7


  • Учителю
  • Поурочный план на казакскому языку на тему 'Деформация' (7 класс)

Поурочный план на казакскому языку на тему 'Деформация' (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


БҚО, Казталов ауданы, Жас ауылы

Жас негізгі жалпы білім

беретін мектебінің

Физика пәнінің мұғалімі

Жетписова Улдай Галимовна

87113826220


Күні: 11.12.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Күш.Деформация.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Өтілген сабақ материалдарын еске түсіре отырып, дененің жылдамдығы басқа денелер әсер еткенде өзгеруі тек дене массасына ғана емес, сонымен қоса күштің әрекетінен де өзгеретінін, дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі, олардың түрлері туралы ұғымдарды түсіндіру.
2. Тәрбиелік: Күнделікті өмірден мысалдар келтіру арқылы оқушылардың физика тілінде сөйлей білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушыларды терең ойлауға, ғылыми ой қозғауға баулу, ой - өрістерін дамыту.
Сабақтың типі: ЖБХ

Сабақтың түрі: кіріктірілген

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау

Пәнаралық байланыс: математика, дене тәрбиесі, қазақ әдебиеті

Сабақтың көрнекілігі: кір тасы, топшама, сөзжұмбақ, И.Ньютон портреті


Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үйтапсырмасын тексеру.

§ 20-21. Физикалық диктант

ІІІ. Өтілгенді пысықтау. (сәйкесін тап)


Реті

Физикалық шама

Белгіленуі

Өлшем бірлігі

1

Жол

P

с

2

Жылдамдық

m

М3

3

Уақыт

V

кг

4

Масса

S

м

5

Көлем

t

Кг/м3

6

Тығыздық

V

м/с


IV. Жаңа сабақ.(оқушылардан күш туралы мақал-мәтелдер сұрау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу)

Күш-атасын танымас.

Көптің күші бірлікте.

Күш - денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.

Әртүрлі денеге әртүрлі күш түсіреміз. Демек, күштің сан мән көп те, аз да болуы мүмкін.

Күш сандық мәнімен және бағытымен сипатталатын физикалық шама болып табылады.

Күшті Ғ әрпімен белгілейміз.

SІ жүйесінде күш бірлігіне ньютон (Н) алынған. 1Н - тыныштық күйіндегі массасы 1 кг денеге 1 с ішінде 1 м/с жылдамдық беретін күш. Бұдан үлкен күш бірлігі - килоньютон (кН) да қолданылады. 1кН = 1000 Н.

Дене пішінің немесе өлшемдерінің өзгеруін дефомация (латынша деформация - өзгеру) деп атайды. Деформацияның 2 түрі бар:

  1. Пластикалық деформация

  2. Серпімді деформация

Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін, дене өзінің бастапқы пішіні мен өлшемін өзгертетін болса, мұндай деформация пластикалық деп аталады.

Серпімділік күші-дененің деформациялануы кезінде пайда болатын күш және деформациялану кезінде ол дене бөлшектерінің ығысу бағытына қарама-қарсы жаққа қарай бағытталған. Ғ серп

V. Спорттық жарыс. (Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Аралбаев Ж)

1. Қол күші

2. Кір тасын көтеру

VI. И.Ньютонның математикаға қосқан үлесі.(Математика пәнінің мұғалімі Алмахова М)

VII. Бекіту. (Мына сөзжұмбақ шешкенде ерекшеленген тор көзде табиғатта болып жатырған құбылыстарды зерттейтін ғылымның аты шығады.).

1. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі не деп аталады? деформация

2. Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін, дене өзінің бастапқы пішіні мен өлшемін өзгертетін болса, мұндай деформацияны қалай атаймыз? пластикалық

3. Латынша деформация қандай мағына береді? Өзгеру

4. Күш бірлігін кімнің құрметіне берген? Иссак

5. Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама? Күш

6. күшті өлшейтін құрал? Динамометр

VIII. Үйге тапсырма.

§ 25-26 оқу. Ережелерді жаттау

IХ. Қорытынды.Бағалау.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал