- Учителю
- «Үйкеліс күші. Ауырлық күші. Заттың тығыздығы» тақырыптары бойынша өздік жұмыс (7-сынып)
«Үйкеліс күші. Ауырлық күші. Заттың тығыздығы» тақырыптары бойынша өздік жұмыс (7-сынып)
Пән: Физика.
Сынып: 7
Сабақтың тақырыбы: «Үйкеліс күші. Ауырлық күші. Заттың тығыздығы» тақырыптары бойынша өздік жұмыс
Сабақтың мақсаты: Проблемалық жағдайлар туғызу арқылы өзіндік тапсырма орындау барысында оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін дамыту
Сабақтың міндеттері:
1. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ізденістерін дамыту.
2. Өз беттерінше, жеке жұмыс жасауға дағдыландыру.
3. Дәстүрлі емес сұрақтарға нақты жауап беру.
А-деңгей:
-
Ұшақ ұшар алдында, сондай-ақ қонар алдында жолаушылар неліктен қауіпсіздік белдеуін байлауға тиіс?
-
Үстел үстінде кітап жатыр. Ол қандай денелермен өзара әсерлеседі? Неліктен кітап тыныштықта тұрады?
В-деңгей:
-
7,3 г/см3-ты кг/м3-пен өрнектендер.
-
Қайсысы неғұрлым инертті және неліктен болып келеді, массасы 100 кг тас немесе 10 кг ағаш білеуше?
-
күйінде алюминийдің тығыздығы 2700 кг/м3, ал сұйық күйінде 2380 кг/м3. Алюминий тығыздығыныың осындай өзгерісі неде?
С-деңгей:
-
Егер оң жақтағы арбаның жылдамдығы массасы 450 г сол жақтағы арбаның жылдамдығына қарағанда 1,5 есе артық болса, онда оның массасы қандай болғаны?
-
Массасы 240 г бос мензуркаға көлемі 75 м3 сұйық құйылған. Сұйығы бар мензурканың массасы 375 г. Мензуркаға қандай сұйық құйылғанын анықтаңдар.
-
Карерьде тәулігіне 5000 м3 құм қазып алынады. Осы құмды тасу үшін жүк көтергіштігі 20 т қанша құм тиейтін жайдақ вагон қажет болады?
-
Биіктігі 20см, ені 12 см, қалыңдығы 3 мм алюминий қаңылтырдан "Н" әріпін қиып алды. Әріп сызықтарының ендері бірдей - 4 см-ден. Осы әріптің массасы қандай? алюминий2,7 г/см3
-
Көлемі 0,4 м3 қорытпа мыс пен 750 кг мырыштан жасалған. Қорытпаның тығыздығы қандай? мыс8900 кг/м3. мырыш7100 кг/м3.
Өздік жұмысының жоспары:
Критерийлер
Максималды ұпай
А
А (Әлемнің біртұтастығы)
Оқушы ғылымның қоғамдағы рөлін демонстрациялайды, оның қоршаған әлемдегі, техникадағы, тұрмыстағы маңызын көрсетеді
2
В
В (Коммуникация)
Оқушы шартты белгілерді, ғылыми терминдерді сәйкесінше қолдана отырып, ақпаратты жеткізе алады
3
С
С (Ғылыми білім және түсінік)
Оқушы алған білімдерін стандартты және өзгермелі жағдайларда қолдана алады
21
Бағалау жұмысының шкалалары:
Критерий
Тапсырма
Ұпай
Тексерілетін элемент
Тапсырмаға беріле тін ұпай
А
№ 1
0
Оқушы төмендегі критерийлердің ешқайсысын орындамады
2
1
Оқушы инерция құбылысын түсіндіріп берді
№2
0
Оқушы төмендегі критерийлердің ешқайсысын орындамады
1
Оқушы дененің әсерлескен денелерін көрсетті және тыныштық күйінің себебін түсіндірді
В
№ 3
№ 5
0
Оқушы төмендегі критерийлердің ешқайсысын орындамады
3
2
Оқушы дененің тығыздығын ХБЖ-не түрлендіре алды және тығыздыққа арналған сұраққа жауап берді
№4
0
Оқушы төмендегі критерийлердің ешқайсысын орындамады
1
Оқушы инертті денені анықтай алды
С
№ 6
0
Оқушы төмендегі критерийлердің ешқайсысын орындамады
4
2
Оқушы есепті дұрыс ресімдеді және өлшем бірліктерді ХБЖ-не дұрыс айналдырды
1
Оқушы есепті шығару формуласын дұрыс жазды
1
Оқушы есепті шығарды, екінші арбаның массасын анықтады
№ 7
0
Оқушы төмендегі критерийлердің ешқайсысын орындамады
4
2
Оқушы есепті дұрыс ресімдеді және өлшем бірліктерді ХБЖ-не дұрыс айналдырды
1
Оқушы есепті шығару формуласын дұрыс жазды
1
Оқушы есепті дұрыс шығарды, дененің тығыздығын анықтау арқылы сұйықтың түрін дұрыс тапты
№ 8
0
Оқушы төмендегі критерийлердің ешқайсысын орындамады
4
2
Оқушы есепті дұрыс ресімдеді және өлшем бірліктерді ХБЖ-не дұрыс айналдырды
1
Оқушы есепті шығару формуласын дұрыс жазды
1
Оқушы есепті дұрыс шығарды, құмды тасу үшін қажетті вагондар санын анықтады
№ 9
0
Оқушы төмендегі критерийлердің ешқайсысын орындамады
4
2
Оқушы есепті дұрыс ресімдеді және өлшем бірліктерді ХБЖ-не дұрыс айналдырды
1
Оқушы есепті шығару формуласын дұрыс жазды
1
Оқушы есепті дұрыс шығарды, «Н» әрпінің массасын дұрыс тапты
№ 10
0
Оқушы төмендегі критерийлердің ешқайсысын орындамады
4
2
Оқушы есепті дұрыс ресімдеді
1
Оқушы есепті шығару формуласын дұрыс жазды
2
Оқушы есепті дұрыс шығарды, қорытпадағы әрбір заттың көлемдерін анықтай алды
БАРЛЫҒЫ:
26
Бағалау парағы:
Критерийлер бойынша ұпайлар
Ұпайлардың қосындысы
Баға
А
В
С
Ұпайларды бағаға аудару парағы:
Жинаған ұпайлар саны
Баға
22-26
«5»
16-21
«4»
11-15
«3»
0-10
«2»