- Учителю
- Нүктенің шеңбер бойымен қозғалысы
Нүктенің шеңбер бойымен қозғалысы
сабақ ____________________
Сабақтың тақырыбы: Нүктенің шеңбер бойымен қозғалысы.
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік мақсаты: Дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын түзу сызықты қозғалыспен салыстыра отырып, білім дағдысын қалыптастыру.
-
Дамытушылық мақсаты: табиғаттағы қисық сызықты қозғалыстардың кең тараған түрі -дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын физикалық шамалар арқылы сипаттау.
-
Тәрбиелік мақсаты: Есеп шығаруда есептің мазмұнын түсініп, формулаларды дұрыс пайдаланып, шеңбер бойымен қозғалысты зерттеуге дағдылану.
Сабақтың түрі: Аралас сабак.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Тірек конспектісін оқу, баяндау; сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекіліктері: плакат , маховик немесе айналу осі бар диск.
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу; (жағымды атмосфера қалыптастыру)
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Студенттердің назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ. ДК.Жаңа материалды ашып, меңгерту:
Жетелеуші сұрақтар:
1. Қозғалыстың қандай түрлері бар?
2. Үдеу дегеніміз не?
3. Орын ауыстыру дегеніміз не?
4. Түзусызықты қозғалысты қалай түсіндіреміз?
5. Жылдамдықтың қандай түрлерін білеміз?
Жаңа материалды меңгерту:
-
Дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысына мысалдар келтіру және қозғалысты сипаттайтын физикалық шамалар ендіру.
А) R-радиус вектор t уақыт ішінде бұрышқа бұрылса бұрыштық жылдамдықтың формуласын аламыз.
Ә) Т-айналу периоды ішінде 2 бұрышына бұрылады, онда
Б) -айналу жиілігі , өлшем бірлігі 1Гц=с-1.
В) сызықтық жылдамдық. Бағыты сол нүктеге жүргізілген жанама бойымен бағытталады яғни, шеңбердің әр нүктесінде сызықтық жылдамдықтың бағыты өзгеріп отырады.
Г) центрге тартқыш үдеу. Бағыты шеңбердің центріне қарай бағытталады.
-
Шеңбер бойымен бірқалыпты айналмалы қозғалысы кезінде радиус вектор бірдей уақыт ішінде бірдей артық бұрышқа бұрылып отырады.
-
Практикалық түрде корсетіп маман ретінде қаншалықты меңгеру керек екенін түсіндіру.
-
Демонстрациясын көрсету.
ІV. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту:
Түзу сызықты қозғалыс пен айналмалы қозғалыстың кинематикалық шамаларының арасындағы ұқсастықтар кестесін оқып, талдау. Венн диаграммасын қолдану.
Б.Б.Ү- толтыру.
Сәйкестендіру орындау: шама және өлшем-бірлік
VІ. ДК. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру: Есеп шығару. 2-жаттығу
1,2,3-ші топтарға есептерін бөліп беріп, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырам. Деңгейі төмен студенттер жоғары студенттермен біріге отырып жұмыс жасайды.
VII.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: § 1.7. 2-жаттығу 2-4 есептер.