- Учителю
- Открытый урок для 11-го класса на тему Активное сопротивление
Открытый урок для 11-го класса на тему Активное сопротивление
11-сынып
</ Сабақ тақырыбы: §2.1. Айнымалы ток.
Айнымалы ток тізбегіндегі активті кедергі.
Ақбаева Алмакүл Садырқызы. Физика пәні мұғалімі
Қызылорда обл.Жаңақорған ауданы,№3 мектеп-интернат
Тел:8776700768
Балалар, төмендегі бос орындарға жауап жазыңдар.
(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)
І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап,
бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а)
ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың ІІІ кезеңінің үш деңгейлік
тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «
Көпір» тапсырмаларын тексереді.
«КӨПІР» тапсырмалары (оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайын-далып келеді)
I-кезең.
Бос орынға қажетті сөздерді жаз
1)Айнымалы ток дегеніміз не?
Ж:Тізбекте орныққан........ электромагниттік тербелістерді айнымалы ток деп атайды.
2)Айнымалы ток қандай заңға сүйенеді?
Ж: .....және .......заңдарына.
3)Квазистационар ток деп қандай токты атайды?
Ж:Берілген уақыт мезетінде өткізгіштің кез-келген қимасындағы ток күшінің мәні .......мәні тең болатын токты айтады.
4)Квазистационар ток Ом заңына бағынады ма?
Ж:Квазистационар ток үшін Ом заңы орындалады:
Ii=.../ R
5.Айнымалы ток қосылған тізбектегі ток күші мен кернеу тербелісінің теңдеуі қалай өрнектеледі?
Ж: i=....sinwt, u=.....coswt
ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.
1-қадам: теория бойынша «Білу»
үшін тақырып мазмұнынан кім?не?
қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек.
Төмендегі анықтамалар қалай тұжырымдалады?
1) Актив кедергі дегеніміз не?
Ж:........ мен жалғағыш сымдардан тұратын қарапайым тізбектің кедергісі едәуір .......болатын R кедергіні актив кедергі деп атайды.
2)Ток күші мен кернеудің лездік мәні неге тең?
Ж: i= u/R=.....coswt/R= ......coswt;
3) Лездік қуаттың мәні:
Ж: Р =...R
4)Актив кедергісі бар тізбектегі айнымалы токтың орташа мәні неге тең?
Ж: Р=....R/2
5)Айнымалы ток күшінің әсерлік мәні дегеніміз не?
Ж:Бірдей уақыт ішінде актив кедергіде айнымалы ток жүргенде бөлініп шығатын .....тең жылу..... бөліп шығаратын тұрақты ....күшіне тең шаманы айтады.
2-қадам: теорияны «Түсіну» үшін
неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады (оларды тереңдету үшін
Себебін анықта.
1) Айнымалы ток көзіне қосылған актив кедергісі бар тізбектегі ток күші Ом заңына бағынады ма?
Ж:Бағынады,дегенмен айнымалы ток болғандықтан ток күшінің........,
әсерлік,.....мәндері арқылы өрнектеледі.
2)Ток күші мен кернеу тербелістерінде фазалық айырмашылық бар ма?
Ж: Актив кедергісі бар тізбекте ток күші мен кернеу тербелістерінде фазалық айырмашылық ....-ге тең.
i=Imcosωt-ток күшінің тербеліс теңдеуі,
u=......cosωt-кернеу тербелісі.
3)Тізбекте актив кедергіден басқа сыйымдылық,индуктивтілік кедергілер болуы мүмкін.Қайсысында жылу көбірек бөлінеді?
Ж:Жылу эгнергиясы тек..... кедергіде бөлінеді,өйткені тек ......кедергісі бар жүктеме ғана генератордан алынған энергияны жұтады.
3-қадам: теорияны «Талдау» үшін
1.Салыстыр,
2. Айырмашылы-
ғы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды
Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.
