7


Сайыс сабақ: Қызықты физика

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Үшағаш негізгі орта мектебі» КММ



Сайыс тақырыбы:

Физика пәні мұғалімі: Медеуова А.Т


2015-2016 оқу жылы

Мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін өмірде қолдана білуін дағдылдандыру. Пәнге қызығушылығы мен таным белсенділігін арттыру.

Жургізуші:
Қайырлы күн, құрметті көрермен!
Сөз бастайын термелейтін өлеңмен
Тәрбиелі, білімді боп әрқашан
Өс, өркенде, қанат жайып кемелден !

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Баршаңыз да «Қызықты физика» атты кешке хош келдіңіздер! Біз бүгінгі кешімізді 9-8 сынып оқушылары арасында сайыс түрінде жүргізуді ұйғардық. Ендеше, ортаға ойыншыларымызды шақырамыз.

8 сыныптан құралған «Күш» және 9сынып «Динамика»,топтарын ду қол шапалақтап ортаға шақырамыз.

Ал қазір ойын шарттарымен таныстырып өтейін.

  1. Сәлемдесу. (Физика тілінде топтардың сәлемдесуі)

  2. Жорға кезеңі. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)

  3. Бұл фокус емес, бұл - Физика! (Тәжірибе алмасу)

  4. Физика қиын, ашиды миың. (Әзіл-сықақ көрінісі)

  5. Капитандар сайысы. (Әннің физикалық мағынасын аш)

  6. Пантомимо.(Карточкада көрсетілген физикалық құбылысты көрсет..)

Жүргізуші:
Армысыздар құрметті төрешілер,
Сайысын әрбір топтың көресіздер.
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздер бүгін әділ баға берерсіздер - деп, әділқазы алқаларымен таныстыру

Кезек келіп өжеттеніп, сөз алыппын
Танысайық, ғажап ойын, ғажап күн.
Тегіміз бір - батырақ та, бай да емес,
Емеспіз бе, азаматы қазақтың! - демекші

І кезеңімізді бастайық.

Мұнда әрбір топ өздерін физика тілінде таныстырады.
1. «Күш» тобының таныстыруы:

2. «Динамика» тобының таныстыруы:

Білім қуған,өнер қуған жастар едік,
Бәріміз де өнер жолын бастап едік
Қызық заңдар қайда, қиын теңдеу қайда
Оны шешер өжет жастар қайда екен?

ІІ кезең жорға кезеңі.

Жорға, жорға жорғалашы, жорға, жорға жорғала …
10 класс «Күш» тобынан бастайық. Топ мүшелерін ортаға шақырамыз
10 сұраққа жауап беруге дайынбыз ба?

«Күш» тобына арналған сұрақтар

  1. Заттың сұйық күйден, қатты күйге өтуі - (кристалдану, қатаю)

  2. Тұтас алғанда атом заряды? - (бейтарап)

  3. Заттың сұйық күйден, газ күйіне өтуі - (булану)

  4. Атомның теріс зарядталған бөлшегі - (электрон)

  5. Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты естиміз бе? (найзағайды)

  6. Атом массасының өлшем бірлігіне не алынған? (кг)

  7. Идеал газ күйінің теңдеуін ашқан ғалым кім? ( Менделeeв)

  8. Ареометр нені өлшеуге арналған құрал? (Сұйықтың тығыздығын)

  9. Сұйықтың ең кішкетай бөлшегі қалай аталады? ( тамшы)

  10. Термометрді кім жасады? ( Швед астрономы, физигі Цельсий)


«Динамика» тобына арналған сұрақтар:

  1. Кернеуді өлшейтін құрал - (вольтметр)

  2. Тоқ күші кернеуге тура пропорционал, кедергіге кері пропорционал кімнің заңы - (Ом заңы)

  3. Ньютонның І-заңы не деп аталады - (Инерция)

  4. Тоқ күшін өлшейтін құрал - (ампермерт)

  5. Материяның ажырамас қасиеті - (қозғалыс)

  6. Жылдамдықтың өлшем бірлігі - (м/с)

  7. Еркін түсу үдеуі неге тең - (9,8 м/с)

  8. Бір заттың малекулаларының екінші заттың малекулалар аралық бос орындарына өзара өтуі - бұл .... (диффузия)

  9. Квант қандай сөзден алынған? (Латынша - квантум - шама.)

  10. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі? ( деформация )

ІІІ - кезең. Бұл фокус емес, бұл физика деп аталады.

Бұл үй тапсырмасы. Топтар өздері дайындап келген тәжірибелерімен алмасады. Көрсеткен тәжірибелерін түсіндіреді.

  1. 8 класс - «Күштер» тобы.

  2. 9 класс - «Динамика» тобы.

ІV - кезең. «Физика қиын, ашиды миың» (пән туралы әзілдер)

Көрермендерге сұрақтар:

  1. Екі жұмыртқа біреуі піскен, екіншісі шикі қалай ажыратамыз? (Айналдыру арқылы)

  2. Қияр ыстық суда әлде суық суда тез тұздала ма? (Ыстық. Диффузия ыстық суда тез тарайды)

  3. Үстіне құм, не күл сепсек қар тез ериді, неге? (Қара түс күн сәулесін тез жұтады )

  4. Таудан түскенде автомобильдің қай дөңгелегі айналмайды? (артық дөңгелегі, запаска)

  5. Жердің қай жерінде ең ұзақ тәулік? (Барлық жерінде бірдей (24 сағ))

V - кезең. Капитандар сайысы.

2 - капитанға 2 әннің мәтіні беріледі.

1- тапсырма. Осы әннің бір шумағын орындау немесе орындаушыны айту.
2- тапсырма. Әнде кездескен сөздердің физикалық мағынасын ашу.
1. Желсіз түнде жарық ай…(Жарықтың шағылу құбылысы)
2. Тыныш еді өмірім…(Инерция заңы)
3. Жұлдызды түнде шаттанамын…(Жұлдыздардың ашық күндері жарқырауы физикалық құбылыс)

VІ - кезең. Пантомимо - карточкада көрсетілген физикалық құбылысты көрсету, қарсылас топ оның қандай құбылыс екенін көрсетеді.

  1. Зарядтардың бірін - бірі тарту және тебу құбылыстары.

  2. Деформация (созылу, иілу, бұралу).

  3. Броундық қозғалыс (молекулалардың бейберекет қозғалысы).

Сайыс өз мәресіне жетті.
Сөз кезегі әділ қазыларда.

  1. Деформация (созылу, иілу, бұралу).

  1. Броундық қозғалыс (молекулалардың бейберекет қозғалысы).



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал