- Учителю
- Конспект урока на тему 'Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті' 9 класс
Конспект урока на тему 'Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті' 9 класс
Сынып: 9 «А» Мерзімі: 3.09.14
Сабақтың тақырыбы: Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті
Сабақтың мақсаты:
білімділік:
дамытушылық: оқушыларды өз бетімен еңбектенуге үйрету, ой өрісін дамыта отырып кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, алғырлыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, мысалдар келтіру
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, таратпа қағаз .
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Оқушылар назарын сабаққа аудару
в) ТҚ таныстыру,журналға белгілеу
Үй тапсырмасын тексеру: 8 сынып бойынша қайталау (таратпа қағаз)
Жаңа сабақ:
Механика
Кинематика Динамика
Механиканың қозғалыстарды Механиканың қозғалыстарындағы
сипаттайтын шамалар арасындағы себептерді қарастыратын бөлімі
байланысты қарастыратын бөлім
Қозғалыс табиғаттағы кез келген өзгерісті білдіреді.Біз кинематикада осындай өзгерістердің ең қарапайым әрі кең тараған түрі - денелердің орын ауыстыруына байланысты туындайтын механикалық қозғалысты қарастырамыз.Расында да, айналамызға көз жүгіртсек, бізді қоршаған ортадағының бәрі де үздіксіз қозғалыста болатынын байқаймыз. Қала мен ауыл көшелеріндегі адамдар, дала мен орман таулардағы жан-жануарлар, теңіздер мен көлдердегі балықтар - осылардың бәрі де қозғалыста болады.Сондай ақ өсімдік бойындағы органикалық заттар, адамның қан тамырларындағы қан үнемі қозғалыста болады.Заттарды құрайтн молекулалар мен атомдар да үздіксіз қозғалыста болатыны өздеріне мәлім.
Алайда бізді қоршаған ортада қозғалмайтын денелерді де көреміз.Мысалы бөлмедегі үстел, оның үстіндегіжатқан кітап, аялдамаға келіп тоқтаған автобус, құрылыстағы кран жерге қатысты қозғалмай тұрады.
Дегенмен бұл мысалдар дүниедегі барлық нәрселер қозғалмаста болады деген пікірді жоққа шығара алмайды. Өйткені жер бетіне қатысты қозғалмай тұрған дене Жермен қоса оның осін айналады әрі онымен бірге Күнді де айнала қозғалады.
Бұдан шығатын қорытынды:абсолют қозғалмайтын дене жоқ.
Матеря
Бізді қоршаған орта үй,кітап, мәшине т.б
Сабақты қорыту: Не білдім? Не үйрендім?
Үй тапсырмасы: §1 оқу, 1 - 4 сұрақтарға жауап.
Бағалау: оқушыладың белсенділктеріне қатысты бағлау