Тұрақты ток Ұқсастығы Айнымалы ток
4-қадам: теорияны «Жинақтау» үшін Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады
төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға
беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға
арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады .
Нәтижесі ауызша марапатталады.
5-қадам: практика жүзінде «Қолдану» (оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалар-
мен бекіту жүргізіледі
№2.2.1
Айнымалы ток тізбегіндегі кернеудің амплитудалық мәні Um=10B;
Кернеудің t=T/4 мезетіндегі мәнін анықтаңдар:
БЕР: Um=10B; Шешуі:
t= T/4 u=....cosωt= ....cos2Пt/Т
----------------------
Т/К:u=? u=10 cos2ПT/...=...B;
Жауабы: ....В-қа тең
6-қадам: : практика жүзінде «Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады
Неліктен тұрмыста айнымалы токты пайдаланғанда орташа қуат мәнін қолданамыз?
Ж: Өйткені үйімізге жарық беретін электр желісінде,заводтар мен фабрикалардағы электр желісіндегі,заводтар мен фабрикалардағы айнымалы токтың жиілігі ....Гц.Электр шамы секундына 100рет жыпылықтайды,тек біз мұны көрмейміз.Бізге үздіксіз жанып тұрғандай болады.Сондықтанда қуаттың орташа мәнін аламыз.
2)Айныма ток тізбегіндігі Ом заңы бойынша актив кедергі қандай шамаларға тәуелді?
Ж: R=... /Im-өрнегі бойынша кернеу мен ток күшінің .........мәндеріне тәуелді.
ІІІ кезең: Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау
ІІІ кезең (кері байланыс - бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.
І деңгей (5 балл)-«3»
1-қадам: теория бойынша «Білу»
үшін тақырып мазмұнынан кім?не?
қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек
Тест сұрақтарына жауап бер:
1)Актив кедергісі бар сызбаны көрсет:
А) В)
С) Д)
2) Резистор мен .......сымдардан тұратын қарапайым тізбектің кедергісі едәуір үлкен болатын кедергіні қалай деп аталады?
А)актив В) индуктивтілік
С) сыйымдылық Д)толық
3) Лездік қуаттың мәні:
А) р =i2R В) Р=Im2R/2
С) Р=Im2R/ Д) р =I2R
4)Актив кедергісі бар тізбектегі айнымалы токтың орташа мәні неге тең?
А) р =i2R В) Р=Im2R/2
С) Р=Im2R Д) р =I2R
5)Бірдей уақыт ішінде актив кедергіде айнымалы ток жүргенде бөлініп шығатын жылуға тең жылу мөлшерін бөліп шығаратын тұрақты ток күшіне тең шаманы не деп атайды?
А) амплитудалық В) лездік
С) әсерлік Д)активтік
2-қадам: практика жүзінде «Қолдану» (оқулықпен жұмыс.
ІІ кезең, 5-қадамдағы қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)
2.2.2
Актив кедергісі R=400Oм айнымалы ток тізбегінде кернеу Um=220cos100Пt заңдылығымен өзгереді.Осы тізбектегі ток тербелісінің теңдеуін жазыңдар.Ток күші t=T/4уақыт мезетіндегі мәнін табыңдар.
2.2.3
Акктивті кедергісі R=50Ом айнымалы ток тізбегіндегі кернеу амплитудалық мәні Um=100B, тербеліс жиілігі v=100Гц.Осы тізбек бөлігіндегі ток тербелісінің теңдеуін жазыңдар.
Жауабы:
i=0.55cos100Пt;0
i=2cos200Пt
1-аралық нәтиже:
Бірінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі (бірінші аралық өлшемі): - «дұрыс», «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю.К.Бабанский). Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі - бес балл = «сынақтан өтті» = «қанағаттандырарлық» білім деңгейінің өлшемі = «3» журналға қойылады, егер келесі деңгей тапсырмаларын меңгере алмаса.
ІІ деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл)-«4»
3а-қадам: теорияны «Түсіну» үшін
неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады (оларды тереңдету үшін)
Тек актив кедергісі бар тізбектегі айнымалы токтың бір периоды ішіндегі орташа қуаты қалай өрнектеледі?
Ж:Айнымалы токтың лездік қуаты р =..... формуласымен анықталады.Осы өрнекке i=Imcoswt қойсақ,онда p=Im2cos2wt,ал cos2wt=1+coswt/2-ға тең.Осыдан p= Im2R/2+ Im2R/2cos2wt,ал косинустың ең үлкен мәні...-ге,ал ең кіші мәні ....-ге тең.Сондықтан орташа қуат тек бірінші қосылғышқа тең: p= ......
3б-қадам: теорияны «Талдау» үшін
1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. ІІ кезеңде Венн диаграммасы арқылы орындалған тапсырманы кесте түрінде беріп, баланың білімін тексеруге болады.
Төменде графиктердің қайсысында актив кедергісі бар сызба кескінделген және ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
Ж: Ұқсастығы үшеуінде де ток күші мен кернеу тербелісі бейнеленген.
Актив кедергісі бар графикте ток күші мен кернеу тербелісінің арасындағы фазалық айырмашылық.....,сыйымдылық кедергі мен индуктивті кедергісі бар графикте ток күші мен кернеу тербелісі арасындағы фазалық айырмашылық .....-ге тең.
4-қадам: практика жүзінде «Қолдану. ІІ-кезең қарапайым тапсырмаларының өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады
Оқулықтағы №2.2.4-2.2.6
2- аралық нәтиже:
Екінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік деңгейдің сапалық өлшемі (екінші аралық өлшемі): - оқушының бірінші деңгейдегі «дұрыстылық» пен «толықтылдық» деп аталатын білім сапасының түрлеріне «тереңділік» пен «әрекеттілік» сияқты түрлері қосылады. Білім, біліктілік сапасының сандық өлшемі - алғашқы жинаған бес баллға + 4 балл = 9 балл = «4» , яғни «жақсы» деген баға журналға қойылады, егер оқушы келесі деңгейді меңгере алмас
5-қадам: теорияны «Жинақтау» үшін Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады.
ІІ-кезең, 4-қадамда «жинақтауға» берілген тапсырма басқа формада беріліп, баланың білім деңгейі бағаланады.
ІІІ деңгей (9 балл + 3 балл = 12 балл)-«5»
Дддддддддд
6-қадам: : практика жүзінде «Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмаларды орындату арқылы оқушының жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге қолдана алу дәрежесі бағаланады
№2.2.7
Тізбек бөлігінің ұштарында кернеу u=Umsin(wt+п/6)заңымен өзгереді.Уақыттың t=T/12 мезетіндегі кернеу u=10B.Кернеудің әсерлік мәнін анықтаңдар.
Бер: u=Umsin(wt+п/6) Шешуі:
t=T/12 U=... /√2
u=10B. Um= .../cos(2Пt/Т+....);
-------------------------- Um=..../cos(2ПT/12Т+....)=11.56B; U=11.56/√2 =8.2 B;
т/к:U=? Жауабы: U=8.2В
3-нәтиже
Үшінші деңгейдің нәтижесі (түбегейлі көзделген нәтиже): алғашқы екі деңгейде жинаған 9 баллға + 3 балл =12 балл = «5» журналға қойылады. Оқушының білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «толық», «әрекеттілік» пен «тереңділік»-ке «жүйелілік» пен «саналылық» қосылып, барлығының жиынтығы «берік» білім болып саналады (Ю.К. Бабанский).
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Ж.У.Кобдикова «Қазақстанның жаңа үлгідегі мектебін құруына негіз болатын жоба-«Үшөлшемді әдістемелік жүйе(УӘЖ)»
2.С.Тұяқбаев,Б.А.Кронгарт.11 сынып «Физика» оқулығы
3.Кронгарт.Кем «Дидактикалық материалдар. «11 сынып»;
4.Рымкевич «Физика есептері жинағы»;