7


  • Учителю
  • Открытый урок по физику на тему Жылу қозғалтқыштары(8 класс)

Открытый урок по физику на тему Жылу қозғалтқыштары(8 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жылу қозғалтқыштары. Іштен жанатын қозғалтқыш.

Сабақтың мақсаты:

а) оқушыларға жылу қозғалтқыштарының түрлері, құрылысы, жүмыс істеу принципі

және олардың пайдасы мен зияны жөнінде түсінік беру, практикада қолданылуымен таныстыру;

б) оқушылардың өз бетінше іздену, жұмыс істеу және танымдық қабілеттерін дамытып, қалыптастыру;

в) оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастырып, пәнге деген қызығушылығын ояту;

Сабақтың түрі: Жаңа ұғымды меңгерту.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар, плакаттар, 4-тактілі қозғалтқыш моделі, электронды оқулық.

Пәнаралық байланыс: технология, химия.

Әдісі: баяндау, проблемалық, СТО элементтері, эссе жазу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. а) оқушыларды түгендеу

б) тренинг өткізу. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бүгінгі сабаққа

барлығы бір - біріне сәттілік тілейді.

в) оқушыларды топқа бөлу - 3 топқа топ басшыларын сайлайды.

2. Үй тапсырмасын сұрау. «Ыстық орындық» арқылы

  1. Термодинамиканың І заңын тұжырымда.

  2. Газ бен будың ұлғайғандағы жұмысы.

  3. Изопроцестер, түрлері.

  4. Изохоралық процес, формуласы.

  5. Изотермалық процес, графигі

  6. Изобаралық процес, графигі

  7. Изопроцестерді ашқан ғалымдар, заңдары.

  8. Термодинамиканың ІІ заңы.

Қай топ сұрақтарға дұрыс жауап бергенін және неше сұраққа жауап бергенін оқушылардың өздері бағалау парағына белгілеп отырады.

Қызығушылықты ояту.

Балалар, үлкен қалаларда, ауылдарда автомобильдердің түрлері көбейіп кетті, барлығы мұнайдан алынатын отынмен жұмыс істейтінін жақсы білесіңдер. Бұлардың пайдасынан гөрі зияны көбейіп отыр. Неге?

Сендер осы автомобильдердің орнына табиғи отынды үнемдейтін, қоршаған ортаны ластамайтын қандай автомобиль түрлерін ойлап табар едіңдер? Автомобильдердің түрлері бізге не үшін қажет?

Ал бүгінгі сабағымызда біз қазіргі таңдағы жылу қозғалтқыштарының түрі іштен жанатын қозғалтқышының шығу тарихы, жетілдірілген түрлерімен, құрылысымен, жұмыс істеу принципімен, халық шаруашылығында қолданылуымен танысып, олардың пайдасы мен зияны туралы мәлімет аласыңдар.

3. Жаңа сабақты түсіндіру. Жылу қозғалтқыштарының ашылу тарихынан

18 ғасырда саяси революциямен қатар жүрген өндірістегі экономикалық революция қолөнер өндірісін завод-фабрикалармен ығыстырды. Фабрикаларға энергия көзі қажет болды, сол мақсатта алғашқы бу машиналары ойлап шығарылды, олар 1690 жылы - француз технигі Д.Папен алғашқы бу машинасын ойлап тапты, ол құрылысы жағынан өте қарапайым еді.

1711 жылы - Т.Ньюкомен өзінің көмекшісі Коулимен бірге шахтадан су тартып шығаруға арналған бу машинасын жасады, ол едеуір кемшіліктеріне қарамастан өндірісте 90-жылдай пайдаланылды.

1763-1766жылы - орыс технигі И.И.Ползунов бу машинасының жетілдірілген түрін жасап шықты.

1784жылы- ағылшын ғалымы Дж.Уаттың жасаған жетілдірілген бу машинасы кеңінен қолданыла бастады.

19 ғасырда сауда-саттық пен өндірістің дамуына байланысты жаңа тасымалдаушы көлікке сұраныс пайда болды.Сол мақсатта өндіріс пен транспортта кеңінен қолдануға болатын әмбебап қозғалтқыштар ойлап шығарылды, олар

1863жылы - Н.Отто бензин мен ауаның қоспасымен жұмыс істейтін алғашқы поршенді қолдан тұтанатын авиациалық мотордың үлгісін жасады.

1871жылы - К.Линде салқындатқыш машинасын ойлап тапты.

1897жылы - неміс технигі Р.Дизель өзі тұтанатын іштен жану қозғалтқышын жасап шықты.

Сонымен, біз қазіргі өмірімізді жылу қозғалтқышсыз елестете алмаймыз, олар бізге арзан электр энергиясын өндіріп береді, жұмысымызды жеңілдетеді және жылдам көлік түрі болып табылады.

Іштен жану қозғалтқышы

Жылу қозғалтқыштарының кең тараған түрі - карбюраторлы іштен жану қозғалтқышы, оның бұлай аталатын себебі жанғыш қоспа цилиндрдің ішінде тікелей жанады.Енді карбюраторлы іштен жану қозғалтқышының құрылысын қарастырайық: поршень, цилиндр, шатун мен кривошип, иінді білік, маховик, қақпақшалар және тұтандырғыш шам.

Қозғалтқыштағы бір жұмыс циклі - поршеннің төрт жүрісі немесе төрт тактісінің ішінде жүзеге асырылады, сондықтан мұндай қозғалтқыштар төрт тактілі деп аталады. Поршень жоғарғы шеткі орыннан төмен қарай қозғалады,оның үстіндегі көлемнің үлғаюынан ауа сирейді.

Осы кезде 1 қақпақша ашылып, цилиндрдің ішіне жанғыш қоспа сорылады.Цилиндр жанғыш қоспаға толған соң қақпақша жабылады. Әрі қарай поршень жоғары қозғалып, жанғыш қоспа сығылады да цилиндрдің ішіндегі қысым 10·106 Па-ға жетіп, ол температураның 16000 -18000 С-ға дейін жоғарылуын тудырады.Екінші тактінің соңында тұтандырғыш шамда ұшқын көрінеді де, жанғыш қоспа от алып, тез жанады.

Келесі тактідіе қоспа жанғанда пайда болған жоғары температура мен қысымдағы газдар поршенге қысым күшін түсіріп, оны төмен қарай қозғайды,ол шатун мен кривошиптің көмегімен маховик пен иінді білікті қозғалысқа келтіреді. Бұл тактіде қозғалтқыш пайдалы жұмыс атқаратындықтан оны жұмыстық жүріс деп аталады. Үшінші тактінің соңында поршень төменгі шеткі нүктеге келген кезде шығару 2 қақпақшасы ашылады,күшті түрткі алған маховик инерциясымен әрі қарай айналып, поршенді жоғары қарай қозғайды,шығару қақпақшасы арқылы газ сыртқа шығарылады.Осыдан кейін процесс қайталанып жалғаса береді. Қозғалтқыш үздіксіз жұмыс істеуі үшін оның білігін арнайы электр қозғалтқыш - стартер арқылы айналдырады. Автокөліктерде көбінесе төрт цилиндрлі іштен жану қозғалтқышы пайдаланылады, цилиндрлердің жұмысы - олардағы жұмыстық жүріс бірінен кейін бірі орындалатындай болып атқарылады.

4. Жұппен жұмыс. Әр топ оқушылары іштен жанатын қозғалтқыш туралы бір қорытындыға келіп, постер арқылы қорғайды. Топ бойынша өз ойларын жеткізе білу керек. Әр топтан 1 оқушының пікірі тыңдалады.

І топ ІІ топ ІІІ топ

5.Қорытындылау. Ой-толғаныс.

Топтастыру стратегиясы бойынша оқушылар қорытынды жасайды.

6.Сабақты бекіту. (Венн диаграммасы)

















Сабақты қорытындылау үшін :Оқушылар өз пікірлерін білдіреді.





6.Үйге тапсырма :

§22-23. Іштен жану қозғалтқышы туралы эссе жазу.

Оқушыларды бағалау. Бағалау парағы бойынша орындалады.

тапсырма







Оқушының

аты - жөні



Үй тапсырмасы

Жаңа сабақ меңгеру

Жұппен жұмыс

Топтастыру

Венн диаграммасы

БҮҮ стратегиясы

Жалпы балл

5

4

3

5

4

3

5

4

3

5

4

3

5

4

3

5

4

3







1

Тажикбаев Нұрбек











































Бағалау парағы

«5» - 15-18 балл «4» - 11-14 балл «3» - 5-10 балл

















Открытый урок по физику на тему Жылу қозғалтқыштары(8 класс)





Дариева Гулдана Джусупбековна

Атырау қаласы, Индер ауданы,

Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің

физика пәнінің ІІ санатты мұғалімі,

тел: +7 778 296 79 82

Открытый урок по физику на тему Жылу қозғалтқыштары(8 класс)



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал