- Учителю
- Физика пәнінен тест тапсырмалары
Физика пәнінен тест тапсырмалары
8 «А»сынып
3-тоқсан
1-нұсқа
1. Кедергісі 20 Ом, ток күші 5 А қыл сымда 100 секундта қанша жылу мөлшері бөлінеді?
A)50000 Дж. B)2500 Дж.
C)2000 Дж. D)500Дж.
E)200 Дж.
2. Кедергісі 200 Ом болатын резистордың паспорт бойынша бөлінетін қуаты 0,5 Вт. Резисторға берілетін максимал кернеу қандай?
A)100 В. B)20 В.
C)10 В. D)5 В.
E)40 В.
3. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу 6 В, кедергісі 2 Ом. Ток күші неге тең?
A)12 А. B)6 А.
C)3 А. D)1/3 А.
E)10 А.
4. Вакуумдағы электр тоғы арқылы тасымалданатын электр зарядының ең кіші абсалюттік мәні қандай?
A) е≈1,6*10-19Кл.
B) 2 е≈3,2*10-19Кл.
C) Кез келген ең аз мән.
D) Ең кіші заряд токтың өту уақытына байланысты.
E) Ең кіші заряд ток күшіне байланысты.
5. Сымның бөлігін тең екіге бөліп? Оларды параллель қосқанда кедергісі қалай өзгереді?
A) 4 есе азаяды.
B) 2 есе азаяды.
C) Өзгермейді.
D) 2 Есе артады.
E) 4 есе артады.
6. Кедергісі 1 Ом сымның ұзындығы 3 есе ұзартқанда кедергісі неге тең болады?
A)9 Ом. B)6 Ом.C)3 Ом. D)1 Ом.E)5 Ом.
7. Кернеу өлшенетін бірлікті көрсетіңіз.
A) Джоуль.B) Ватт.C) Вольт.D)Ампер.E) Ом.
8. Ток күші қандай өлшем бірлікпен сипатталады?
A) Джоулмен. B) Ваттпен.
C) Вольтпен. D) Ампермен.
E) Ом арқылы.
9. Электр плиткасы кедергісі бірдей R болатын үш бөліктен тұрады. Бөліктерді параллель қосқанда шайнектегі су t0=6 мин уақыттан кейін қайнайды. Бөліктерді суретте көрсетілгендей қосқанда су қанша уақыттан кейін қайнайды?
A)18 мин.B)36 мин.C)54 мин. D)60 мин. E)9 мин.
10. Қандай бөлшектер электролитте ток тасиды?
A) Оң иондар және электрондар.B)Оң және теріс иондар.
C)Электрондар.D)Тек оң иондар.E)Тек теріс иондар.
11. Өткізгіштің көлденең қимасы екі бөліктен тұрады S1=0,02 см2, S2=0,1 см2. Өткізгіштің қай бөлігінде ток күші үлкен және қанша есе?
А) Тар бөлігінде (5 есе).В) Кең бөлігінде (5 есе).
С) Бірдей.D) Анықталмайды.Е) Кең бөлігінде (2 есе).
12. Тізбек бөлігі үшін Ом заңының формуласын көрсетіңіз
А) I= R/U В) I=U/(R+r). С) I=j*S. D)I=U/R. Е) I=r+R.
13. Тоқ күшінің жұмысының формуласын көрсетіңіз
A)А=I*U2B)A=I*U*Δt.С) А= I*U D) A=I* Δt /U.Е) A=I*U/Δt
14. Джоуль-Ленц заңының формуласын көрсетіңіз.
A)Q=I2*RΔt. B) Q=I*R2Δt.
C) Q=I* Δt /R2. D Q= * U Δt /R2. E) Q=I2/R.
15. Ток қуаты қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?
A) Вольт (В). B) Ампер (А).
C) Ваттпен (Вт). D) Джоуль (Дж).
E)Ом .
17. Электр лампасының қыл сымның ұштарындағы кернеу 2В, ток 0,5 А қыл сымның кедергісі қандай?
A)0,5 Ом. B)1 Ом. C)2 Ом. D)4 Ом. E)1,5 Ом.
18. Электр тоғы дегеніміз не?
A)Электр зарядының тәртіпсіз қозғалысы.
B) Электр зарядының тәртіпті қозғалысы.
C)Бейтарап бөлшектердің тәртіптелген қозғалысы.
D) Бейтарап бөлшектердің тәртіпсіз қозғалысы.
E) Электр зарядының тәртіпсіз қозғалысы және бейтарап бөлшектердің тәртіптелген қозғалысы .
19. Ток күші дегеніміз не?
А) I=Δq/Δt В) I=UR. С) I=kU. D)I=q/S. Е) I=qS.
20. Көлденең қимасының ауданы 20*10-2 м2 өткізгіштен 20 Кл заряд 10 с ішінде өтеді. Ток күші неге тең?
A) I=200А. B) I=100А. C) I=2 А. D) I=10А. E) I=20 А.
21. Өткізгіштерді паралелль қосқанда қай шама бірдей болады?
А) Тоқ күші I. В) Кернеу U. С) IU Көбейтіндісі.
D) Анықталмайды Е) I/U Қатынасы.
22. Тоқ күшін өлшейтін құралды көрсетіңіз.
A) Вольтметр. B) Ваттметр.
C) Омметр. D)Амперметр.E) Реостат.
23. Кернеуді өлшейтін құралды көрсетіңіз
A) Вольтметр. B) Ваттметр.
C) Омметр. D)Амперметр.
E) Реостат.
24. Термоэлектрондық эмиссия дегеніміз не?
A) Жылдам оң иондармен катодтың бетінен электрондары ұрып шығару.
B) Катодты жоғары температураға дейін қыздырғанда электрондардың ыршып шығуы.
C) Күшті электр өрісімен электрондарды ұшырып шығару.
D) Жарық сәуленің көмегімен электрондарды ұшырып шығару.
E) Біртекті өткізгіштен тұрақты ток өткенде жылудың бөлінуі не болмаса жұтылуы.
25. Газдарда ток тасымалдайтын қандай бөлшектер?
A) Электрондар .
B) Оң және теріс иондар.
C) Оң иондар және электрондар.
D).Тек оң иондар
E)Тек теріс иондар.
26. Жартылай өткізгіштегі ток тасымалдайтын бөлшектер қандай бөлшектер?
A) Оң және теріс иондар.
B) Оң иондар және электрондар.
C)Тек қана электрондар.
D) Электрондар мен кемтіктер.
E) Теріс иондар.
27. Қандай бөлшектер металда электр тоғын тасымалдайды?
A) Оң және теріс иондар.
B) Оң иондар және электрондар.
C)Тек қана электрондар.
D) Электрондар мен кемтіктер.
E) Теріс иондар.
28. Электр зарядының неше тегі бар?
А) 1 В) 2 С) 3 D) 4 Е) 5
2