7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Заттың агрегаттық күйлері 8 сынып

Ашық сабақ Заттың агрегаттық күйлері 8 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ашық сабақ Заттың агрегаттық күйлері 8 сынып

Сынып 8 «Ғ»

Сабақтың тақырыбы: Заттың агрегаттық күйлері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды табиғаттағы заттың үш күйімен таныстырып, олардың бір - бірімен айырмашылығын ажырата білуге үйрету.

Білімділік: Оқушыларға заттың агрегаттық күйінің өзгеруі оның молекулалық құрылымының өзгерісімен байланысты болатынын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушыларды заттың үш күйі - газ, сұйық, қатты дене болатындығымен таныстыру, балқу және қатаю құбылыстарының мағынасын түсіндіру.

Тәрбиелілігі: Оқушылардың пәнге деген ынтасымен қабілетін дамыту:

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, кристалл дене моделі, қатынас ыдыстар, мензурка, түсі боялған ыдыстағы су.

Тәжірибе жасау:

1. Сұйықтардың белгілі бір формасы жоқ, көлемін сақтай алатындығын көрсету.

2. Кристалл денелердің молекулаларының ретпен орналасуын көрсету.



Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Жаңа сабақты түсіндіру.



Заттың агрегаттық күйінің өзгеруі оның молекулалық құрылымының өзгерісімен сәйкес келеді. Заттың бір агрегаттық күйден екіншісіне өтуін оқып үйренгенде, оқушыларға табиғат құбылыстарында үнемі болып отыратын ауысулар мен өзара әсерлесулер жөнінде, аздаған сандық өзгерістердің түбегейлі сапалық өзгерістерге түрлену жөнінде айтамыз.

Ашық сабақ Заттың агрегаттық күйлері 8 сыныпАшық сабақ Заттың агрегаттық күйлері 8 сынып Барлық зат (кейбір заттан басқасы) үш түрлі - қатты, сұйық және газ тәрізді агрегаттық күйде болады. Мысалы, су p=101 325 Па=760 мм сын. бағ. қалыпты қысымда және Т=0°С температурада мұзға, Т=100°С температурада қайнап, буға айналады. Плазма</<font color="#252525"> заттың төртінші агрегаттық күйі болып есептеледі. Заттың агрегаттық күйі температура мен қысымға тәуелді. Заттың агрегаттық күйін анықтайтын негізгі шама - молекулалардың өзара әсерінің орташа.

Қатты денелердің қасиеттеріндей (мықтылығы, морттылығы, қаттылығы) және сұйық денелердің қасиеттеріндей (аққыштығы, уақыт өту мен формасының сақталмауы) қасиеттері бар аморф денелер туралы айтуға болады. Үлкен пробирканың ішінде қайнауға дейін жеткізілген суы бар ыдысқа саламыз. Шыққан графикті талдаған кезде оқушылардың назарын балқу процесі өтетін температура тұрақтылығына аударамыз. Балқу температураларының кестесін қарастырамыз.



1. Кесте мен жұмыс. 3 - кесте 59 - бет

Барлық металдармен олардың қорытпалары кристалл денелерге жататынды ғына тап көрсетіп, оқушыларға кестеден ең жоғары және ең төмен балқу температуралары бар металдарды табуды ұсынамыз. Оқушыларға нашар балқитын металдар мен қорытпалардың космос корабльдерін реактивтік двигательді жасауда, жылу, электр приборларының спиральдарын дайындау үшін қолданылатынын түсіндіреміз.



1. Мұз қай температурада ериді? (°С)

2. Сынап қай температурада қатады? (- 39°С)

3. Қай метал өте баяу балқиды? (вольфрам 3387° С)

4. Қай металл тез балқиды? (қалайы 232 °С)

5. Күміс қай температурада балқиды? (961° С)

6. 1064° С болатын қай металл. (алтын)

7. Неліктен суық жерлерде солтүстік ендіктерде ауаның температурасын өлшеу үшін сынапты емес, спиртті термометр пайдаланылады? Өйткені сынап (- 39 °С - де) қатты аязда қатып қалады.

8. Алтын қасықта күмісті балқытуға боладыма? (болады t күміс< t алтын)

9. Алюминий ыдысқа салып мысты балқытуға бола ма? (болмайды, өйткені t алюминий < t мыс.



Тәжірибе жасау:

1 - тәжірибе. Мензуркадағы судың көлемін өлшеп ыдысқа құю, оны қайтадан төгіп алмай мензуркаға құйып тағы да көлемін өлшеу.

Қорытынды: Сұйықтардың белгілі бір формасы болмайды, олар қай ыдыста тұрса, сол ыдыстың формасын (пішінін) алады, өзінің көлемін сақтайды.

2 - тәжірибе. Плитаға ішінде суы бар, тығындалған, тығыннан Г - тәрізді шыны түтікше өткізілген колбаны қойып, су қайнатып бу шығару.

Қорытынды: Бу - судың газ тәріздес күйі, түссіз, иіссіз белгілі бір пішіні болмайды, көлемін сақтамайды.



Есептер шығару:

1 топ.

І - деңгей

1. Массасы 15 кг антрацит жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есепте. (q = 3,4∙107 Дж/кг)

Берілгені: Шешуі:

m = 15 кг Q = qm; Q = 15 кг *3,4*107 Дж/кг = 510*106 Дж

q = 3,4∙107 Дж/кг Жауабы: Q = 510*106 Дж = 510 МДж.

Q=?

ІІ - деңгей

2. Көлемі 2 л керосин жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есепте ( p = 800 кг/м3: q= 4,6*107 Дж/кг)

Берілгені: Шешуі:

V = 2л Q = qm; m = p∙V = q∙p∙V;

p = 800 кг/м3: Q = 800 кг/ м3 ∙0,002 м3 *4,6*107 Дж/кг = 73,6∙106 Дж

Q=? Жауабы: Q= 73,6*106 Дж =73,6 МДж

ІІI - деңгей

3. Массасы 300кг темірді 20 0 С -ден 40 0 с -ге дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері жұмсалады ? Дененің ішкі энергиясы қалай өзгереді ? с= 460 Дж/кг0 С

Бер : m = 300 кг Шешуі : Q = cm(t2 - t 1 )

t 1 = 20 0 С Q = 460 Дж/(кг*0 С) ∙ 300 кг ∙ (40 0 С -20 0 С) =

t 2 = 40 0 С =2760000 Дж

с = 460 Дж/(кг*0 С)

т/к: Q = ? Ж: Q = 2760000 Дж; дененің ішкі энергиясы артады.





2 топ

І - деңгей

1. Егер массасы 10кг ағаш көмір жанғанда 340 МДж энергия бөлінетін болса, онда оның меншікті жану жылуы неге тең?

Берілгені: Шешуі:

m = 10 кг Q = qm; q = Q/m; q = 340 МДж/10 кг

Q = 340 МДж q = 34 МДж/кг;

q - ?

ІІ - деңгей

2. 15С - та суды 100С - қа дейін қыздырғанда, оның ішкі энергиясы 178,8 кДж - ге артты. Судың массасын анықта?

Берілгені: Шешуі:

t 1 = 15С Q = cm (t 2 - t 1);

t 2 = 100С m = Q/с (t 2 - t 1)

Q = 178, 8 кДж m = 0,5 кг

C = 4200 Дж/кгС

m - ?





ІІI - деңгей

100 0 С-тан 10 0 С-қа дейін салқындатылған массасы 5 кг су қанша энергия мөлшерін бөледі ? с = 4200 Дж/(кг*0 С)

Бер : m = 5 кг Шешуі : Q = cm(t2 - t 1 )

t 1 = 100 0 С Q 2 = 4200 Дж/(кг*0 С) ∙ 5 кг ∙ (100 0 С -10 0 С) =

t 2 = 10 0 С = 1890000 Дж

с = 4200 Дж/(кг*0 С)

т/к: Q = ? Ж: Q = 1890000 Дж

3 топ

І - деңгей

2. 2100 Дж жылу жұмсап , массасы қанша суды 20 0 С -ге жылытуға болады ?

с= 4200 Дж/кг 0С ;

Бер : Q = 2100 Дж Шешуі : Q = c m t

t = 20 0 С m = Q/ c t = 2100Дж/ (4200 Дж/(кг*0 С)∙ 20 0 С )

с = 4200 Дж/(кг*0 С) = 0,025 кг= 25 г

т/к: m = ? Жауабы: m = 25 г



IІ - деңгей

20 кг тас көмір жанғанда , қанша жылу бөлінеді ?q = 2,7 ∙ 10 7 Дж/кг

Бер : m = 20 кг Шешуі : Q =qm

q = 2,9 ∙ 10 7 Дж/кг Q =2,7 ∙ 10 7 Дж/кг ∙ 20 кг =5,4 ∙ 10 8 Дж т/к: Q = ? Ж: Q = 5,4∙ 10 8 Дж



ІIІ - деңгей

Стакандағы 250 г қайнаған су 14 0 С -дейін суығанда қандай жылу мөлшері бөлінеді? с= 4200 Дж/кг 0С ;

Бер : m = 250 г= 0,250 кг Шешуі : Q = cm(t2 - t 1 )

t 1 = 100 0 С Q 2 = 4200 Дж/(кг*0 С) ∙0,250 кг ∙ (100 0 С -14 0 С) =

t 2 = 14 0 С = 90300 Дж = 90,300 кДж

с = 4200 Дж/(кг*0 С)

т/к: Q = ? Жауабы: Q = 90,300 кДж



Сабақты қорытындылау:

Физикалық сұрақтар

1. Бір заттың өзі қандай агрегаттық үш күйде бола алады?

2. Заттың бір агрегаттық күйінен екінші бір агрегаттық күйіне ауысуының қандай практикалық маңызы бар?

3. Заттың қандай агрегаттық күйде болуы немен анықталады?

4. Газдардың, сұйықтардың және қатты денелердің молекулалық құрылысының ерекшеліктері қандай?

5. Тізбекке қосылған электр плитаға қойылған шәйнек ішінде суы бар кезінде балқып кетпейтіндігін еліктен?

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Заттың агрегаттық күйлері.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал