7


  • Учителю
  • Конспект по физике'Термодинамиканың 1-заңы' 8-сынып

Конспект по физике'Термодинамиканың 1-заңы' 8-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Термодинамиканың І, ІІ заңдары. Жылу мөлшері

Жарияланды Категориясы:

Сабақтың мақсаты:
- Термодинамиканың І, ІІ бастамаларының заңдылықтарын, жылу мөлшерінің шамасын, физикалық мағынасын білу. Есеп шығарудағы басты формулалардың негізін, қолданысын білу;
- Іскерліктерін, өз бетімен еңбектенуін, есте сақтау, ойлау, сөйлеу, ауызша, жазбаша есептеу қабілеттерін дамыту;
- Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын жан - жақты арттыру, ойын қабілетін дамыту. Еңбекке баулу, жауапкершілікке, мақсатына жете білуге тәрбиелеу:
Сабақтың түрі: Практикалық
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: МОТ - ның кейбір элементтері, ДСОТ - ның элементтері. Эвристикалық, практикалық, иллюстративті, проблемалық ахуал.
Сабақта пайдаланылатын әдебиеттер:
1. «Физика» оқулығы 10 сыныпқа арналған Ұ Башарұлы
2. «Физика» оқулығы 10 сыныпқа арналған Б. Я. Мякишев
3. «Физика есептер жинағы» В Рымкевич
4. «Сборник задач по физике» В. Дымкович
Сабақтың структурасы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Топтастыру стратегиясы бойынша «Жылу туралы не білеміз?»
3. Қайталау оқу - анасы (миға шабуыл)
4. Ойлау мен есептеу логикалық ойлаудың негізі ( тақтамен жұмыс, есептер шығару)
5. Зерделі сұрақ - дәлелді жауап «Алдар көсе өмірінен дерек»
6. Қатесі бар физикалық диктант
7. Ұлы ғалымдар зертханасында
8. Мақал мәтел физикамен байланыс
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа ынтасын аударып: «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәрі үшін»- деген ұранмен топты үш топқа бөлемін.
Тапқырлар
Жүйріктер
Алғырлар
1. Топтастыру стратегиясы бойынша «Жылу туралы не білеміз?»
2. Қайталау оқу - анасы (миға шабуыл)
Тапқырлар тобына
Авогадро саны неге тең?
Термодинамикадағы жұмыс?
Термодинамиканың бірінші заңы?
Изотермиялық процесте не тұрақты?
МКТ ның бірінші қағидасы?
Нютонның бірінші заңы?
Жүйріктер тобы
Больцман тұрақтысы?
Жылу Мөлшері?
Термодинамиканың екінші заңы?
Изобаралық процесте не тұрақты?
Нютонның үшінші заңы?
Температура деп?
Алғырлар тобы
Универсал газ тұрақтысы?
Ішкі энергия?
Изохоралық процесте не тұрақты?
МКТ қағидалары?
Заттың үш күйін ата?
Кристалл денелер деп?
3. Ойлау мен есептеу логикалық ойлаудың негізі Тақтамен жұмыс.
№626 есеп
Массасы м газ Т ге изобаралық күйде қыздырылады. Газдың істеген жұмысын, жылу мөлшерін, ішкі энергиясын анықта
Тапқырлар тобына
1) м=0. 51кг (азот)
u=3mRT2M
U=43. 37*10 Дж
Т=81К
A=U - Q
A= - 6. 59 Дж
c=1. 05кДж (кг*К)
Q=cmt
Q=36. 78*10 Дж
Жүйріктер тобы
2) м=0. 066кг (сутег)
U=97. 9 Дж
Т=238К
A=- 126. 72 Дж
c=14. 3кДж (кг*К)
Q=224. 62 Дж
Алғырлар тобы
3) м=0. 31кг (Ауа)
U=3597. 6 Дж
Т=27К
A=3551. 5 Дж
c=1. 01кДж (кг*К)
Q= 8. 45 Дж
4. Зерделі сұрақ - дәлелді жауап.
«Алдар көсе өмірінен дерек»
Бірде Алдар көсе байдың үйіне қонақ болыпты. Дастархан басына мәзірлер дайындап жатқан келіншек дастарханға бауырсақты темірден жасалған ыдысқа салып әкеліп былай деген екен:
- Бауырсақ тез суымасын деп темір ыдысқа салып әкелдім.
Алдар көсенің жауабы қандай болды деп ойлайсыздар?
Жауабы: Алдекең темір ыдыс емес ағаш ыдысқа салсаң бауырсағың суымайды деп жауап қатқан екен. Бұл заттың жылу өткізгіштігіне байланысты болып тұр.
5. Қатесі бар физикалық диктант
Нютонның 4 заңы бар 0
Денелердің жылулық күйін сипаттайтын шаманы температура дейміз 1
Заттың үш күйі бар 1
Ауа ылғалдығын өлшейтін құрал термометр 0
Массаның өлшем бірлігі килограмм 1
Жылу берілу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы жылу мөлшері дейміз 1
Температураны термометр мен өлшейді. 1
Броуындық қозғалыс жылулық қозғалыс 1
Ішкі энергияның өлшем бірлігі Джоуль 1
Изотермиялық процесте қысым тұрақты 0
Авогадро тұрақтысы 1. 38*10 тең 0
Қатты денелер пішінін көлемін сақтайды. 1
Молекулаларының әсері аз болатын газ идеал газ д а 1
Өз сұйығымен динамикалық тепе теңдіктегі газ идеал газ д а 0
Дене пішінін көлемін өзгерту деформация д а 1
011011111001101
7 Ұлы ғалымдар зертханасында
Үйге берілген тапсырма бойынша оқушы тәжірибе жасайды.
Тәжірибе жасау және оны себебін түсіндіру
Қажетті жабдықтар: Тарелка, су, ине, тиын стакан, май, шырпы, қағаз
1. Тарелкаға су құйып, оған тиын салып, қолды ылғалдамай тиынды алу қажет
2. Ине мен тиынды су бетіне қалқытып көр де себебін түсіндір
Стакан ішіндегі түтін атмосфералық қысымды азайтады. Нәтижесінде су қысымы азайған жаққа бағытталады.
Металл нәрселердің суда қалқып жүретін себебі, оларды қолымызбен ұстаймыз, тиынға, инеге қолдың майы жұғып, су жұқпай қалады. Сұйықтың кері итеруші күші де ине мен тиынды батырмауға көмектеседі. Инені жоғары итеретін күш оның өзі ығыстырған судың салмағына тең.
8. Мақал - мәтел физикамен байланыс
«Көсеу ұзын болса, қол күймейді» мақалының қандай құбылысқа сәйкес келетінін табу, сол құбылысты сипаттайтын мақал - мәтелдер айту
(мақал жылу өткізгіштікке сәйкес келеді. Көсеуді металдан жасайды, металдың жылу өткізгіштігі жоғары. Көсеу қысқа болса, жылу көсеудің қызған бөлігінен суық бөлігіне тез беріледі де, қолды күйдіреді )
- Тонның жылуы терісінен емес жүнінен
- Қол жұмылмай жылынбайды
- Нан піскенше күлше күйеді
- Астарлы шапан тоңдырмас
Сабақты бағалау
Топ бойынша бағалау жүргізіледі. Ұпай сандар бойынша.
Үйге тапсырма:
- Термодинамиканың І, ІІ заңдары. Жылу мөлшері конспектіні толықтыру
- Р Клаузиус, Д Джоуль, Р Майер өмірлерінен деректер жинау.
- Термодинамика негіздеріне сөзжұмбақ құрастыру
Қорытынды





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал