7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 7-сынып Үйкеліс күші

Сабақ жоспары 7-сынып Үйкеліс күші

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып: 7

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға үйкеліс күші туралы түсінік қалыптастыру, үйкеліс күшінің адам өміріндегі маңызын түсіндіру

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, есеп шығару дағдыларын жетілдіру

Тәрбиелік: Жылдамдыққа, ұқыптылыққа, сыйластық пен әдептілікке баулу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс тәсілдері: СТО, жұппен жұмыс, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекіліктері: Плакаттар, слайд, электрондық оқулық

Пәнаралық байланыс: география, математика, технология



Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққааудару

  2. Үй тапсырмасын сұрау, қайталау

А. Есептерін тексеру

13-жаттығу(3) Массасы 40 кг баланың Айдағы салмағын анықтаңдар. Айдағы gАй=1,6 Н/кг.

Берілгені: Формула Шешуі:

m=40кг Р=mg Р= 40кг*1,6 Н/кг=64Н

gАй=1,6 Н/кг



Т/К: Р-? Жауабы: Р=64Н



  1. Дененің салмағы дегеніміз не?

  2. Қандай күш ауырлық күші деп аталады?

  3. Дененің салмағы мен денеге әрекет ететін ауырлық күшінің арасындағы айырмашылық неде?

  1. Сабаққа мақсат қою.

Менің бүгінгі сабақтағы мақсатым сендерге үйкеліс күшін оқытып, үйрету.

Сендердің мақсаттарын қандай? (оқушылардың мақсатын сұрау)

  1. Жаңа сабақ (Слайд бойынша)

Шананы қара жолмен сүйрегеннен гөрі мұз бетімен, қар үстімен сүйреген ыңғайлы. Тетік - бөлшектері майланбаған велосипедті тебу де, тұрмыстық жиһаздарды еден бетімен жылжыту да қиынға түседі. Жол бойымен келе жатқан машинаның қозғалтқышын жүргізуші өшіргеннен кейін ол тоқтайды. Мұз айдынында коньки теуіп жүрген бала да, төбешіктен сырғанап түскен шана да, домалап келе жатқан доп та біраздан соң тоқтайтын болады. Бұл тәжірибелер бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде қозғалыс жылдамдығына қарама - қарсы бағытталған және дененің қозғалысына кедергі жасайтын күш пайда болатынын көрсетеді.

Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады.

Үйкелістің үш түрін ажыратады:



1.Сырғанау үйкелісі



2.Домалау үйкелісі



3.Тыныштық үйкелісі (қандай-да бір денені орнынан қозғалту үшін қандай-да бір күш жұмсау керек)

Үйкеліс жанасатын беттердің қандай материалдан жасалғандығына, олардың өңделу сапасына және бір беттің екінші бетке түсіретін қысым күшіне тәуелді болады.

Дененің өзі жанасып тұрған бетке (жанасу бетіне перпендикуляр ) түсетін күшін нормаль қысым күші деп атайды. Нормаль қысым күшін тіректің реакция күші сияқты әрпімен белгілейді.



Үйкеліс - табиғат құбылысы, бұл техникада, жануарлар мен өсімдіктер әлемінде, күнделікті өмірде кездеседі. Табиғатта тек жаман немесе тек жақсы құбылыс болмайды. Бәрі жағдайға байланысты, сондықтан үйкеліс пайдалы немесе зиян болуы мүмкін. Пайдалы болған жағдайда, оны арттыруға тырысады: жүргіншілердің аяғы тайғанамау үшін жолдарға кұм себіледі. Көлік доңғалақтары мен жол арасындағы ілінісуді күшейту үшін жолдарға асфальт, бетон, қиыршық тас төселеді. Қатты денелер үшін ең төменгі үйкеліс коэффициенті (0,02) бәрімізге белгілі тефлонда. Қазіргі кезде әрбір адамның ал үйінде күймейтін тефлонмен қапталған кастрюлдер мен сковородалар бар(құрғақ асфальтта - 0,6; ылғал асфальтта - 0,4; құрғақ бетонда - 0,95; қара жолда -0,5(0,3); құм төсеніште-0,7(0,5). Ал мұз дақ жолда (0,15) .

  1. Жаңа сабақты бекіту.

Қандай күшті үйкеліс күші дейміз?

Қандай түрлері болады?

Үйкелісті қалай азайтуға болады?



14-жаттығу (жұппен орындау)

2)Берілгені: Формула Шешуі:

m=1т =1000кг F= mg F= 0,05*1000кг*10м/с2=500Н

=0,05



Т/К: F-? Жауабы: F=500Н



  1. Үйге тапсырма. § 32, Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.

14-жаттығу. 3) Массасы 70 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті 0,3.

  1. . Қорытынды. Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал