7


  • Учителю
  • Физика сабақ жоспары МКТ негізгі қағидалары

Физика сабақ жоспары МКТ негізгі қағидалары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ тақырыбы: § 4.1. МКТ негізгі қағидалары және оның тәжірибелік дәлелдемелері.

Сабақ мақсаты:

  • Оқушыларға жылулық қозғалыс, броундық қозғалыс, МКТ негізгі қағидалары, диффузия, Штерн тәжірибесі туралы түсінік беру.

  • Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

  • Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеомагнитафон.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Тест жұмысының қорытындысы.

ІІІ. Жаңа сабақ.

МКТ негізгі қағидалары:

1. Барлық денелер микро бөлшектерден тұрады.

2. Денедегі микробөлшектр үздіксіз және хаосты қозғалады.

3. Денедегі микробөлшектер бір-бірімен өазара әсерлеседі.

МКТ негізгі қағидаларын дәлелдейтін тәжірибелік деректерді келтірейік:

  1. Заттардың бөлінгіштігі. Осы кезде заттың физикалық және химиялық қасиеттері өзгеріссіз қалады.

  2. Газдардың сығылғыштығы. Бұл дене молекулаларының арасында үлкен қашықтықтардың болатынын көрсетеді.

  3. Газдың кез келген көлемді алатыны. Бұл дерек молекулалардың қозғалыста болатынын, сонымен қатар олардың арасындағы қашықтардың өзгеріп отыратынын білдіреді.

  4. Еселік қатынастар заңы. Бұл заң бойынша кез келген химиялық қосылыстар пайда болғанда реакцияға түсеьін заттардың массалары өзара қатынаста болады. Бұл денелердің атомдардан тұратынын көрсетеді.

  5. Газдың өзі тұрған ыдыстың қабырғасына қысым түсіруі. Бұл молекулалардың қозғалыста болатынын көрсетеді.

  6. Диффузия - бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулааралық кеңістікке еніп кетуі.

  7. Молекулаларды электрондық мкроскопта немесе иондық проекторда бақылау.

  8. Болат цилиндрге құйылған майды қатты қысқанда май цилиндрдің сыртына тамшылап шағып, ал цилиндрдің өзі болса бүтін күйінде қала берген. Бұл молекулалардың арасында кеңістіктердің барлығын, яғни дененің тұтас болмайтынын көрсетеді.

  9. Беттері әдейілеп тегістеліп, бір-бірімен түйістірілген екі қорғасын цилиндрдің бір-біріне жабыса қалуы. Бұл жағдайда екі цилиндр біртұтас тәрізді көрінеді. Егер цилиндрді бекітіп қойып, екінші цилиндрге жүк ілетін болсақ, онда цилиндр бір-бірінен ажырамайды.

  10. Денелердің беріктігі денедегі микробөлшектердің өзара тартылатынын білдіреді.

  11. Денелердің серпімді деформациялық қасиеттері де дененің микробөлшектерінің арасында өзара әрекеттесу күштерінің бар екендігін көрсетеді.

  12. Броундық қозғалыс дегеніміз - сұйықта немесе газда қалқып жүрген қандай да бір қатты заттың өте ұсақ бөлшектерінің сұйық немесе газ молекулаларының соққыларының әрекетінен бейберекет қозғалуы. Физика сабақ жоспары МКТ негізгі қағидалары

13. Молекулалардың жылдамдықтарын анықтау үшін 1920 ж неміс ғалымы

О. Штерн тәжірибе жасады.





Штерн тәжірибесі.

Физика сабақ жоспары МКТ негізгі қағидалары

Физика сабақ жоспары МКТ негізгі қағидалары









IV. Пысықтау.

  1. МКТ теорияның негізгі қағидалары.

  2. Қандай мысалдар молекулалардың бар екенін дәлелдейді?

  3. Денедегі молекулалардың үздіксіз, хаосты қозғалыста болатынын дәлелдеңдер.

  4. Броундық қозғалыс дегеніміз не?

  5. Диффузия дегеніміз не?

  6. Штерн тәжірибесін баяндап беріңдер.

VІ. Үйге тапсырма. §4.1.

VІІ. Бағалау. Қорытындылау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал