырмасын тексеру «Физикалық диктант»
-
Оқушыларға сұрақтар беріледі.
-
Сол сұрақтардың артында сөздер тұрады, сөздердің бірінші әріпі сабақтың тақырыбы болады. Жақсы сөздерді оқыту, сол бойынша тілек білдіру.
Ж ігерлі
Ы нталы
Л лайықты
Д арынды
А лғыр
М мақтаулы
Д идарлы
Ы рысты
Қ адірлі
3.Топқа бөлу: Көлік түрлерінің жылдамдын сипаттау.
1-топ: ұшақ
2-топ: машина
3-топ: велосипедші
Сабаққа қатысып отырған ұстаздарға 1,2,3 саны түскен ұзтаз сол топқа барып отырады.
4.Сабақтың мақсатымен таныстыру
Бүгінгі біздің тақырыбымыз жылдамдық.
-
Ал бүгінгі сабақта өздеріңе қандай мақсат қоясыңдар?
-
Не үйренесіңдер?
-
Әрбір сабақ сендерге не береді?
-
Сабағымыздың ұстанымы:
Маған айтшы - мен ұмытып қаламын
Маған көрсетші - менің есімде қалады
Өзіме істетші - мен сонда түсінемін
5.Жаңа сабақты түсіндіру.
«Барлық істің басшысы білім мен ұғым».
Оқушылар жылдамдық туралы оқып бір-біріне түсіндіреді.
а) Электронды оқулықты пайдалану.
б) Қосымша мәлімет:
Дат астрономы О.К. Ремер 1676 жылы тұңғыш рет жарық жылдамдығын есептеген.
Ең үлкен жылдамдық - жарық жылдамдығы ⱱ = 300 000 000 м/с
Ең кіші жылдамдық - ұлудікі ⱱ = 0,013 м/с
Бірінші ғарыштық жылдамдық ⱱ = 7200 м/с
6.Жаңа сабақты бекіту.
«Білім теңіз түбі де, шегі де жоқ» . Оқушылар топта есептер шығарады.
1- топ:
№1.
108 км/сағ = ….. м/с
18 км/ сағ = ….. м/с
№2.
208 м/с жылдамдықпен қозғалатын ұшақ 6 сағат ішінде қандай аралықты ұшып өтеді?
2-топ:
№1.
72 км/сағ = ….. м/с
54 км/ сағ = ….. м/с
№2.
Велосипедші 1800 с ішінде 9 км жол жүрген.
Велосипедшінің жүрген жылдамдығын табыңдар?
3-топ:
№1. 36 км/сағ = ….. м/с
18 км/ сағ = ….. м/с
№2.
Машина 1500м/с жолды 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Осы жолды жүріп өткен уақытты анықтаңдар?
7.Сергіту сәті:
«Сиқырлы әріптер» әр топ берілген әріптерден сөз құрайды, формуланы сөзбен жазады.
8. «Бар нәрсеге білім қолды жеткізер»
Электронды оқулықтан: № 16, №17, 18 тапсырмалар орындалады.
8.Сабақты қорытындылау. Топпен жұмыс:
«Білімді мыңды жығады.»
№1 кесте
Физикалық шама
Белгіленуі
Формуласы
Өлшем бірлігі
масса
жылдамдық
жол
уақыт
№2. Сәйкестендіру:
m = с
V = кг/ м 3
p = кг
t = м/с
S = м 3
ⱱ = м
Үйге тапсырма
§18 оқу , 5- жаттығу
Бағалау
Бағалау критерийлері:
-
Топ ережесінің сақталуы
-
Топпен ынтымақтастық
-
Тақырыпты игеруі
-
Білімімді болашақта пайдалана алуы
Оқушылар өз-өздерін бағалайды.
Рефлексия
Оқушылардың пікірін білу.