7


  • Учителю
  • Термодинамика негіздеріне бақылау жұмысы. (10-Сынып)

Термодинамика негіздеріне бақылау жұмысы. (10-Сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

10-cынып бақылау жұмысы.

I нұсқа.

1.Массасы 10кг шойыннан жасалған ыдыстың ішінде температурасы 20℃ ,массасы 4 кг су бар.Осы ыдысқа массасы 2кг

температурасы 200℃ қорғасын салып жібергенде,ыдыстағы тұрақ-

талған температура(үш дене үшін) неге тең болады?(с1=0,54кДж/кг·℃; с2=4,19кДж/кг·℃; с3=0,14кДж/кг·℃; )

2.Жылу машинасының қыздырғышының температурасы 390К,

ал суытқыштың температурасы 300К .Жұмыстық дене бір секундта

қыздырғыштан 60кДж жылу алып отырады.Машинаның пайдалы

әсер коэффициентін және қуатын анықтаңдар.

3.Бір атомды идеал газды изобаралық қыздыру кезінде оның ішкі

Энергиясын өзгерту үшін газға берілген жылу мөлшерінің жұмсалатын бөлігін анықтаңдар.

4.Қорғасыннан жасалған оқ кедергіге тіреліп,160К температураға

дейін қызды. Оқтың кинетикалық энергиясының 26% қыздыруға

жұмсалса, оқтың жылдамдығы қандай болғаны?(с=130Дж/кг·℃)


10-cынып бақылау жұмысы.

II нұсқа.

1.Температурасы t₁=800℃-қа тең болаттан жасалған бөлшекті массасы 2кг, температурасы t2=10℃ майға салып жібереді.Соның

нәтижесінде майдың температурасы =40℃ болды.Бөлшекті майға апарып салғанша оның температурасы ∆t=20℃-қа төмендеген болса,бөлшектің массасы неге тең?( сб=0,15кДж/кг·℃; см=0,45кДж/кг·℃; )

2.Жұмысшы дене қыздырғыштан алған әрбір килоджоуль энергия- сының арқасында 300Дж жұмыс атқарады.Суытқыштың температурасы 290К.Жылу машинасыныңның пайдалы әсер коэффициентін және қыздырғыштың температурасын анықтаңдар.

3.Тұрақты қысымда 4моль көмірқышқыл газы (СО2) 100К-ге қыздырылған.Газдың ұлғайғандағы жұмысын, ішкі энергия өзгерісін және газға берілген жылу мөлшерін анықтаңдар.

4.«Жигули »машинасының бензин құятын багына 46л бензин сияды.Машинаның толық массасы 1355кг.Қозғалысқа әсер ететін үйкеліс коэффициенті 0,05.Егер двигательдің пайдалы әсер коэффициенті 20% болса, осы бензин неше километр жол жүруге жетеді?(q=46МДж/кг; ρ=700кг/м 3)





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал