- Учителю
- 'Атом ядросының құрамы. Ядролық өзара әрекеттесу' тақырыбында ашық сабақ жоспары. 11-Сынып.
'Атом ядросының құрамы. Ядролық өзара әрекеттесу' тақырыбында ашық сабақ жоспары. 11-Сынып.
Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
«Ж.Қалдығараев атындағы орта мектеп» ММ
Физика пәні мұғалімі
Джолжигитова Лаззат Амантаевна
Қысқа мерзімді жоспар
11-сынып.
Күні
Сабақтың тақырыбы
Атом ядросының құрамы. Ядролық өзара әрекеттесу.
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға ядроның нуклондық моделімен танысуға, құрамындағы әр бөлшектің табиғатын, маңызын түсінуге жағдай жасау.
Күтілетін нәтиже
Атомның ядролық моделінің физикалық және химиялық мағынасын түсінеді. Кез келген химиялық элементтің ядросының құрамын анықтай алады.
Қолданылатын модульдер
Сыни ойлауды дамыту, оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, көшбасшылық, оқу және оқыту үшін бағалау
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Көрсетілім, Блум сұрақтары, түрткі сұрақтар, ББҮ кестесі, Джигсо әдісі, постер қорғау, Фишбон, тест жұмысы, «5 саусақ» кері байланысы, критериалды бағалау.
Ресурстар
(Әдебиеттер,
сілтемелер,
құрал-жабдықтар)
-
Оқулық, интер материалдары
-
Бейнероликтар: «Атомның планетарлық моделі», «Строение атома», «Ядролық энергетика өмірде»
-
Стикерлер, А3 форматы, маркерлер, тапсырма бар парақтар
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс - әрекеті
Сабақтың кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
І. Кіріспе.
Ұйымдастыру.
Психологиялық ахуал орнату. Топқа бөлу.
-
Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу.
-
«Атомдар мен молекулалар» топқа бөлу.
-
Бағалау парағын, критерийлермен, дискрипторларымен таныстырылады.
Сәлемдеседі жылы қабақты сезеді.
4 топқа бөлінеді.
Шағын топтар өздеріне көшбасшыларды таңдайды. Көшбасшы сабақтағы топ мүшелері тарапынан тапсырмалардың орындалуын қадағалай отырып, оларды бағалау парағына бағалап отырады.
Үй тапсырмасын сұрау.
Бейнеролик. «Атомның планетарлық моделі»
Түрткі сұрақтар:
-
Атомның планетарлық моделін ашқан кім?
-
Ол қандай тәжірибе жасады?
Блум сұрақтары арқылы өткен тақырыптарды қайталау жүргізіледі.
-
Жәй сұрақтар: Атом деген не? Атом ядросы деген не? Оның заряды қандай? Атом бөліне ме?
-
Анықтау сұрақтары: Атом бөлінсе, оның құрамы қандай? Оның құрамындағы бөлшектер қалай зарядталған?
-
Практикалық сұрақтар: Атом ядросының зарядын қалай есептеуге болады? Кез келген химиялық элементтің бір атомының зарядын есепте.
-
Түсіндірме сұрақтары: Не себептен атомның ядролық үлгісі «атомның планетарлық моделі» деп аталған?
-
Шығармашылық сұрақ: Атом ядросын зерттеудің маңызы қандай?
-
Бағалау сұрағы: Атомның өз ядросынан ерекшелігі қандай?
Оқушылар бейнероликтен көрген әсерін, осы бейнеролик бойынша қойылған мұғалімнің түрткі сұрақтарына жауап береді. бұрыннан білетін білімдеріне шолу жасайды, еске түсіреді.
ІІ. Тұсау кесер
Қызығушылықты ояту.
ББҮ кестесін толтыру.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.
Бейнеролик. «Строение атома»
Оқушылар өткен тақырыптарын саралай отырып, ББҮ кестесінің 1-ші бағанын толтыра отырып, өздерінде бар білімдеріне тоқталады, ал екінші бағанды толтыра отырып, білетіндеріне қоса енді не білгісі келетіндігін жазады, осыған орай жаңа тақырып пен оның мақсатын айқындайды.
