7


  • Учителю
  • ҚМЖ 'Материялық нүкте' сабақ жоспары

ҚМЖ 'Материялық нүкте' сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Физика пәнінен 7 сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы:

Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол және орын ауыстыру

Сілтеме:

Күнтізбелік жоспар, слайд,видео.

Сабақтың мақсаты:

Блум таксономиясы арқылы оқушыларға материялық нүкте, қозғалыс траекториясы, жол, орын ауыстыру туралы түсінік алуға, ғылыми ой қортындыларын жасауға , мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, сыни тұрғыдан ойландыруға үйрету, алған білімдерін тиянақтау; оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, практикалық дағдысын қалыптастыру;

Оқытудың мақсаты:


Физика сабағында әр түрлі сұрақтар, тапсырмалар арқылы оқушының функционалдық сауаттылығын арттыруға, салыстыруға, өзіндік бағалау дағдысын қалыптастыруға үйрету.

Міндеті:

Оқушылардың тез ойлау қабілетін дамыту, әртүрлі есептер шығару арқылы ой - өрістерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Оқыту нәтижелері:


  1. 1. Материялық нүкте және траектория, траектория арқылы қозғалысты және жол мен орын ауыстыруды ажырата білу.

  2. 2. Материялық нүкте , жол және орын ауыстыру тақырыптарына берілген тапсырмаларды орындай білу.

Жаттығулар:

  1. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 84-бет(2; 6), 85-бет (3;4)

  2. 11-тапсырма, 4-жаттығу.

  3. Жұмыс дәптерімен жұмыс

Қадамдар:

  1. Блум таксономиясы арқылы оқушыларға материялық нүкте, қозғалыс траекториясы, жол, орын ауыстыру туралы ғылыми ой қортындыларын жасауға білуге ой салу;

  2. Оқулықпен жұмыс.Оқулықтағы тапсырмалар мен жаттығу-ларды орындау;(Жұмыс дәптері бойынша тапсырма орындау)

  3. Жаттығулар орындау. Пікір айтқызу.

Тапсырмалар:

Блум таксономиясы бойынша топқа тапсырма беру

  1. Білу.

  2. Түсіну.

  3. Қолдану.

  4. Талдау.

  5. Жинақтау.

  6. Бағалау.


С а б а қ т ы ң б а р ы с ы :


Мұғалімнің іс - әрекеті:

Оқушының іс - әрекеті:

1. Сыныпты ұйымдастыру.

2.Сабақты бастау. Топқа бөліну. (2мин) Оқушыларды 1,2,3 арқылы топқа бөлемін. Рольдерін анықтаймын. (2мин) Көшбасшыны тағайындау. Топтағы көшбасшыны анықтауға арналған тапқырлық сұрақтар:

1) 70 мин көп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе?

2) Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды.

3) Үш қатарлы лифтісінен еш жеріңді жарақаттамай қалай секіруге болады?(Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулін басшылыққа ала отырып мұғалім мен оқушы арасындағы диалог әдісін қолдандым, білім берудегі басқару және көшбасшылық модулі бойынша топтағы көшбасшысын анықтадым және топ лидері, өзін - өзі бағалаған жауап парағын ескердім)

3. Үй тапсырмасын пысықтау. Өткен тақырып бойынша топқа тапсырмалар беру.

А) «Ыстық картошка» 1. Ғаламшарларды атап шығыңдар?

2. Төменгі ғаламшарларға қандай ғаламшарлар жатады?

3. Жоғарғы ғаламшарларға қандай ғаламшарлар жатады?

4. Н.Коперник теориясы бойынша Әлем құрылысы қандай?

Ә) Жұмыс дәптерлерін толтыру.(білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулі бойынша, сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша диалогтік оқытудың талқылау үлгісін, талантты және дарынды балаларды оқыту модулі бойынша ұшқыр ойлау қабілеті байқалады, топ лидері бағалаған жауап парағын ескеремін) (5 мин)

4. Блум таксономиясы бойынша топқа тапсырма беремін. Жаңа сабақ

1) Білу.Тапсырмаларды орындау арқылы өткен тақырыптарды еске түсіру.Өткен тақырып бойынша сұхбат пікірталасын құру, жаңа сабақты сұрақтар қою арқылы ашу.

Тапсырма: 1. FILA - кестесін толтыру. Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі.

Күн жүйесі құрылысының жобасын алғаш рет дұрыс түсінген Н.Коперник болды. Ол ғасырлар бойы адамдардың санасына ұялап қалған «Жер қозғалмайды» деген жобаны теріске шығарды. Жерді өзге планеталардың қатарына қосып, Жер Күннен үшінші орында болады деді. Сонымен бірге Коперник Жер өз осін айнала отырып, барлық планеталармен бірге кеңістікте Күнді айнала қозғалады деп көрсетті. Ал Ай Күнді емес, Жерді айнала қозғалады деді. Коперник осы идеяны айтқан кезде сол кезеңнің ғалымдары онымен бірден келісе алмады.

Фактілер

Идеялар

Сұрақтар

Іс-әрекет жоспары

1.Күн жүйесі құрылысы.

2.Жер планета.

3.Жер үшінді орындағы планета.

4.Н.Коперник

5.Ғалымдар келіспеді.

-жер қозғалмайды деген түсінікті теріске шығару.

-жер өз осін айнала отырып барлық плане-талармен бірге кеңістікте күнді айнала қозғалады

1.Әлем құрылысы қандай?

2. Коперник теориясының маңызы қандай?

3. Коперник жүйесінің қазіргі кездегі әлем жүйесінен қандай өзгешелігі бар?

1.Коперник өмір сүріп, еңбек еткен кезең туралы мәлімет жинау.

2.Коперник ілімін жақтаушы ғалымдар туралы интернеттен іздеу, толықтыру.

3.Қазіргі әлем құрылысы туралы слайд дайындау.


2) Түсіну. Мысалдар, видео көрсету, слайд арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру. (сыни тұрғыдан ойлау модуль бойынша диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлаудың талқылау үлгісін қолдандым ) (5 мин)

Сергіту сәті: «Жапырақтар сөйлейді» Жапыраққа жазылған сұрақтарға жауап беру.Жұмбақтар шешу.

3) Қолдану.«Ойлан, жұптас, бөліс».Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.84 бет (2;6) , 85 бет (3,4); 11-тапсырма ( білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулі бойынша диалог, топтық әңгімені, сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша диалогтік оқытудың механикалық есте сақтау үлгісі арқылы үнемі сабағымда анықтамаларды қайталап отыру арқылы есте сақтауды анықтаймын, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау модулі бойынша, өзін - өзі бағалаған жауап парағын ескеремін )

4) Талдау. Бекіту: «Топтық жұмыс» Ес картасы арқылы топтар есептер шығару жолдарын талдау.

1. Үйлеріңнен мектепке дейінгі жолдың траекториясын сызыңдар?

2. Бульдозердің қозғалыс траекториясын сызып, жолы мен орын ауыстыруын көрсетіңдер?

3. Мына денелердің қайсысы қисық сызықтың бойымен, қайсысы түзу сызықтың бойымен қозғалады:станция платформасының бойымен қозғалған поезд, метромен жоғары көтерілген адам, тақтайға қағылған шеге, Жердің жасанды серіктері.

5) Жинақтау. Жұмыс дәптерлерін толтыру. Суреттер бойынша сұрақтарға жауап беру.

1) Оқушылар топқа бөлінеді.

2) Оқушылар өздері таңдайды.Көшбасшы бағалайды.


3) Топта бір оқушы шығып жауап береді.

Топ жеке-жеке орындайды, топ басшысы тексереді.

4) Оқушы ойланады.


5) Оқушы есеп шығарады.Топта оқып таныстырады.

6) Есептің шығару жолына талдау жасайды.


7) Топта бір оқушы айтады. Топтар әр түрлі әдістерді пайдаланып тапсырманы постермен қорғайды.

6) Бағалау.

І тапсырма бойынша: Әр дұрыс жазылған нақты жауапқа- 1ұпай

Түйінді ой қосқандар- 2 ұпай

Ойын толық тұжырымдағанда-3 ұпай

ІІ тапсырма: Әр дұрыс жазылған нақты жауапқа -1 ұпай

Түйінді ой қосқанғанға-2 ұпай

ІІІ тапсырма: Әр нақты жауапқа- 2 ұпай

Ойын толық тұжырымдағанда - 3 ұпай

ІV тапсырма: Әр нақты жауапқа- 2 ұпай

Ойын толық тұжырымдағанда - 3 ұпай

Vтапсырма: Әр нақты жауапқа- 2 ұпай

Ойын толық тұжырымдағанда - 3 ұпай

VІ тапсырма: Әр нақты жауапқа- 2 ұпай

9-12 ұпайға -«5» Түйінді ой қосқандар- 2 ұпай

6-8 ұпайға - «4» Ойын толық тұжырымдағанда - 3 ұпай

3-5 ұпайға - «3»

1. Енді бүгінгі сабақта, жалпы осы өткен тақырып бойынша өздеріңді бағалайсыңдар, «Бағдаршам» бойынша. Егер тақырыпты түсінбесең қызыл қағазды алып қызыл бағдаршамға жапсырасың, егер әлі де кейбір сұрақтарға көмек қажет болса сары қағазды алып, сары бағдаршамға жапсырамыз, ал егер тақырыпты жақсы түсінсеңдер жасыл қағазды алып, жасыл бағдаршамға жапсырамыз.


2.Топқа қолдау көрсету арқылы бағалау: Топтардың жауап бергендеріне қарай,әр топ ойлана отырып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

1.Сіздің ойыңызша топтар қалай жауап берді?

2. Сізге бәрінен де ең көп дұрыс жауап беріп, ұнаған топ?

Топ басшылары бағалайды,мұғалімнің бағалауы.

5. Бағалау шкаласы
" 5 " - 9 - 12 ұпай
" 4 " - 6 - 8 ұпай
" 3 " - 3 - 5 ұпай




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал