7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары Күн жүйесінің планеталарына саяхат

Сабақ жоспары Күн жүйесінің планеталарына саяхат

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Күн жүйесіндегі планеталарға саяхат

Мақсаты:

Білімділік: Күн жүйесіндегі планеталар туралы алған білімдерін саралап, біліктілігін арттыру. Өз беттерімен жұмыс жасай білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Бірге жұмыс жасай білу мәдениетін қалыптастыру

Дамытушылық: ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерлілігін дамыту, қорытынды жасай алуға қалыптастыру. Есте сақтау, елестету дағдыларын жетілдіру. Шапшаңдыққа тәрбиелеу.





Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, сәйкестендіру, кесте.





Көрнекілігі: бейнеролик, компьютерлік презентация, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеп, топтың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (оқушылардың 3 топқа бөліп, үй жұмысын ия - жоқ жауаптары арқылы тексеру)



І. Ғалымдар тобына сұрақтар

1. Күн жүйесіндегі планеталар 2 топқа бөлінеді ме? (ия)

2. Күнге өте жақын орналасқан планета Меркурий ме? (ия)

3. Меркурийдің беткі жоғарғы температурасы -4000С па? (жоқ)

4. Жерге ұқсас планета Юпитер ме? (жоқ)

5. Шолпанның жоғарғы температурасы +5000С па? (ия)

ІІ. Ғарышкерлер тобына сұрақтар

1. Жердің серігі Ай ма? (ия)

2. Тіршілігі бар планета Жер ме? (ия)

3. Күн жүйесінде Марс 7 орында ма? (жоқ)

4. Меркурий, Шолпан, Жер, Марс жер тобындағы планеталарға жата ма? (ия)

5. Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун алып планеталарға жата ма? (ия)

ІІІ. Планеталар тобына сұрақтар

1. Тоқтар Әубәкіров тұңғыш қазақ ғарышкері ме? (ия)

2. Алып планеталар күнге жақын жатыр ма? (жоқ)

3. Марстың 2 серігі бар ма? (ия)

4. Дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаған Коперник пе? (ия)

5. Күн жүйесінде 9 планета бар ма? (жоқ)



ІІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Кезең 2-3 мин.

Бейнеролик қарау.

Планеталардың түрлеріне жалпы сипаттама

Күннің төңірегінде оның тарту күшінің әсерінен жерді қоса есептегенде 8 ірі аспан денелері бар. Олар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс. Бұларды жер тобындағы планетар деп атайды.

Алдын ала берілген тапсырмалар:

-Оқушылар Меркурий туралы қандай қызықты мәліметтер білесіңдер?

NASA ғалымдарының арқасында Күнге ең жақын Меркурий ғаламшары бетінен смайликке қатты ұқсас объект суретке түсіріліп алынды.

Сурет NASA ғарыш агенттігінің алып телескопы арқылы түсіріліп алынған екен. Меркурий бетін зерттеумен айналысып жүрген ғалымдар да бұл суреттің нақты не нәрсе екенін айта алмай отыр. Жақында осыған ұқсас жағдай болған еді. Бірақ ол кезде ғалымдар смайликтің емес, Меркурий кратерлерінің бірінен Микки Маустың түрі бейнеленген суретті түсіріп алған.

Сабақ жоспары Күн жүйесінің планеталарына саяхат

-Шолпан туралы қандай қызықты мәліметтер білесіңдер?

Шолпанның бетін Жерден оптикалық құралмен бақылау қиын, өйткені ол бұлтқа оранған. Сондықтан ғаламшардың физикалық сипаттары радиометод және ғарыштық зерттеулермен алынған. Шолпанның массасы Жердің 0,815 массасына тең, ал оның радиусы R = 6050км немесе Жердің 0,950 радиусындай, ғаламшар затының орташа тығыздығы 5,24 г/см3 шамасында.

-Жер туралы қандай қызықты мәліметтер білесіңдер?

Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жер эллипстік (дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29,765 км/с жылдамдықпен 149,6 млн. км орташа қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі - Ай.

-Марс туралы қандай қызықты мәліметтер білесіңдер?

Арнайы скафандрсыз Марс бетінде адам да, кез-келген жануар да бір сәт те тіршілік етіп тұра алмас еді. Ғаламшар бетіндегі қысымның төмендігі соншалық, тірі жанның қан құрамындағы оттегі газға айналып кете барады. Бұл дегеніміз адам 5-10 секундтың ішінде жан тапсырады деген сөз.

Мұғалімнің сөзі

Планетаның Күн төңірегіндегі жолы орбита деп аталады (латынша - із, жол). Күнге ең жақын орналасқан Меркурий, одан кейін Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун. Олардың өлшемі де түрліше - жерден үлкен, кішісі, сонымен шамаластары бар.

Планета - өзінен жарық шығармайтын салқын дене. Дегенмен, түнгі аспанда олар да жұлдыз сияқты жылтырап, көрінеді. Олай көрінетін себебі: планетаның бетіне күннен түскен сәуленің шағылысуына байланысты. Планета - «кезбе жұлдыз» деген мағынаны беретін грек сөзі. Жұлдыздар сияқты планеталар да белгілі бір орында тұрмайды, үздіксіз қозғалып аспан әлемінде жүреді. Себебі олар күнді айнала қозғалады. Планетаның пішіні шар тәріздес келеді және барлығы да осінен айналады. Күн шығар алдында және кешке күн батқаннан кейін Шолпан жарқырап ерекше көзге түседі.



IV. Оқушыларға алдын ала берілген тапсырмалар бойынша жаңа материалды бекіту.

3 топқа бөлінген тапсырмалар бойынша үйден мағлұмат жинап алып келу.

1.Ғалымдар:

Күміс- Николай Коперник - дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы поляк астрономы, математигі, экономисі.

Краков университетінде оқып, 24 жасында каноник (діни қызмет) болып сайланды. Италия мемлекетінде астрономия,философия, заң, медицина, т.б. ғылым салалары бойынша білімін жетілдірді.

Диана - Коперник жүйесінде Әлем кіндігі ретінде Күн алынады. Коперниктің бұл еңбегі ғылымдағы үлкен төңкеріс болды. Коперник бұл жаңалықтарын өзінің "Аспан сфераларының айналуы" атты кітабында баяндайды. Осы кітаптағы кейбір кемшіліктер кейін Иоганн Кеплер мен Исаак Ньютонның еңбектерінде түзетіліп, толықтырылды.

Раушан- Галилео Галилей - итальян философы, математик, физик, механик және астроном, табиғаттану ғылымдарының негізін салушы, өз заманындағы ғылымға өте қатты әсер еткен. Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған.

Ол Италияның Пиза қаласында 1564 жылдың он бесінші ақпанында кедейленген ақсүйек отбасында туған. 1581 жылы Пиза университетіне түсіп, медицинаны оқып үйренеді. Мұнда ол Аристотель, Евклид, Архимед еңбектерімен танысады.

Қызғалдақ - Галилей өзінің алғашқы телескопын (1609) құрастырады да, осы телескоптың көмегімен Шолпан планетасының фазасын, Күндегі дақты, Юпитердің төрт серігін, Сатурнның сақинасын ашты.

Галилей ашқан жаңалықтар дүниенің гелиоцентрлік жүйесі туралы ілімнің жеңіп шығуына ықпал етті. Галилей 1642 жылдың сегізінші қаңтарында Флоренция маңындағы Арчетри қаласында дүние салды.

Жанаргүл - Циолковский Константин Эдуардович - осы заманғы космонавтика мен ракеталық техниканың негізін қалаған ғалым. Жас кезінде ауыр науқастанып, есту қабілетінен мүлдем айрылған.

Айнамгөз - Циолковскийдің негізгі ғылыми еңбектері реактивті қозғалысқа,космонавтиканы және ракета жасауды дамытудың ең тиімді жолдарын анықтауға, көп сатылы ракета түрін жасауға, ракеталық отын түрлеріне, сұйық отынды ракеталық қозғалтқыш мәселесіне, планетааралық қатынастың даму болашағына арналған. Айдың көрінбейтін жағындағы кратердің бірі Циолковский есімімен аталады.

Айгерім - Королев Сергей Павлович - практикалық космонавтиканың негізін қалаушы, орыс ғалымы, конструктор, КСРО Ғылым Академиясының академигі (1958), 2 мәрте Социалистік Еңбек Ері (1956, 1961). Одессадағы кәсіптік-құрылыс мектебін (1924).

Гүлназ -Мәскеу жоғары техникалық училищесін (1930) бітірген. 1927 жылдан планерде ұшумен айналысты, 1930 - 31 ж. КСРО орталық аэрогидродинамика институтында қызмет істеді. 1932 - 33 ж. Реактивтік қозғалысты зерттеу тобын басқарды. Оның басшылығымен түрлі ракеталар (оның ішінде дүние жүзіндегі тұңғыш континентаралық баллистикалық ракета), ұшқыш басқаратын ғарыштық кемелер ("Восток", "Восход"), дүние жүзіндегі тұңғыш Жердің жасанды серіктері ұшырылды. Королев көптеген ғалымдар мен инженерлерді тәрбиелеп шығарды. Қазақстанда бірнеше рет болып, өзі жасаған ғарыш кемелерінің ұшу процесін бақылады.





Мұғалім сөзі: Ең алғаш ғарышқа үшқан кім деп ойлайсыңдар? (Лайка)

-Дұрыс ең алғаш ғарышқа ұшқан үй жануары ит. Ол 1957 жылы 3 қарашада 06:30 мин біздің жеріміздегі Байқоңыр айлағынан «Спутник-2» кораблімен ұшқан. Сол кезде оған тек 2 жас шамасында болған. Лайканың қайтып жерге оралуы мүлде қаралмаған, бірақта әркім қайтып келуін күткен. Лайка старттан 5-7 сағаттан кейін стресс және температураның жоғарылауынан қайтып кеткен. Дайындаушылар бір жұма өмір сүреді деп есептеген. Москвада Әскери - медициналық институттың ауласында Лайканың құрметіне еркерткіш қойылған.

- келесі ғарышкерлер туралы мағлұмат тыңдайық

2.Ғарышкерлер:

Рысгүл - Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев - қазақтың 2-ші, ал әлемнің 309-шы ғарышкері, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007). Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. 1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған.

1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.

Айдайсұлу - 1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабынде бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққаны жазылып алынған. Ол американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге ұшты. 2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген. Хоббиі - фортепианода, гитарада ойнау, ән айту.





Мейрамгүл - Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) - қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

1991 Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкер дайындау орталығында әзірлігін бастады, сынаушы ғарышкер-ұшқыш, сынаушы. «Союз ТМ» ғарыш кемесінде және «Мир» орбиталды кешенінде сынаушы ғарышкер-ұшқыштың жылдамдатылған машықтануын ұшу бағдарламасы бойынша өтті.

Айкөркем - 1991 жылы қазанның 2-інде Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибөк, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді.

Райхан - 1991 жылы қазанның 10-ында Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский, аустрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өткізген мерзімі - 7 күн 22 сағат 13 минут.

Балауса - Гагарин Юрий Алексеевич (9 наурыз 1934 жылы, Гжат (қазіргі Гагарин) ауданы Клушино ауылы Смоленскоблысы - 27 наурыз 1968 жылы, Владимир облысы) -КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағы батыры, ғарыш кеңістігіне сапар жасаған ең бірінші адам, полковник (1963), Кеңес Одағының Батыры (1961). 1961 жылы 12 сәуірде Восток ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан тарихта тұңғыш рет ғарышқа ұшты. Ол Жерді айналып ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейін Жерге қайта қонды.

Татьяна - Валентина Терешкова - 1963 жылдың 16-шы маусымында Совет ғарышкері Валентина Терешкова бірінші әйел косманавт ретінде ғарышқа көтерілген. Ол "Восток-6" ғарыш кемесімен орбитаға көтеріліп, ғарышта барлығы үш күндей болған.

Мұғалімнің сөзі: Қазақ халқының үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов - 27.07.1972 Талдықорған облысында дүниеге келген. 2007 жылы Ресейдің Юрий Гагарин атындағы ғарышкерлер дайындау орталығында дайындығын аяқтаған. 2015 жылы 2 қыркүйекте 2-бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған «Союз ТМА-18М» кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңыр ғарыш станциясынан Халықаралық ғарыш станциясына аттанды. Айдын Айымбетов ғарышта он күн болып, маңызды зерттеулер жүргізген болатын.

"Жерге сәтті қондық. Оның үстіне туған жерім қосымша күш берді. Дархан даламның хош иісі аңқып тұр. Мен мұнымен тоқтап қалмаймын. Ғарыш саласындағы жұмысымды одан әрі жалғастырамын", -деген Айдын Айымбетов.

- келесі планеталар туралы мағлұмат тыңдайық

3.Планеталар:

Бекболат - Болпан (Меркурий, Олпан, Таңшолпан, Кіші Шолпан) - Күнге ең жақын және Күн жүйесінің 1-ші ең кіші ғаламшары. Күнді 88 тәулік ішінде айналып шығады.Ал өз белін ұзақ уақытта айналып шығады, Болпанның бір тәулігі Жердің 176 тәулігіне сәйкес. Болпанды бақылау өте қиын. Бетіндегі температура күндіз +300 дәреже болса, түнде -200 дәрежеге төмендейді. Болпанның үстінде бұлттар жоқ, соңдықтан ғаламшарда жуан атмосфера жоқ. Аспаны қараңғы, жұлдыздар Болпаннан жарық көрінеді, Күн үлкен тәжі бар шар сияқты көрінеді. Болпанды әлемде "Меркурий" деп атайды, бұл атау көне юнанның Гермес құдайының мадағына берілген. Күннен орташа қашықт. 0,387 а.б. (58 млн. км), Күнді айналу периоды 88 тәулік, өз осінен айналу периоды 58,6 тәулік, орташа диям. 4878 км, массасы 3,31023 кг;

Алтынай - Шолпан - Күн жүйесіндегі оған жақын екінші ғаламшар. Көлемі мен массасы жағынан Жерге жуық болғандықтан, ерте кезден-ақ ғалымдардың назарын өзіне аударған. Алайда, оны тұтасқан ақ бұлт қабаты қоршап жатқандықтан, бұл ғаламшардың табиғаты мен қозғалысын оптикалық бақылаулар арқылы анықтау қиындық келтіруде. Дегенмен, радиобақылаулар нәтижесі күтпеген мәліметке қол жеткізді. Шолпан (Уранды есептемегенде) барлық ғаламшарлар айналатын жаққа кері бағытта, яғни өзінің Күнді айнала қозғалатын бағытына өз осі төңірегіндегі қарсы айналатын болып шықты. Ондағы күндік тәулік шамамен Жердегі 118 тәулікке тең. Оның Күннен орташа арақашықтығы 108 млн. км (0,723 астрономиялық бірлігі). Сидерлік айналу периоды 224 тәулік 16 сағат 49 мин 8 с. Жерден қараған бақылаушыға Шолпанның Күннен бұрыштық қашықтығы 48″-тан аспайды. Сондықтан ол Күн батқаннан кейін (кешкі жұлдыз) не Күн шығардың алдында (таңертеңгі жұлдыз) ғана аз уақыт көрініп тұрады.



Жаннат - Жер- Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жер эллипстік (дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29,765 км/с жылдамдықпен 149,6 млн. км орташа қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі - Ай. Ай Жерді 384000 км орташа қашықтықта айналады. Оның өз осінен айналу периоды 23 сағ 56 мин 4,1 с. Жердің өз осінен айналуы себебінен Жерде күн мен түн ауысса, ал оның осінің орбита жазықтығына көлбеулігі мен Күнді айналуы салдарынан Жерде жыл мезгілдері өзгеріп отырады. Жердің жасы шамамен 4,5 млрд. жыл деп есептеледі. Жер Күнді айналып жүрген 8 планетаның ішінде мөлшері мен массасы бойынша 5 орында. Жердің массасы 5,975•1021 т, орташа тығыздығы 5,517 г/см³, көлемі 1,083 млрд. км³, ауданы 510,2 млн. км², сыртқы пішіні 3 осьті эллипсоидқа (сфероидқа) жақын. Осы күнгі космогониялық түсінік бойынша Жер осыдан 4,5 млрд. жыл бұрын Күн айналасындағы кеңістіктен шашыраған газ-тозаң заттан, планеталар тартылыс күшінің әсерінен пайда болған.

Мұғалімнің сөзі: (қызықты мағлұмат)Сабақ жоспары Күн жүйесінің планеталарына саяхат

Ежелгі Русьте жер жұқа формалы киттердің үстінде жатыр деп есептеген.

Сабақ жоспары Күн жүйесінің планеталарына саяхат



Ежелгі гректер жерді өзен-теңіздердің арасындағы диск деп ойлаған.

Сабақ жоспары Күн жүйесінің планеталарына саяхат



Үндістер үлкен тасбақа үстінде төрт піл жұқа жарты дөңгелекті көтеріп тұр деп есептеген.







Тұрсынай - Марс (Қызыл жұлдыз) - Күн жүйесінің Күннен бастап санағандағы 4-ғаламшары; Жер тобындағы планеталар қатарына жатады. Орташа диаметрі 6800 км, массасы 6,423.1023кг, орташа тығыздығы 3,97 г/см3, бетіндегі ауырлық күшінің үдеуі 3,76 м/с2. Марс Күнді эллипстік орбита бойымен 24,2 км/с жылдамдықпен айналады, Күннен орташа қашықтығы 228 млн км (перигелийінде 206 млн км, афелийінде 249 млн км). Ертеректе Марста судың мөлшері біршама көп болған. Алайда ол кей беймәлім құбылыстарға байланысты жоқ болды. Оған дәлел қазіргі кездегі ғаламшар бетінде қалған өзендердің сағалары. Сондай-ақ, тек қана судың әрекет етуімен түзілетін минералдардың табылуы.

Арнайы скафандрсыз Марс бетінде адам да, кез-келген жануар да бір сәт те тіршілік етіп тұра алмас еді. Ғаламшар бетіндегі қысымның төмендігі соншалық, тірі жанның қан құрамындағы оттегі газға айналып кете барады. Бұл дегеніміз адам 5-10 секундтың ішінде жан тапсырады деген сөз. Марстағы тәуліктік орташа температура шамамен -60ºC құрайды. Марста озон қабатының болмауы себепті Күн шығыстан шыға салысымен ғаламшар беті адамды күйдіріп жіберетіндей радиация дозасын қабылдайды.





Айгүл - Есекқырған (кейде Юпитер) - Күн жүйесінің бесінші ғаламшары.

Қызылжұлдыз бен Сатурн(Қоңырқай) ғаламшарларының арасында орналасқан. Есекқырған Күннен 773 млн. шақырым қашықтығында орналасқан. Есекқырған Күн жүйесінің ең үлкен ғаламшары. Диаметрі бойынша ол Жерден 11 есе үлкен, салмағы бойынша 300 есе үлкен.

Есеккқырғанның бір жылы Жердің 11 жылына сәйкес, Есекқырған Күнді 11 жылда бір айналады. Бірақ Есенқырғанда Жердегідей жыл мезгілдері жоқ, өйткені ғаламшардың белі оның орбитасының жазықтығына перпендикуляр болып тұр. Есекқырғанның Жермен сәйкестегенде, жылы ұзақ болса, тәулігі өте қысқа.

Есекқырғанның бір тәулігі 9 сағат 50 минутқа сәйкес. Ол бар үлкен ғаламшарлар секілді өз белін өте жылдам айналады.

Ғаламшар бетіндегі орта шама температурасы −138 °C. Есекқырғанның табиғи серіктері - Еуропа(серік),Каллипсо, Ио, Ганимед.



Нұржанар - Қоңырқай (Сатурн) - Күннен санағанда алтыншы, салмағы мен үлкендігі бойынша Күн жүйесіндегі екінші ғаламшар.

Қоңырқа Күннен 1429 млн км (9,58 а.б.) қашықтықта орналасқан. Күннен айналу уақыты - 29,46 жыл.

Қоңырқайдың шамамен 30 серігі бар және ең күрделі сақиналар құрылысы бар ғаламшар.

Қоңырқай газды ғаламшарлардың қатарына жатады: ол газдардан тұрғандықтан қатты беті жоқ.

Ғаламшардың экваториялдық радиусы 60300 км тең, полярлық радиусы - 54000 км; Сатурн - Күн жүйесіндегі ең сопақ ғаламшар. Ғаламшардың массасы Жерден 90 есе асады, алайда Сатурнның орташа тығыздығы бар болғаны 0,69 г/см, бұндай шама оны Күн жүйесіндегі ең сирек атмосфералы ғаламшарлардың қатарына жатқызып қоймай, орташа тығыздығы судың тығыздығынан төмен ғаламшарына жатқызады.

Өз осінен Сатурн 10 сағат 39 минутта айналып өтеді.

Сатурнның жоғарғы атмосферасының 90%-ы сутегі және 7 пайызы гелийден тұрады. метан, су буының, аммиак және басқа газдардың қоспалары бар. Аммиак бұлттары Юпитерге қарағанда қоюырақ болады.



Әлия - Уран - Күн жүйесінің жетінші ғаламшары. Күнді 84 жылында бір рет айналады. Уран - күннен алыс жатқан планета. Ол газдан және қатты ядродан тұрады. Оның беткі қабатын көгілдір тұман жауып жатады. Оны тастар мен мұз кесектерінен тұратын 11 жұқа сақина, 15 серігі қоршап жатады. Ежелгі жұлдызшыларға бұл планета белгісіз болды. Планетаны ағылшынның ұлы астрономы В. Гершель телескоптың көмегімен ашқан. Оның Күнді айналу ұзақтығы 84 жердегі жылға тең. Оған гректің аспан құдайының аты берілген. Соңғы екі жүз жылдықта телескоппен бақылау нәтижесінде Уранның сақиналары мен 5 ірі серігі ашылды. Тағы шағындау 10 серігі бар. Олар 1986 жылы "Воджер- 2" автоматты станциясы Уранға ұшып барғанға дейін белгісіз болды. Оберон мен Титания атаулары В.Шекспирдің "Жазғы кештегі ұйқы" комедиясымен байланысты. Миранда мен Ариэль- Уранды айнала қозғалатын серіктері. В.Шекспирдің "Дауыл' пьесасындағы екі кейіпкер осылай аталған. Ал Умбриэль атауы А.Поповтың "Ұрланған бұрым" поэмасынан алынған.



Мейрамгүл - Нептун - Күн жүйесінің сегізінші ғаламшары, Күн Жүйесіндегі күннен ең алыс орналасқан ғаламшар. Диаметрі жөнінен ең үлкені, салмағы бойынша үшінші ғаламшар. Нептун Жерден 17 есе ауыр, Жерден 15 есе ауыр Уран ғаламшарынан сәл ауыр. Ғаламшар Римдік теңіз құдайының атымен аталған. Астрономиялық белгісі, Нептун құдайының үшұшты найзасы.

Нептунның сегіз серігі бар. Оның Тритон деп аталатын серігі мұз жамылғысына оранған. Күннің әлсіз сәулесі мұз қабатынан өте отырып, ішіндегі газды қыздырады. Қызған ыстық газ ағыны сыртқа атқылайды. Уақыт өткен сайын Нептундағы жұмбақтық бірде пайда болады, бірде жоғалып кетеді. Ғалымдардың ұйғаруынша, бұл- осы планетадағы қатты қапталудың белгісі. 1989,1994 жылдары астрономдар Қара дауыл деп аталатын үлкен қара дақты бақылады. 1994 жылы планетадан "Хаббл" телескопы Жердің мөлшеріндей үлкен түтікті байқады. Алып дауыл оны планетаның беткі қабаты бойымен екпіндетіп алып кеткен болу керек.



Мұғалімнің сөзі:

Аздаған уақыт бұрын ғана, кез келген білімді адам күн жүйесінде қанша планета бар деген сұраққа ойланбастан 9 деп жауап берер еді. Бірақ бұл дұрыс емес.

Мәселе мынада... 2006 жылы, дәлірек айтсақ, 26 тамыз күні, Халықаралық астрономия одағы конгрессінің 2,5 мың қатысушысы таң қаларлық шешім қабылдап, Плутонды күн жүйесіне кіретін планеталар тізімінен алып тастады. Бұған себеп, ғалымдардың әрбір планетаға қойылатын талаптарына Плутонның сәйкес келмеуінде. Күннен 6 миллиард қашықтықта орналасқан, өте салқын, ергежейлі және күнді 248 жылда 1 рет айналып шығатындықтан.

V. Қорытынды.

№1 тапсырма

3 топ күн жүйесіндегі планеталарды жарыс түрінде салыстырады.



Күн жүйесіндегі планеталар





Сабақ жоспары Күн жүйесінің планеталарына саяхатСабақ жоспары Күн жүйесінің планеталарына саяхат















№2 тапсырма

Тиістісін тап.

Сабақ жоспары Күн жүйесінің планеталарына саяхат

№3 тапсырма

Планеталардың аттарын жаз.

Сабақ жоспары Күн жүйесінің планеталарына саяхат

№4 тапсырма

Кестені толтыру

Сабақ жоспары Күн жүйесінің планеталарына саяхат

Сабақ жоспары Күн жүйесінің планеталарына саяхат







Күн туралы қызықты мағлұмат:

Күнді ежелгі адамдар ерекше жылулық себуші деп есептеген. Сабақ жоспары Күн жүйесінің планеталарына саяхат

Ежелгі Гректер күнді алтын шапанды,алтын арбадағы Гемос құдайы деп атаған.

Сабақ жоспары Күн жүйесінің планеталарына саяхат



Ал, Ежелгі австралиялықтар күнді аспанға шыққан сұлу қыз деп атайды.Оның сұлулығы мен мейрімділігі жылулық пен шуақ шашады деп ойлаған.Сабақ жоспары Күн жүйесінің планеталарына саяхат

</ Ежелгі мысырлықтар күнді өз алтын кемесімен аспан әлемінде жүзген Ра құдайы деп есептеген.



VІІ. Үйге тапсырма. Бағалау.





































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал