- Учителю
- Открытый урок на тему 'Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс графигі'
Открытый урок на тему 'Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс графигі'
7сынып Физика жән астрономия пәні 26.11.2013 жыл
Тақырыбы: Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс графигі.
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс графигі, туралы түсінік беру
2. Тәрбиелік: Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс графигі туралы түсінік бере отырып, оқушыларды бірін-бірі тыңдауға, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс графигі туралы түсінік беру барысында, оқушылардың танымдық деңгейін арттыру, ой-өрісін кеңейту.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар, плакаттар
Пән аралық байланыс: математика, сызу
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: (5 мин)
1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Оқушы білімін жан-жақты тексеру: (5 мин)
- Балалар, қазір қандай мезгіл?
- Күз.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Қазір күз мезгілі. Табиғатта көз жүгіртсек қандай өзгерістерді байқаймыз?
-....
- ия, балалар, талдан жапырақтар сарғайып түсіп жатыр. Қазір онда біз түскен жапырақтарды жинау барысында «Күзгі жапырақтар» ойынын ойнаймыз.
1-жапырақ: Материялық нүкте дегеніміз не?
2-жапырақ: Траектория дегеніміз не?
3-жапырақ: Жол дегеніміз не?
4-жапырақ: Орын ауыстыру дегеніміз не?
5-жапырақ: Бірқалыпты қозғалыс дегеніміз не?
6-жапырақ: Бірқалыпты емес қозғалыс дегеніміз не?
7-жапырақ: Жылдамдықтың формуласы қандай?
8-жапырақ: Жылдамдықтың өлшем бірлігі қандай?
9-жапырақ: Жүрілген жолдың формуласы қандай?
10-жапырақ: Жүрілген жолдың өлшем бірлігі қандай?
11-жапырақ: Уақыттың формуласы қандай?
12-жапырақ: Уақыттың өлшем бірлігі қандай?
13-жапырақ: 72 км/сағ-та неше м/с бар?
14-жапырақ: 36 км/сағ-та неше м/с бар?
15-жапырақ: 5 км-де неше м бар?
16-жапырақ: 5 м-де неше км бар?
17-жапырақ: 1 сағ-та неше сек. бар?
18-жапырақ: 1 мин-та неше сек.бар?
ІІІ. Жаңа түсінік беру: (20 мин)
Көрнекілік үшін қозғалысты график көмегімен сипаттауға болады.
Қозғалыс теңдеуі:
х=x0+υt
х - қозғалыс
x0- бастапқы қозғалыс
υ- жылдамдық
t-уақыт
Бұл өрнек бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің немесе материялық нүктенің қозғалыс заңы деп аталады. Осы заңды қолдана отырып, дененің кез-келген уақыт мезетіндегі координатасын табуға болады.
Бірқалыпты түзусызықты қозғалатын дененің немесе материялық нүктенің координатасы уақыттың сызықтық функциясы болып табылады.
Дене координатасының уақытқа тәуелділігі графигін дененің қозғалыс траекториясымен шатастыруға болмайды.
Координатаның уақытқа тәуелділігі графигіне қарап, қозғалыс жылдамдығы туралы айтуға болады. График кескіні неғұрлым тік болса, жылдамдықтың да соғұрлым үлкен болатынын білдіреді.
Бірқалыпты түзу сызықты қозғалысты график түрінде бейнелеу тәсілін қарастырайық.
1-мысал.
Берілгені: Шешуі: х=x0+υt .
υ=20 м/с Сонда х=10+20t
x0=10 м
t, с
0
1
2
х, м
10
30
50
ІV. Жаңа түсінікті тексеру: (10 мин)
Мұғалімнің проблемалық және ақпараттық сұрақтары: «Қыстың қамын жаз ойла» деген қазақта мақал бар. Яғни алдымыз қыс болғандықтан, қыстық азық-түлігімізді жинап алу үшін қырманға барамыз, яғни «Қырман» ойынын ойнайық.
-
υ=18 м/с
x0=0 м
-
υ=-3 м/с
x0=6 м
-
υ=5 м/с
x0=2 м
-
υ=- 2м/с
x0=0 м
-
υ=6 м/с
x0=2 м
-
υ=7 м/с
x0=4 м
-
υ=4 м/с
x0= -1 м
-
υ=2 м/с
x0= - 2 м
-
υ=2 м/с
x0=3 м
-
υ=3 м/с
x0=5 м
-
υ=1 м/с
x0=6 м
-
υ=4 м/с
x0=8 м
-
υ= 2 м/с
x0=4 м
-
υ= 3 м/с
x0= - 3 м
-
υ= 3 м/с
x0= -2 м
-
υ=4 м/с
x0=-4 м
-
х0=0 және υ<0 қозғалыс графигі қандай болады?
-
х0<0 және υ>0 қозғалыс графигі қандай болады?
-
х0>0 және υ>0 қозғалыс графигі қандай болады?
-
х0>0 және υ<0 қозғалыс графигі қандай болады?
-
Пойыз қанша уақыт қозғалады? (1-сурет)
-
Пойыз қанша уақыт аялдамада тұрады? (1-сурет)
-
Пойыз координата осі бойынша теріс бағытта қанша уақыт қозғалады? (1-сурет)
-
Пойыздың аялдамаға келген мезеттегі координаталары қандай? (1-сурет)
-
Пойыздың орын ауыстыруы қанша? (1-сурет)
-
Пойыз қанша жол жүрді? (1-сурет)
-
Суретте бірқалыпты қозғалған дененің қайсысының жылдамдығы үлкен? Жаубыңды дәлелде. (2-сурет)
V. Жаңа сабақты қорытындылау: (5 мин)
Білімді бекітуге арналған тапсырмалар:
Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс графигі.
(БҮҮ кестесін толтыру)
Білетінім
Үйренгенім
Үйренгім келетіні
VІ. Оқушылар еңбегін бағалау
VІІ. Үй тапсырмасы: §27. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс графигі