7


  • Учителю
  • Урок Физика пәнінің үздігі (8 класс)

Урок Физика пәнінің үздігі (8 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 8

Тақырыбы: Физика пәнінің үздігі

Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру. Пәнге қызығушылығын арттыру. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Сайыстың шарттары:

І кезең. Білгенге маржан

ІІ кезең. Сандар сыры

ІІІ кезең. Кім не деді?

ІҮ кезең. Адасқан әріптер

Ү кезең. Қызықты тәжірибелер

Барысы:

І кезең. Білгенге маржан

Бұл кезеңде әр оқушыға 2 сұрақтан қойылады. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

  1. Магниттің күшін қалай жоюға болады? (Сарымсақ пен алмас тастар арқылы)

  2. Пизадағы көлбеу мұнарадан әр түрлі заттарды тастау арқылы еркін түсу үдеуін кім анықтаған? (Галилео Галилей)

  3. Үйкелісті қалай азайтаға болады? (Жанасатын беттерді майлау арқылы)

  4. Үйкеліс неден туындайды? (Бір дене екінші дене бетімен сырғанағанда немесе домалағанда, кедір-бұдырлар бір-бірімен ілініседі де, дене қозғалысын бәсеңдетеді)

  5. Шыбын қабырғамен қалай жүреді? (Бұл бір жағынан үйкеліске байланысты және оның аяқтарында ұсақ ілгіштер болады. Олардың жабысқақ аяқтарының шын құпиясы жүздеген ұсақ, дымқыл түктермен жабылған жұмсақ табандарында)

  6. Энергияның қандай түрлерін білесің? (Потенциалдық, кинетикалық, химиялық, жарық, жылу, электр, ядролық)

  7. Жердегі тіршілік үшін қажетті энергияны қайдан аламыз? (Күннен)

  8. Жылжымайтын тіреуден айнала қозғала алатын қатты дене не деп аталады? (Рычаг)

  9. Ең биік секіру қашан болды? (1960 жылы тамызда, ұшқыш Джозеф Киттенгер (АҚШ) гелиймен толтырылған шармен 31 330 м биіктіктен секірді, бұл Эверест шыңынан 3,5 есе биік)

  10. Ұшу үшін пішіннің қайсысы жақсы? (Қанаттардың ұзын болуы ұшақтың ұшуына тиімді, қанаттардың қысқалығы түрлі қозғалыстар жасауға ыңғайлы )

  11. Шар қабырғаға неге жабысады? (Шарды үйкегенде электрондар шарды теріс зарядпен зарядтайды. Шарды қабырғаға жанастырғанда ондағы электрондарды итеріп, оның бетін оң зарядтайды.)

  12. Найзағай неден болады? (Электр зарядтарынан пайда болатын табиға құбылыс)

  13. Найзағайдың көлемі қандай? (найзағай жарқылының ені небәрі 2-3 см-ді құрайды. Ол сағатына435 км жылдамдықпен зымырай отырып, ауаны 28 000 0С-қа дейін қыздырады. )

  14. Ядроның магниттік қасиеті неше градуста жойылады? (1000 градуста)

  15. Күннің магниттік қасиеті бар ма? (Күннің магниттік қасиеті Жердегіден қуаттырақ)

  16. Қай магниттің магниттік қасиеті күшті? (неодим)

  17. Неодим магниттің магниттік қасиеті темір магниттен неше есе артық болады? (20)

  18. Жылуды бір денеден екінші денеге берудің неше тәсілі бар? (3)

  19. Неге металл суық, ал ағаш жылы болады? (Жылуды нашар өткізетін заттар ұзағырақ сақталады)

  20. Жылу мұзтауда көп бола ма, әлде бір кесе шайда ма? (Бір кесе шайдың температурасы мұзтау температурасына қарағанда жоғары, бірақ мұзтауда жылу көбірек, өйткені оның атомдар саны көп)

  21. Ашық ғарыштағы температура неше градус болады? (-270)

  22. Ауа неше градуста сұйыққа айналады? (-196)

  23. Жердегі ең суық ауа райы (-89)

  24. Темір неше градуста балқиды? (1538)



ІІ кезең. Сандар сыры

1. 354-322 ж.ж. (Аристотелдің өмір сүрген жылдары)

2. 1507 (Н. Коперниктің әлмнің кіндігі Күн, Жер Күнді айнала қозғалады деген пікір айтты)

3. 1590 (Г. Галилей Пизадағы көлбеу мұнарадан шарларды тастап, тәжірибе жасады)

4 1609 (Алғашқы телескоп ойлап табылды)

5. 1642 (Галилей үй тұтқынында отырып қайтыс болды)

6. 1817 («Денни Хорс» деп аталатын әлемдегі алғашқы велосипед ойлап табылды)

7. 1872 («Өрмекші велосипед» жасалды)

8. 1960 (ұшқыш Джозеф Киттенгер (АҚШ) гелиймен толтырылған шармен 31 330 м биіктіктен секірді)

9. 287-212 ж (Архимедтің өмір сүрген жылдары)

10. Б.з.д. 240-жыл (Әлемнің кіндігі Жер деген пайымдау айтылды)

11. 1700 (ғалымдар статикалық электрдің қуатты ұшқынын тудыратын машиналарды қалай жасау керектігін ойлап тапты)

ІІІ кезең. Кім не деді ?

1.Әр адамның бойында білімге деген құштарлық бар. (Аристотель)

2.Шындықтың бәрі ашылғаннан кейін түсінікті; мәселе олардың ашылуында. (Галилей)

3.Егер мен қандайда бір жаңалыктар ашсам, ол таланттың емес, төзімді ықылас танытуымның ғана арқасында мүмкін болды. (Ньютон)

4.Егер табиғат заңдылықтарына қайшы келмесе, әділдіктен асқан нәрсе жоқ. (Фарадей)

5.Жасалған нәрсені ешкім байқамайды, бәрі тек әлі жасалып бітпеген нәрсені көреді. (Кюри)

6.Егер дәйектер теорияға сәйкес келмесе, онда дәйектерді өзгертіңдер. (Эйнштейн)

7.Бүкіл ғылымды физикаға және марка жинауға бөлуге болады. (Резердфорд)

8.Біздің материалдық денелер және күштер деп қарастыратындарымыз - тек кеңістіктің болмысы мен құрылымы. (Шредингер)

9.Ғылымда әркім бұған дейін беймәлім болып келген нәрсені түсінсін деген ниетпен адамдарға жеткізгісі келеді. (Дирак)

10. Өзінің табысына шаттанып «Эврика» деп айқайлаған ғалым кім? (Архимед)

11. Ол адамдадан көңілі қалып, көп уақытын жалғыз өткізеді. Мектепте достары да көп болмады. Бос уақытында ойыншықтар құрастырумен шұғылданды. Әсіресе оның кішкентай жел диірмені балаларды ғана емес, үлкендерді де таңдандырды. Бұл пікір кім туралы айтылған? (Ньютон)

ІҮ кезең. Адасқан әріптер

  1. етрмаяи

  2. неитгмамз

  3. атицваргя

  4. апнса рфесаыс

  5. ышөрентқпа

  6. мнэспрекиет

  7. рицняие

  8. селкоетп

  9. ійсекүл

  10. олидпвесе

  11. янегриэ

  12. джыдлақмы

  13. ажй имхазмне

  14. ыагчр

  15. траысылт

  16. еэртолкн

  17. кравк

  18. ярод

  19. окневцяик

  20. уенсуллеә

Ү кезең. Қызықты тәжірибелер

1. Тиынды судан алу

Тәрелкеге су құйылып, ішіне тиын салынады. Осы тиынды қолыңды суға салмай алу керек. Қағаз, стакан, шырпы беріледі.

2. Секіргіш адам

Жұқа қағаздан қиылған адам бейнелері және үрленген шар беріледі. Шарды 30 секундтай шаштарыңа үйкеңдер, содан кейін фигураларға жақындатыңдар. Не байқадың?

3. Сиқыр жылан

Жұқа қағаз бетіне спиралдың суретін салып, қиып алыңдар. Пластмасса қаламсапты шаштарыңа үйкеп, спиралдың ортасына жақындатыңдар да, жоғары қарай көтеріңдер. Не болғанын айтып беріңдер.

4. Суықтай қайнаған су

Қажетті құралдар: қол сүлгісі, таза стакан, резеңке.

Қол сүлгіні суға малып, оны сығып ал. Стаканды шетіне дейін сумен толтыр. Оның бетін қол сүлгісімен жауып орап, резинкамен бекіт. Орамалдың ортасын суға 2-3 см түсетіндей етіп қолмен батыр. Стаканды көтер де, оның түбінен ұстап төңкер. Екінші қолмен орамалдың астынан ұста. Бос қолыңмен стаканның түбін қағып-қағып қой немесе стканды төмен сілкіп жібер. Не байқадың?

5. Жұмыртқа суда жүзе ала ма?

1. Суы бар стаканға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал. Не байқадың?

2. Жұмыртқаны судан алып, стаканға 5 қасық тұз салып, ерігенше араластыр. Содан соң жұмыртқаны суға сал. Не байқадың?





ҮІ. Қорытынды

Сайыс қорытындыланып, жеңімпаз анықталады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал