7


  • Учителю
  • Физикадан бақылау жұмысы( 1 -тоқсан 11-сынып)

Физикадан бақылау жұмысы( 1 -тоқсан 11-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы : I тоқсандық қорытынды бақылау жұмысы .

Мақсаты : Өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеру және жинақтау.

І нұсқа.

1.Тербелмелі контурдың индуктивтілігі 1,6 мГн, электр сыйымдылығы 0,04 мкФ, ал конденсатордағы ең үлкен кернеу 200 В. Контурды идеал деп, есептеп, ток күшінің максимал мәнін анықтаңдар. (Жауабы. 1 А)

2.Тербелмелі контур сыйымдылығы 2,5 мкФ конденсатор мен индуктивтілігі 1 Ге катушкадан тұрады. Конденсатор астарларындағы зарядтың амплитудасы 0,5 мкКл. Заряд тербелістерінің теңдеуін жазыңдар. (Жауабы: 0,5·10-6 соs630t ).

3.Сыйымдылығы 5 мкФ конденсатор мен кедергісі 150 ом өткізгіш жиілігі 50 Гц, кернеудің әсерлік мәні 120 В айнымалы ток тізбегіне тізбектей жалғанған. Ток күшінің әсерлік және амплитудалық мәнін табыңдар?

4.Индуктивтігі 2 Гн катушканың индуктивтік кедергісі 628 Ом болма, айнымалы токтың жиілігі мен периоды неге тең? ( 50Гц; 0,02 с)

5.Тербелмелі контур индуктивтігі 10-6 Гн катушка мен әр астарының ауданы 100 см2 ауалы жазық конденсатордан тұрады. Контур 2·107 Гц жиілікте резонансқа түстеді. Конденсатор астарларының ара қашықтығы қандай? (0,14 см).

6.Қабылдағыштың кіріспе контурының индуктивтігі 10 мкГн катушкасында толқынды қабылдау барысында 4∙10-15 Дж максимал энергия жинақталады. Контур конденсаторындағы потенциалдардың ең үлкен айырымы 5∙10-4 В. Қабылдағыш қанадй толқын ұзындығына сәйкестендірілген?

7.Трансформатор дегеніміз не?

ІІ нұсқа.

1,Индуктивтік катушкадағы токты 1А-ге өзерткенде 0,06 с ішінде 0,2 В ЭҚК-і пайда болады. Контуры осы катушкадан және сыйымдылығы 14100 Ф конденсатордан тұратын генератор шығаратын радиотолқынның ұзындығы қандай болады? (77500 м).

2.Кернеудің әсерлік мәні 127 В тізбекке индуктивтігі 0,16 Гн, актив кедергісі 2 Ом катушка мен сыйымдылығы 64 мкФ конденсатор тізбектей жалғанған. Тербеліс жиілігі 200 Гц болса, ток күшінің әсерлік мәні қандай? (1,2 А).

3.Индуктивтілігі 2 Гн катушканың индуктивтік кедергісі 628 Ом болса, айнымалы токтың жиілігі мен периоды неге тең? (50 Гц; 0,02 с).

4.Катушканың ұштарындағы кернеудiң амплитудалық мәнi 160 В, ондағы токтың амплитудасы 10 А және жиiлiгi 50 Гц. Катушканың индуктивтiлiгiн анықтаңыз.

5.Тізбектегі ток күші i=8,5sin(628t+0,325) заңымен өгереді. Ток күшінің әсерлік мәнін, оның бастапқы тербеліс фазасы мен жиілігін табыңдар

6. Катушканың ұштарындағы айнымалы ток кернеуiнiң амплитудасы 157 В, ток күшiнiң амплитудасы 5 А және ток жиiлiгi 50 Гц. Катушканың актив кедергiсiн ескермей отырып, индуктивтiлiгiн табыңыз.

7.Генератор дегеніміз не?







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал