7


  • Учителю
  • Практикалық сабақ күштердің түрлері

Практикалық сабақ күштердің түрлері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:

Пәні: Физика

7- сынып

Сабақтың тақырыбы: Практикалық сабақ (Күштер тақырыбына саяхат)



Сілтеме

  1. 7 - сынып оқулығы

  2. Физика және астрономия есептер жинағы

Сабақтың мақсаты

  • Топпен бірге бірлесе жұмыс істей отырып, күштер тақырыбын қайталап қорытындылау. Блум таксономиясының кезеңдері бойынша қолданып, талдап, зерттей, бағалай білуге үйрету.

  • Күш тақырыбын өмірмен байланыстыра біліп, өз ойларын сыни тұрғыда ойланып айта білуге дағдыландыру.

  • Топтар арасында өзара ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижие

Күштер тақырыбын топпен бірлесе отырып, қолданып, талдап, зерттеп, анықтап көреді.

Күштердің бір-бірімен байланысын және олардың өмірмен байланысын анықтайды.

Сабақтың түрі

Теориялық және практикалық (аралас) сабақ



Әдіс - тәсілдері

Сын тұрғысынан ойлау, Мерсердің (зерттеушілік әңгімесі), Блум таксаномиясы, топтық және жұптық жұмыс, жеке жұмыстар, «Стоп кадр» әдісі, «Логикалық тапсырма», «Стикермен диалог» әдісі, Суретпен жұмыс, «Мозайка» әдісі



Пәнаралық байланыс

Математика, астрономия, тарих

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті



Ұйымдастыру кезеңі

3-минут



1.Оқушылардың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сабаққа дайындығын тексеру, сабақтың мақсатымен таныстыру. Топтың атын, «Мозайка» әдісін қолдану арқылы табу. Оқушыларға бүгінгі сабақтың топтық жұмыс екендігін түсіндіру. Топ ережесімен, қағидаларымен таныстыру. Әр топтан топ мүшелерін рөлдерге бөлу.









Оқушылар мозайканы құрастыру арқылы өз топтарының атын табады.

Топ ережесінің қағидаларымен танысады. Өз топтары арасында топ мүшелеріне рөлдерді бөліп алады.

Қолдану

3 минут-жұмыс жасау

2-минуттан қорғау-

12 минут

Оқушыларға «Стоп кадр »әдісі бойынша суреттер беріледі. Сол суреттен өз топтарының атына байланысты күштерді таңдап алып, постерге салып қорғайды. Формуласын, ережесін жазып, мысал келтіреді.

Оқушылар сыни тұрғыда ойлана отырып, берілген суреттерді қолданып сол бойынша топпен бірлесе отырып, қорғап шығады.

Талдау

3 минут-жұмыс жасау

2-минуттан қорғау-

12 минут



Топ басшылары келіп партадан тәжірибелік жұмыстарды таңдап алады. Бұл тәжірибелер арқылы қандай күшті анықтауға болады, және ол күштердің бір-бірімен байланысын, талдап салыстырады.

Оқушылар тапсырмаларды теория жүзінде айтып қана қоймай практика түрінде көрсетеді.

Жинақтау

5 минут-есеп шығару

1-минут-тексеру

6-минут

Күштер тақырыбына байланысты есептер беріледі. Жауабы соңынан шығарылады. Оқушылар жұп бойынша алмасып есептерін тексереді.

Практикалық сабақ күштердің түрлеріПрактикалық сабақ күштердің түрлері

Оқушылар өз деңгейлеріне байланысты есептерді шешеді.

Бағалау

3 минут

Топтар арасындағы байланыс бойынша «Стикермен диалог» әдісі қолданылады. Күштер тақырыбын өмірмен байланыстырған сұрақтарды оқушылар стикерге жазып, әр топқа таратып береді. Оқушы мен оқушы арасында диалогтік әңгіме өрбиді.





Сыни тұрғыда ойлана отырып, оқушылар сұрақтарға топ бойынша немесе жеке-жеке жауап береді.





Бағалау

5 минут

Формативті бағалауда доллар арқылы бағалау. Топ басшысына бағалау парағын беріп қою. Өз тобындағы ұпай жинаған оқушыларды белгілеп, бақылап отыру, қорытынды бағаны өзім қоямын.

Кері байланыс ретінде оқушыларға Блум таксономиясының сатыларын белгілету. Практикалық сабақ күштердің түрлері Практикалық сабақ күштердің түрлері Практикалық сабақ күштердің түрлері

Өз қорытынды балдарын шығарады. Оқушылар өздерінің қандай деңгейде тұрғандықтарын жазып, көрсетеді.

Рефлексия

1 минут

«Шеберханаларға саяхат» атты логикалық сұрақтар қойылады.

Практикалық сабақ күштердің түрлері

Оқушылар бүгінгі сабақтан қандай әсер алды, сол жайында суретке қарап өз ойларын айтып берді.

Үйге тапсырма

1 минут

Күштер тақырыбына байланысты өмірмен байланыстырып, физикалық диктант жазып келу.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал