- Учителю
- 9 Сынып Қысқа мерзімді жоспар
9 Сынып Қысқа мерзімді жоспар
Сынып: 9
Сабақтың тақырыбы: Қозғалыс- материяның бөлінбейтін бөлшегі. Материальдық нүкте.
Қозғалыстың салыстырмалылығы.
Сабақтың мақсаты: Қозғалысты, материальдық нүкте және қозғалыстың
салыстырмалылығы туралы түсіндіру.
Міндеттері: 1. Қозғалыс пен материальдық нүкте және қозғалыстың салыстырмалылығы түсіндіру.
-
Оқушының алдына күрделі сұрақ қою арқылы олардың логикалық ойлау қабілетін арттыру. Есте сақтау және қабылдау дәрежесін жетілдіру. Танымдық дағдысын дамытып, іздемпаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
-
Оқушылардың сабақ кезінде қолданылатын қондырғылар арқылы зерек болуға, приборлармен жұмыс істеу арқылы еңбекке деген сүйіспеншіліктерін дамыту.
Күтілетін нәтижелер: кинематика негіздерінің бастамасын біледі. Қозғалыс- материяның бөлінбейтін бөлшегі. Материальдық нүкте. Қозғалыстың салыстырмалылығы туралы білімдерін толықтырады.
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: «Физика және астрономия»,
«Әдістемелік нұсқау», плакаттар, формулалар жиынтығы.
Сабақта қамтылатын модульдер: Сыни тұрғыдан ойлау
Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс тәсілдер
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Оқу мен оқытуда АКТ технологияларды пайдалану
Талантты және дарынды балаларды оқыту
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқыту.
Әдістері: 1. «Топтастыру»
2. «Миға шабуыл»
3. «Мәтінмен жұмыс»
4. «Ойлан тап»
5. «Кері байланыс»
№
Сабақтың кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1
Ұйымдастыру кезеңі
оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу, назарларын сабаққа аудару, сабақ мақсатымен таныстыру. Топтастыру.
Сыныпты топтастыру.
2
Үй тапсырмасын сұрау
«Миға шабуыл»
-
Қозғалыс деген сөздің өзін қалай түсінемі?
-
Қозғалысқа мысал келтіріңдер?
-
Жылдамдық қалай өрнектеледі?
-
Уақыт қалай өрнектеледі?
-
Жол қалай өрнектеледі?
-
Жылдамдық пен уақыттың өлшем бірліктері қандай?
Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, ойларын жинақтап, тақырыпты естеріне түсіреді.
3
Жаңа сабақ
«Мәтінмен жұмыс»
Дене басқа денеге қатысты тыныштықта болғанымен, басқа бір денемен қатысты болады. Сондықтан денелердің тыныштығы да салыстырмалы болып табылады. Демек табиғатта абсолют қозғалмайтын денелердің болуы мүмкін емес, болмайды да. Бізді қоршаған ортадағы үйлер, машиналар, жан-жануарлар, өсімдіктер, су, ауа, дыбыс, жарық, атомдар мен молекулалар, радиотолқындар т.б. ғылым тілінде материя деп аталады. Материяның негізгі қасиеттерінің бірі- қозғалыс. Материясыз қозғалыс, қозғалыссыз материялар болмайды. Қозғалыс- материялық дүниенің айғағы.ендеше табиғат немесе әлем деп отырғанымыз қозғалыстағы материя болып табылады.
Материяның қасиеттерін, оның өзгерістерін зерттеу барысында көптеген физикалық шамалар енгізіледі. Бұл шамалардың арасындағы ең маңызды байлыныстар ашылады да олар математикалық қатынастар арқылы өрнектеледі. Сөйтіп материя қасиеттерін сипаттайтын заңдар тағайындалады.
Топтар өз топтарына берілген мәтіндерді оқып, топпен ақылдасып, өз топтарына берілген мәтіндерді түсіндіреді.
4
Есептер шығару
«Ойлан тап»
№1 Автомобиль 2сағат ішінде 120км жол жүрді. Автомобтльдің жылдамдығы неге тең?
№2 Велосипедші 150м 1,5м/с жылдамдықпен жүрген. Осы арақашықтықты веосипедші жүріп өтетін уақытты есептеңдер.
№3. Велосипедші 5сағат 30мин ішінде 99км жол жүрді. Велосипедшінің орташа жылдамдығын табу керек?
Тесттер жинағынан есептерді оқушылар топтарындағы оқушылармен ақылдаса отырып, есептерді шығарады.
5
Сабақты бекіту
Жаңа сабақ бойынша бекіту сұрақтары.
-
Табиғатта абсолют тыныштықта тұратын дене бола ма?
-
Тыныштықтың салыстырмалы болатынын қандай мысалмен түсіндіруге болады?
-
Ғылымда материя деп нені айтады?
-
Материяны қандай мысалмен түсіндіруге болады?
-
Материяның қасиеттерін сипаттайтын заңдар қалай тағайындалады?
Сұрақтарға оқушылар топтасып та жекелеп те жауап беруге болады.
6
Кері байланыс
Бас бармақ әдісімен алынады.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін қолды көтеру арқылы білдіреді
7
Бағалау
Оқушыларды сабаққа қатысуларына және нақты әрі дұрыс жауап берулеріне қарап бағалау.
.
8
Үйге тапсырма
§1 Қозғалыс- материяның бөлінбейтін бөлшегі. Материальдық нүкте. Қозғалыстың салыстырмалылығы.
4-бет