ІІІ. Негізгі бөлім.
Жаңа материалмен танысу
№ 1 тапырма
№ 2 тапсырма
№ 3 тапсырма
№ 4 тапсырма
Джигсо әдісі төмендегідей тақырыпшалармен тапсырылады:
-
Протонның ашылуы.
-
Нейтронның ашылуы.
-
Атом ядросының құрамы.
-
Изотоптар.
Түрткі сұрақтар:
-
Ядроның құрамын зерттеу, протон мен нейтрондар жайында не үшін білу керек?
-
Атом ядросын зерттеуді не үшін жетілдіру керек?
Бейнеролик «Ядролық энергетика өмірде»
Балық қаңқасы (Фишбон)
«Ядролық энергияның пайдасы мен зияны»
Есептер шығару. Оқулықта берілген 8.2-жаттығуды орындау тапсырылады.
Тест жұмысы. Оқушыларға 7 сұрақтан тұратын ауызша орындайтын тест беріледі.
Топтар өздеріне бөлінген тақырыпшалармен өз бетімен таныса отырып, ондағы мазмұнды топта талқылайды. Басқа топқа, ұжымға таныстыру үшін постер дайындап, оны қорғайды. Қорғалған постер бойынша топтар өзара сұрақ - жауаппен алмасады.
Оқушыларға қойылған сұрақтар сыни тұрғыдан ойлауды қажет етеді. Ядролық энергия алудың көзін толық зерттеу қажет екендігін, АЭС жетілдіруге болатындығын айтады.
Фишбон әдісі бойынша аталған мәселе бойынша оқушылар ядролық энергетиканың пайдасы мен зиянын айғақтайтын фактілер бойынша өз ұстанымдарын топпен ақылдаса отырып дәлелдейді. Қай топ көбірек дәлел келтірсе, сол топтың пайдасына қарай қорытынды шығарылады. Мысалы,
«Ядролық энергия - болашақ энергия көзі» немесе «Жойылсын ядролық энергия!»
Тест жұмысын оқушылар жеке жұмыс ретінде орындайды.
IV. Қорытынды.
Рефлексия.
Бағалау.
ББҮ кестесінің 3-бағанын толтыру тапсырылады. Әр оқушы жеке оқиды.
«5 саусак» әдісі бойынша оқушылармен кері байланыс жүргізіледі.
Бас бармақ - Сабақ ұнады ма? Несімен?
Сұқ саусақ - мен кімге көмектесе алдым? Қалай?
Ортан терек - маған кімнің көмегі көбірек тиді?
Аты жоғы - мен неге қол жеткіздім?
Кішкене бөбек - тақырып бойынша нені толықтыру керек?
Бағалау парағы арқылы топ басшылары топ мүшелерін бағалайды.
Оқушылар сабақ процесінде өзінің сабаққа қалай қатысқандығын, не түсінгендігін «5 саусақ» кері байланысы және бағалау парағы арқылы бағалайды.
1 топ 1 алақан, ал саусақтар ондағы мүшелер болып мұғаліммен кері байланысады.
VІ. Үйге тапсырма.
§ 8.2 (мазмұндау)
Есептер шығару.
Шағын эссе жазу. «Ядролық технология - болашақ иесі»
Тақырып бойынша эссе жазып келеді. Үйден Менделеев кестесіндегі 4, 6, 8,10 қатардағы элементтердің ядросының құрамын анықтайды.
Бағалау парағы.
Дискрипторлар: 1 жауап, пікір - 1 ұпай
1 есеп - 1 ұпай
Постер қорғау - 3 ұпай
«5» - 9-10 ұпай; «4» - 6-8 ұпай; «3» - 3-5 ұпай
№
Аты - жөні
Блум сұрақтары
Постер дайындау, қорғау
Есептер шығару
Балық қаңқасы
Тест жұмысы
Ұпайы
Баға
1
2
3
4
5
6