7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі. Бірліктердің халықаралық жүйесі. Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу.

Сабақ жоспары Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі. Бірліктердің халықаралық жүйесі. Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ № 7 Пәні: физика Сынып 7 Күні: 29.09.16.

Пән мұғалімі: Абдрахманова А. О.

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: §7. Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі. Бірліктердің халықаралық жүйесі. Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты:

Дәлдігі мен аспап шкаласы бөлігінің құнымен байланыстылығы, өлшеулер жаңылысы, өлшемдердің метрлік жүйесі, сандардың стандартты түрі туралы түсінік алуға жағдай жасау.



  1. Дамытушылық мақсаты:

Сабақты өмірмен байланыстыра отырып, шығармашылыққа баулу, оқушылардың ой-өрісін дамытуға, өз бетімен ізденуге, қорытынды жасауға, өзін-өзі бағалап, сын көзбен қарауға машықтандыру.

  1. Тәрбиелік мақсаты:

Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:

жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Әңгіме, кітаппен жұмыс, жаттығулар орындау.

Сабақтың көрнекіліктері:

плакаттар, суреттер, үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: (2 минут)

Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.



ІІ. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар мен тапсырмалар: (10 минут)

  1. Физикалық теорияның негізгі қызметі қандай?

  2. Физиканың ең іргелі теориялары қандай?

  3. МКТ негізгі теориясының негізгі қағидалары қандай?

  4. Физикалық шаманың мәні дегеніміз не?

  5. Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз не?

  6. Физикалық шамаларды өлшейтін қандай аспаптарды білесіңдер?



ІІІ.Жаңа сабақ. (10 минут)

Өлшеу қатесі: абсолют, салыстырмалы.

Аспаптардың көмегімен дұрыс орындалған өлшеулердің ең үлкен жаңылысы аспап бөлігі құнының жартысына тең. Өлшеудің тура және жанама тәсілі болады. Өлшеулердің метрлік жүйесі: ұзындық бірлігі - метр, масса бірлігі - килограмм, уақыт бірлігі - секунд т.б. 10nкөбейткіштерін пайдаланып, берілген сандарды ықшамдап жазу «сандарды стандарт түрінде жазу» деп аталады.

Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу - математикалық сауаттылықтың белгісі. Физика мен астрономияда аса үлкен және кіші сандар жиі қолданылады.

IV. Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары: (20 минут)

Есептер шығару. 2-жаттығу.

  1. Квадраттың қабырғасы 1,8 см. Оның ауданын анықта.

  2. Өлшегіштің мөлшері 1 мм дәлдікпен өлше де, оның көлемін есепте.

  3. Мына сандарды ықшам түрде жазыңдар:

8300; 816 200 000; 0,527; 0,000000029.

  1. Мына амалдарды орындаңдар:

107, 105, 109*10-3, 108, 10-3.

  1. Үстелдің ұзындығы 0,08 м. Оны ықшам түрінде миллиметр, сантиметр, дециметрмен жазыңдаар.

V. Кері байланыс. Не үйрендім, не қиын болды, сұрақ (3 минут).

VI. Үйге: №1 зертханалық жұмысқа дайындық.

VII. Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал