7


  • Учителю
  • 9 сынып Қысқа мерзімді жоспар3

9 сынып Қысқа мерзімді жоспар3

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

1 1

Мерзімі



2

Сынып

9 «А»

3

Тақырыбы

Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар.

4

Мақсаты

Тербелмелі қозғалыс және тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамаларды түсіндіру.

5

Міндеттері


  1. Формулаларды тұжырымдау, оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, теориялық білімді практикада және есеп шығаруда қолдана алуға, бірін - бірі бағалауға дағдыландыру.

  2. Сыныпты топтастыру арқылы ынтымақтастыққа, сыйластыққа тәрбиелеу

  3. Физикалық ұғымдарды есте сақтау қабілетін арттыруына ықпал ету. Физикалық тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

6


Күтілетін нәтижелер


  1. Тербелмелі қозғалыс ұғымын түсінеді.

  2. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалармен танысады.

  3. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамаларға есептер шығарып үйренеді.

7

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер

«Физика және астрономия». «Әдістемелік нұсқау». «Оқыту әдістемесі».

Интернет материалдары

8

Сабақта қамтылатын модульдер

Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс тәсілдер.

Сыни тұрғыдан ойлау.

Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

Оқытуды басқару және көшбасшылық

9

Әдістері

«Топтастыру» әдісі

«Миға шабуыл»

«ДЖИКСО» әдісі

«Постермен» жұмыс

«Интервью парағы» кері байланыс

10

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі 3-мин

  2. Үй тапсырмасын сұрау. «Миға шабуыл» 7-мин

  3. Формулалар топтастыру 3-мин

  4. «ДЖИКСО» әдісі. Оқулықпен жұмыс 5-мин

  5. Есептер шығару. «Деңгейлік есептер» 10-мин

  6. Постермен жұмыс 5- мин

  7. Бекіту. Тест жұмысы 8- мин

  8. Кері байланыс «Инревью парағы»

  9. Бағалу 2-мин

  10. Үйге тапсырма 2- мин

11

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

12

Ұйымдастыру кезеңі


Оқушыларды стикереде жазылған тербелістер, толқындар, период, жиілік бойынша төрт топқа бөлу.


Оқушылар стикерлерді алып төрт топқа бөлінеді.

13

Үй тапсырмасын еске түсіру


«Формулалар топтастыру»


Миға шабуыл

  1. Өткен сабақта қандай тақырыптарды қарастырдық?

  2. Дене импульсі дегеніміз не?

  3. Импульстің сақталу заңы?

  4. Кинетикалық энергия?

  5. Потенциалдық энергия?

  6. Толық энергия?

«Формулалартоптастыру»

Сақталу заңдары

Оқушылар сұраққа жауап бере отырып, ойын жинақтап, тақырыпты етеріне түсіреді.


Өтілген тараудың формулаларын топтастырады.

14


15

16


17

18

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Есептер шығару

Деңгейлік есептер

Сабақты бекіту

Кері байланыс


Үйге тапсырма

Бағалау


  1. Топ

Тербелмелі қозғалыс.

  1. Тербелістер дегеніміз не?

  2. Тербелмелі қозғалысқа мысал келтір?

  3. Гармоникалық тербелістер дегеніміз не?

2-топ

Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар

  1. Тербеліс периоды дегеніміз не? Мысал келтір.

  2. Тербеліс жиілігі дегеніміз не? Мысал келтір.

  3. Тербеліс амплитудасы дегеніміз не?

  1. топ

Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамаларды өрнекте.

  1. Тербелс периоды

  2. Тербеліс жиілігі

  3. Тербелс амплитудасы

  4. Гук заңы

4-топ

Тербелмелі қозғалысқа тәжірибе

Механикалық тербелістер кезіндегі дене қозғалысының сипаттамалары мынадай тәжірибе жасауға болады. Серіппеге ілінген жүкке бояуға батырылған қаламды бекітіп, оның алдына қылқаламның ұшы тиіп тұратындай етіп ақ қағаз парағын ұста. Жүк тербеліс жасағанда қағазды тұрақты жылдамдықпен горизонталь бағытта жылжыт. Қағаз бетіне түскен сызықты түсіндір.


Оқулықпен жұмыс

21- жаттығу

№1 Дененің х координатасының уақытқа тәуелділігінің графигі бойынша тербеліс периодын анықтаңыздар?

№2 График бойынша тербеліс жиілігін анықтаңыздар?


Деңгейлік есептер. Есептерді шығарып болған соң топтар өзара бір дәптерден алмасып келесі топтың есебінің дұрыстығын тексереді.

А деңгей

  1. Торғай қанатының тербеліс жиілігі 10Гц, шыбындыкі 300Гц, масаныкі 450Гц. Олардың қанаттары 1 минутта қанша тербеліс жасайтынын есептеңдер.

В деңгей

1.Дене радиусы 50м шеңбер доғасының бойымен қозғалды. Оның 10с ішіндегі бұрылу бұрышы 1,57радианға тең. Дене қозғалысының сызықтық жылдамдығын жене жүрген жолын тап

  1. Дененің айналу периодын 10с тең деп алып, оынң 10с ішіндегі бұрыштық жылдамдығы мен бұрылу бұрышын есептеңдер.

С деңгей

  1. Радиусы 10см -ге тең дөңгелек қайрақты айналдырғанда, ол 0,20с ішінде бір айналым жасайды. Айналу осінен ең қашық нүктелердің жылдамдығын табыңдар.

  2. Егер автомобильдің радиусы 30см доңғалағы 1с ішінде 10 айналым жасайтын болса, оның қозғалу жылдамдығы қандай?

Постермен жұмыс

Тест жұмысы 8 сұрақ.

Тест жұмысы үй жұмысын және өтілген тақырыптардың барлыған қамтиды.

Интервью парағы


§24, 25 21-жаттығу №3

Бағалау прағы сабақтың басында таратылады. Сарапшылардың қойған бағаларымен ортақ баға қойылады.

Топтар берілген ресурстар бойынша жұмыс жасайды.

Оқулықтағы 21- жаттығуды орындайды.

Деңгейлік есептерді оқушылар деңгейлеріне қарай шығарады.

Есептердің жауаптары бойынша шыққан әріптерден сөз құрастырады.

Тест жұмысын әр оқушы өздері орындайды.

Интервью парағына оқушылар өз жауаптарын жазып толтырады.


Бағалау парағы арқылы сарапшылар бағалап отырады.

Интервью парағы

  1. Мен бүгін.....................................................................................білдім.

  2. Маған............................................................................................қызық болды.

  3. Маған қиын..................................................................................болды.

  4. Мен............................................................................тапсырмалар орындадым.

  5. Енді мен.....................................................................жасай аламын.

  6. Мен ............................................................................үйрендім.


Бағалау парағы

Тегі -

аты

«Миға шабуыл»

Формулалар топтастыру

Ресурстармен жұмыс

Есептер шығару

Постермен жұмыс

Тест жұмысы

Ұпай

Қорытынды баға

1


2


3


4


5


  1. Миға шабуыл

Жауап толық болса -4ұпай, жартылай-3ұпай, жоқ-2 ұпай

  1. Формулалар кестесі

1 қате болса- 1ұпай, 2 қате болса -4 ұпай, 3 немесе 2қате болса -3 ұпай, 5 қате болса -1 ұпай.

  1. Ресурстармен жұмыс 1-ұпай.

  2. Есептер шығару

Барлық есепті шығарса 6- ұпай, 5 есепке -5 ұпай, 4 есепке- 4ұпай, 3 есепке- 3 ұпай,

2 есепке -2 ұпай, 1 есепке-1 ұпай.

  1. Постермен жұмыс. Топпен жұмыс жасауы-3 ұпай.

  2. Тест жұмысы

16-19 ұпайлар аралығы- «5»

9-15 ұпайлар аралығы - «4»

4-8 ұпайлар аралығы- «3»

1-3 ұпайлар аралығы - «2»

1.Дененің бірдей уақыт аралығындағы дәлме-дәл немесе жуықтап қайталап отыратын қозғалысы

А) тербелістер Б) толқындар С) тербеліс жиілігі Д) тербеліс периоды

2. Ығысуда пропорционал және оған қарама-қарсы бағытталған күштің әрекетінен болатын механикалық тербелістер

А) тербелістер Б)гармоникалық тербелістер

С) тербеліс жиілігі Д) тербеліс периоды

3. Дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығы

А) тербелістер Б) толқындар С) тербеліс жиілігі Д) тербеліс периоды

4. Бірлік уақыт ішіндегі тербелістер саны

А) тербелістер Б) толқындар С) тербеліс жиілігі Д) тербеліс периоды

5. Тененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәні

А) тербеліс амплитудасы Б) толқындар

С) тербеліс жиілігі Д) тербеліс периоды

6. Период қалай өрнектеледі

А) T=n/t . T=1/ν Б) T=t/n . T=1/ν С) T=n/t . T=t/ν Д) ν=n/t . T=1/t

7. Тербеліс жиілігі қалай өрнектеледі?

А) ν=n/t . T=1/ν Б) T=t/n . T=1/ν С) T=n/t . T=t/ν Д) ν=n/t . ν=1/Т

8. Гук заңы қалай өрнектеледі

А)A=Xmax Б)A=mg С) F=-kx Д) F=-km



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал