7


  • Учителю
  • План урока в 7 классе по физике «Сапалық және мәтінді есептер шығару»

План урока в 7 классе по физике «Сапалық және мәтінді есептер шығару»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Бекітемін» «Қаралды» №29 ОМ директоры: ӘБ жетекшісі: К.Т.Досмагамбетова А.С.Анарбаева





















Физика пәнінен ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Сапалық және мәтінді есептер шығару» 7 «б» сыныбы





























Орындаған : математика және физика пәнінің мұғалімі Жекенова Бибигуль Тулеубаевна 10.03.2016ж.













Астана -2016

Сыныбы 7 «б»

Пән атауы: физика

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс

« Сапалық және мәтінді есептер шығару»

Сабақтың мақсаты: « Қысым» тарауы бойынша физикалық ұғымдардың мазмұны мен маңызын еске түсіре отырып, теориялық сұрақтарға жауап беруде, эксперименттік тапсырмаларды орындауда, есеп шығара білуді үйрету.

Сабақтың міндеті:

*Қысым тарауын қайталап, еске түсіру;

*Топта бірлесе, ынтымақтаса, белсенді жұмыс жасауына жағдай жасау;

*Оқушының логикалық ойлау қабілетін , физикалық ұғымдарды еске сақтау қабілеттерін арттыруына ықпал ету;

Күтілетін нәтиже:

*Оқушыларды тарауды қайталап, өтілген формулалар мен теоремалық есептерді еске түсіреді.

*Қысым тарауына есептер шығара білуді үйренеді.

* Топпен жұмыс жасауды үйренеді, қорытынды жасауға дағдыланады.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Үй тапсырмасын тексеру 3. Өткенді қайталау. Серпілген сауал" әдісі: Абай Құнанбаев: "Қансонарда бүркітші шығады аңға" І топ. "Қансонарда..." ІІ топ. "Сегіз найза..." ІІІ топ. " Үйірілген үш тоғыз..." өлеңі (суреттерді сөйлету,оқушылардың ойлары)



</ 4. Негізгі бөлім: "Ойлан, жұптас, бірлік"топтық жұмыс

І топ-Паскаль тобы

Өлшемдерді ХБЖ (Si) келтір:

3кПа - Па

60000Па - кПа

5гПа - Па

0,5М Па - Па

2000Па - кПа

400 Па - кПа

0,2 кПа - Па

0,02кПа - Па

Мәтінді есептер:

1 тапсырма: Көлемі 10 гранит тас өзен түбінде жатыр. Оны суда, ауада көтеру үшін, қандай күш жұмсау керек?

2 тапсырма: Массасы 200 кг,ал ауданы 2,5 дененің түсірілген қысымын анықта.

Сапалық есептер:

1)Неге шөл далада аттан гөрі түйе құмға батпайды? 2)Қасқырдың жылдамдығы 15 м/с болса, онда ол жылдамдығы 72 км/сағ. Киікті қуып жете ала ма?

3)эксперименттік тәжірибелер (дененің партаға түсірген қысымын анықта)





ІІ топ-Торричелли тобы

Кестені толтыр

Шаманың атауы

Белгіленуі

Өлшем бірлігі

Формуласы

қысым







күш







аудан







ауырлық күші







Архимед күші







тығыздық







көлем







Мәтінді есептер:

1 тапсырма: Өлшемі 3,5*1,5-0,2 темір бетонды тақта толық суға батырылған. Тақтаға әсер ететін архимед күшін есептеп шығарындар.

2 тапсырма:Бетпе 30 кН күш түсіріп, 2кПа қысым алсақ, ауданы қандай болған?

Сапалық есептер:

1) неліктен орындықта қатты да, киіз үйде көрпешеге отырғанда жұмсақ болып сезіледі? 2)Қасқырдың жылдамдығы 15 м/с болса, онда ол жылдамдығы 72 км/сағ. Киікті қуып жете ала ма?

Демонстрациялық тәжірибелер (cтакан,пипетка,шприц,су)





ІІІ топ - Архимед тобы

Атмосфераның маңызы туралы 3сөйлемнен тұратын эссе жаз.

Мәтінді есептер:

1 тапсырма: Мөлшері 4,0*0,3*0,25 темірбетон тақта көлемінің жартысына дейін суға батырылған. Тақтаға әсер еткен архимед күшін есептеп шығарындар.

2 тапсырма: Массасы 58 кг спортшы шаңғыда тұр. Әр шаңғының ұзындығы 1,95м, ал ені 0,2м. Спортшы қарға қандай қысым түсіреді?

Сапалық есептер:

1)Қасқыр мен киіктің массалары жуық шамамен бірдей. Қасқырдың жерге түсірген қысымы 16кПа. Ал киіктігі 50кПа. Қасқырдың ауданы табанының ауданы үлкен бе, әлде киіктің тұяғының ауданы үлкен бе? 2)Қасқырдың жылдамдығы 15 м/с болса, онда ол жылдамдығы 72 км/сағ. Киікті қуып жете ала ма?

3)Демонстрациялық тәжірибелер (Архимед күшін тексеру)

Сергіту сәті

1.Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасақ,

Ньютонға ол келеді.( Күш)

2. Өзі затты құрайды,

Теңесуге таразыны сұрайды.(масса)

3. Алтын теңге кетеді,

Күміс теңге келеді.( Ай мен күн)

Анам астың қамырын илепсәл кептірген соң пісіру үшін қайнап жатқансорпаға салды.Сорпаға жайма нанды салаарда 4-ке бөліп және оның ортасын тіліп жіберді. Сұрақ:

Сорпаға саларда жайма нанның ортасы неліктен тілінеді?

Аналарымыз көрпе немесе іс тіккен кезде бармаққа оймақ киеді.

Сұрақ

Бұл жерде оймақтың қажеті не?

Жұқа мұз жапқан өзеннің ортасында жүзіп жүрген балыққа жету үшін түлкі мұздың үстімен жүреді. Сол кезде мұз түлкіні көтермейтіндей болады. Оны білген қу түлкі мұздың үстіне жайылып жатып жылжиды.

Сұрақ:

Түлкі мұзда 4 аяғымен жүргенде бата ма әлде жайылып жатып жылжыған тиімді ме?





5. Рефлексия «АУА РАЙЫ»

6. Үйге $33-47 қайталау

7. Қорытынды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал