- Учителю
 - Внеклассная работа на тему Физика ойын
 
Внеклассная работа на тему Физика ойын
- 
    
Бөлім. /Таныстыру. Әр команда өз топтарының аттарын таныстырады,қарсы командаға,әділ қазыларға сәлемдеседі,эмблемаларын қорғайды./
 
- 
    
Бөлім. "Көкпар": /Бұл бөлімде оқушыларға физикаға байланысты сұрақтар қойылады,оларға өте жылдам жауап беру керек, әр сұрақ 3-балдан қойылады./ (48балл)
 
I.Топ:
- 
    
Физика нені зерттейді? /Физикалық құбылыстарды/
 - 
    
Заттың ең ұсақ бөлшегі. /Атом/
 - 
    
Барометрдің ішіндегі сұйықтық. /Сынап/
 - 
    
Күшті өлшейтін құрал. /Динамометр/
 - 
    
Спидометр арқылы өлшенетін физикалық шама. /Жылдамдық /
 - 
    
Күнге ең жақын орналасқан планета /Меркурий/
 - 
    
Ядроның құрамы неден тұрады. /Протон, нейтрон/
 - 
    
Жазуға болатын химиялық элемент /Бор /
 - 
    
Планеталардың ең алыбы. /Юпитер/
 - 
    
Күн температурасы қанша градус? /6000К/
 - 
    
Лампа ішіндегі сым. /Вольфрам/
 - 
    
Электрон заряды қандай? /Теріс/
 - 
    
Температураны өлшейтін құрал. /Термометр/
 - 
    
Заттың неше күйі бар? /3/
 - 
    
Металдардағы электр тогын тасымалдайтын бөлшек? /электрон/
 - 
    
Көрінбейтін толқындарды қалай атайды? /электромагниттік, радиотолқындар/
 
- 
    
Бөлім. Бәйге. /"Әйгілі данышпандар"/.
 
- 
    
Өзін шауып өлтіргелі келе жатқан солдатқа: «Сәл кідіре тұр, сызбамды аяқтап алайын» - деп айтқан кім? /Архимед/
 - 
    
Чарльз Чаплин бір ұлы физиктен төмендегідей хат алады: «Сізді барлық адам түсінеді. Сіздің ертең-ақ данышпан болатыныңызға күмәнім жоқ» - депті. Чаплин: «Сізді ешкім түсінбейді, бірақ сіз данышпансыз» деп жауап қайтарған екен. Чаплин қай ғалыммен хат алысқан ? /Эйнштейн/
 - 
    
Телескопты ойлап тауып, Юпитердің серіктерін, Айдағы тау мен Күн дақтарын ашқан, солардың салдарынан соқыр болып қалған ғалым. /Галилей/
 - 
    
Герон патшасы тәжінің таза алтыннан жасалмағанын анықтаған ғалым. /Архимед/
 - 
    
16 жасында математика жөнінде кітап жазған, ал 19 жасында майда тістер мен дөңгелектерден тұратын машинаны ойлап тапқан ғалым. /Паскаль/
 - 
    
Алма арқылы тартылыс заңын ашқан ғалым. /Иссак Ньютон/
 - 
    
Керуетінде жатып, шыбынның ұшқанын бақылап, оның кеңістіктегі орнын табуға болатынын ашқан ғалым. /Декарт/
 - 
    
Өзінің ойлап тапқан теоремасының қуанышына той жасаған (100 өгіз сойған), кезінде жұдырықтасудан олимпиада чемпионы болған, атақты грек математигі кім?
 
/Пифагор/
- 
    
Бөлім. Кім тапқыр?
 
- 
    
Көкке қараған,
 
Жұлдызды санаған. /Телескоп/
- 
    
Қозғалысқа келтіріп,
 
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньютонға ол келеді. /Күш/
- 
    
Пайдаланған мені жұрт,
 
Отын әрі жарыққа.
Қызмет етем әрқашан,
Мені білген халыққа. /Электр тогы/
- 
    
Таба алмай оң мен солыңды,
 
Адассаң қапылыста.
Дәл сілтеп көрсетіп жолыңды,
Шығысқа, батысқа. /Компас/
- 
    
Бөлім. Мықты болсаң тауып көр?
 
- 
    
Не орнынан қозғалмай жүреді? /Уақыт/
 - 
    
Нені жәшік ішіне тыға алмайсың? /Жарық сәулесін/
 - 
    
Электр энергиясының көзі болатын балықтар. /скат, жайын, шортан/
 - 
    
Македонский заманындағы уақыттың көрсеткіші немесе өлшеуіші. /Тауық/
 - 
    
Елеуішпен су әкелуге бола ма? /Болады қар мен мұз күйінде/
 - 
    
Дүниедегі ең жүйрік не? /Ой, қиял/
 - 
    
Кім барлық тілде сөйлейді? /Жаңғырық/
 - 
    
Қандай жолмен еш уақытта адамдар жүрмейді? /Құс жолымен/
 - 
    
Теңізде қандай тастар табылмайды? /Құрғақ/
 - 
    
Үйді жылытуға арналған батерияларды неліктен төмен орнатады?
 
/Төменде суық ауа,тығыздығы үлкен/.
- 
    
Адамның алғашқы көлігі. /Балалар арбасы/
 - 
    
Шикі су мен қайнаған судың қайсысы тез қайнайды? /Шикі су/
 - 
    
Тұзды суда жұмыртқа бата ма? /Жоқ, батпайды./
 - 
    
Қандай суда жүзген оңай: өзен суында ма әлде теңіз суында ма? /Теңіз/
 - 
    
Ашық ыдыстағы су неге азаяды? /Буланады/
 - 
    
Қандай ыдыстарға су құйылмайды? /Су толы ыдыстарға/
 - 
    
Жерден көтеру оңай, бірақ лақтыру қиын. Ол не? /Мамық/
 - 
    
Кемпірқосақтық түсі не деп аталады? /Спектр/
 
</
- 
    
Әділқазылар алқасы жеңімпаз командаларды анықтап, мақтау қағаздарын тапсырады.