- Учителю
- Ашык сабак: Физика және табиғат
Ашык сабак: Физика және табиғат
ФИЗИКА ЖӘНЕ ТАБИҒАТ
Мақсаты: Оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын, ой-өрісін және танымдық деңгейін жоғарылату, ынтасын арттыру. Өз бетімен жұмыс істеуге, жауакершілікті сезіне білуге баулу мен қатар талабын ұштап, қиялын дамытып, логикалық ойлау мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Өз ойын жеткізе білу, өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Барысы: Оқушыларды екі топқа бөліп, ат қою: Жылдамдық және Қозғалыс
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме, бүгінгі сайысымызға, қатысушылар және көрермендер! Сіздер бүгін 7-сынып арасындағы «Физика әліппесі» атты сайысымызға келіп отырсыздар. Сайысқа 7 сыныптың оқушылары қатысады.
Сайысымыздың шартын түсіндіріп өтейік:
І бөлім. «Физика және табиғат». Таныстыру
ІІ бөлім. «Физика әлемінің жұмбақтары»
ІІІ бөлім. «Қызықты тәжірибелер сайысы»
ІУ бөлім. «Формула-физикалық тіл»
У бөлім. «Сіз білесіз бе, бұл кім?»
УІ бөлім. «20 құбылыс»
Әрбір сайыс түріне 10 ұпай дан қойылып отырады. Сайысымыздың бірінші бөлімі «Таныстыру» деп аталады. Екі команда өздерінің команда атымен, эмблемаларымен таныстырады.
І. Таныстыру. «Жылдамдық» тобы:
Шақырып жастарға сан-санамен
«Жылдамдық» топ жарғанын жар салады
Ту етіпд остық пенен татулықты
«Қозғалыс» тобын қарсы алады.
«Қозғалыс» биіктерге қалықтасын
Жеңіс туыжелбіреп алауласын
Бәйгені сенен ешкім ала алмасын
«Қозғалыс» тобы:
Осындай алғыр достар кез келгенде
Жетсек-ау жарыстарда біз жеңіске
Қарсылас болған менен құрбысыңдар
Тілейміз игі тілек сендерге де
Құрметтер алғырларды ой-саналы
«Қозғалыс» сәлем беріп, ән салады
Бүгінгі сайыстағы достарына
Қашан да тапқыр бол деп ой салады.
ІІ бөлім. «Физика әлемінің жұмбақтары»
1. Физика қандай ғылым?
2. Атом дегеніміз не?
3. Қанша зодиак шоқжұлдыз бар?
4. Қандай планеталар алып планеталар деп аталады?
5. Қозғалыстың неше түрі бар?
6. Жердің табиға серігі
7. Молекула дегеніміз не?
8. Заттың қанша күйі бар?
9. Аспанда қанша планета бар?
11. Диффузия дегеніміз не?
12. Гипотеза дегеніміз не?
13. Біздің ғаламда қанша жұлдыз бар?
14. Материя дегеніміз не?
15. Бізді қоршаған орта қалай аталады?
ІІІ бөлім. «Қызықты тәжірибелер сайысы»
1. Стақанға су құйыңдар. Үстіне марганцовка түйірін салыңдар. Қандай құбылыс екенін түсіндіріңдер.
2. Стақанға су құйыңдар. Үстіне йод тамшысын құйыңдар. Қандай құбылыс екенін түсіндіріңдер.
ІУ бөлім. «Формула-физикалық тіл»
1. Жылдамдық ρ=m/v
2. Орын ауыстыру v=m/ρ
3. Уақыт m=ρ*v
4. Масса x=x*υt
5. Көлем l=υ*t
6. Тығыздық t=S/υ
7. Қозғалыс υ=S/t
У бөлім. «Сіз білесіз бе, бұл кім?»
Интерактивті тақтада көрсетілген физиктердің атын жұмбақ түрінде жасырамын, сіздер кім екенін табасыздар.
1. Аристотель
2. Әбу Насыр әл-Фараби
3. М. В. Ломоносов
4. Галилео Галилей
5. Николай Коперник
6. Исаак Ньютон
УІ бөлім. «20 құбылыс»
Өзіміз білетін 20 құбылыстың атын айту . Қозғалыс тобына-табиғат құбылыстарының,
Жылдамдық тобына-физикалық құбылыстарының аттарын айту.
Әділ қазыларға сөз беру. Жеңімпаз команданы анықтап, марапаттау. Қорытындылау