7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы Есептер шығару.

Сабақтың тақырыбы Есептер шығару.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы Есептершығару. Сілтеме 1.Ұзақ мерзімді, орта мерзімдіжоспар.2.Мұғалімге арналған нұсқаулық, І деңгей. 3.А. Орақова, Ж. Жартынова «Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару»4.Ғаламтор . Жалпы мақсаты 1.Танымдық: Дене импульсі,
предварительный просмотр материала


Шілдебаева Айгүл Амангелдіқызы

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы

№201 орта мектеп-лицейінің

физика пәнінің мұғалімі



Қысқа мерзімді жоспар № 21


Сабақтың тақырыбы


Есептер шығару.

Сілтеме

1.Ұзақ мерзімді, орта мерзімді жоспар.

2.Мұғалімге арналған нұсқаулық, І деңгей.

3.А. Орақова, Ж. Жартынова «Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару»

4.Ғаламтор .


Жалпы мақсаты


1.Танымдық: Дене импульсі, күш импульсі, кинетикалық энергия, толық энергия, потенциалдық энергия формулаларына жаттығу жұмыстарын орындату арқылы олардың есеп шығару дағдысын дамыту.

2.Эмоциялық: Сыныптағы ынтымақтастық негізінде психологиялық жағымды орта қалыптастыру.

3. Әлеуметтік: Әлеуметтік өзара әрекеттесетін жұмыс түрлерін ұсыну, жұппен жұмыс жасау , бірлесіп жұмыс жасауға баулу.


Ресурстар


Интерактивті тақта, маркерлер, стикерлер, постерлер, оқулық, бағалау парағы, электрондық оқулық 9 сынып, тапсырмалары бар парақшалар.


Күтілетін нәтиже


Оқушылар формулаларды қорыта алады, түрлендірулер арқылы жоғары, орташа, жеңіл есептерді шығарады.

Дереккөз

1.Б.М. Дүйсембаев, Р.Башарұлы, Д.Қазақбаева, У.Тоқбергенова, Н.Бекбасар «Физика және астрономия 9сынып» Алматы «Мектеп» 2009ж

2. А.П.Рымкеевич. Физика есептерінің жинағы, Алматы «Мектеп» баспасы, 2012

3. Б.А. Кронгарт,С.М. Тезекеев Физика және астрономия. Есептер жинағы. 9сынып

Алматы, «Мектеп» 2009

Әдістер


Сергіту

«Миға шабуыл»

«Топтық жұмыс»


Бағалау.



Топтық жұмыс. Екі жұлдыз, бір тілек.

Жұптық жұмыс. Ауызша мадақтау.

Жеке жұмыс. Критерийлер арқылы.

Жиынтық бағалау.

Тапсырмалар


1.Миға шабуыл (Сәйкестендіру )


2.Топтық жұмыс ( Есеп шығару үлгісімен танысу)


3.Жұптық жұмыс ( Анықтамалық кесте)


4.Жеке тапсырма (Деңгейлік тапсырмалар )

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары (мұғалім және оқушы немен айналысады) :




Сабақ кезеңдері


Әдістер


Мұғалімнің іс- әрекеті


Оқушының іс- әрекеті


1


Ұйымдастыру кезеңі

(3 минут)


Сергіту.


«Адасқан заттар» ойыны.

«Топқа бөлу»


Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, зейінін сабаққа аудару.

«Адасқан заттар» ойыны арқылы топқа бөлу.

Оқушылар «адасқан заттар » ойынын ойнайды.

Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді.

2


Үй тапсырмасын сұрау

(5 минут)


«Кім жылдам?»


«Миға шабуыл» .

«Сәйкестендіру»



Топтарға стикерлер таратылып беріледі.

Оқушыларға сәйкестендіру тапсырмасы беріледі.

Оқушылар стикерге үй тапсырмасына байланысты сұрақ жазады, келесі топқа береді, топтар жауап береді.


Тапсырманы орындай отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.



3



Мағынаны тану.

(18 минут)

Топтық жұмыс.

«Аялдама әдісі» арқылы есеп шығару үлгісімен танысу


Жұптық жұмыс.

«Анықтамалық кесте»

Топтарға бір есептен беріледі, есепті шығарып, келесі топқа барып шығарылу жолын түсіндіреді.

Оқушыларды жұпқа бөліп, тапсырма беру.

Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы орындайды, есеп шығару үлгісін таныстырады.

Ойларын ортаға салып, топта талқылайды.

«Аялдама әдісі» арқылы топ спикері келесі топқа барып қорғайды.

Екі оқушыдан бірлесіп тапсырманы орындайды.

4


Ой толғаныс.

(14минут).


Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.


Тапсырмалары бар парақшаны тарату.



Оқушылардеңгейлік тапсырманы орындайды, есеп шығарады .

5


Кері байланыс

(3 минут)


«Маған ұнады, маған ұнамады».



Оқушылар өзінің сабақта алған әсерлерін стикерге жазып, тақтаға іледі.

6



Үй тапсырмасы.


Кейінгі тапсырмалар.


Энергия. Энергияның сақталу заңы (қайталау) .


Кейінгі оқу.

Сөзжұмбақ құрастыру «Энергия», «механикалық жұмыс»


1.Миға шабуыл.

Ойланып, сәйкестігін табыңдар.


1.Дене импульсі


2.Толық энергия


N = F * υ

3.Күш импульсі


4.Потенциалдық энергия


A = F * S *cos

5.Механикалық жұмыс


F *  t

6.Қуат


p = m * υ

7.Импульстің сақталу заңы


Етол = Ек + Еп

8.Кинетикалық энергия


2.Топтық жұмыс.

І топ. Массасы 8 кг дененің 5 м биіктіктегі жылдамдығы 3 м/с. Дененің потенциалдық, кинетикалық және толық энергиясын табыңдар

ІІ топ. Шананы көкжиекпен 300 бұрыш жасайтын арқанға 80 Н күш түсіріп, 100 м сүйрегенде , қандай жұмыс атқарылады?

ІІІ топ. 9 м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатқан массасы 60 кг спортшы 2 м/с жылдамдықпен оған қарсы бағытта қозғалып келе жатқан массасы 150 кг арбаға қарғып мінді. Үстінде спортшысы бар арба енді қай бағытта және қандай жылдамдықпен қозғалады?


3.Жұптық жұмыс. Анықтамалық кесте.


Физикалық шаманың атауы

Өлшем бірлігі


Формуласы


Анықтамасы


1


Дене импульсі

2


Күш импульсі

3


Толық механикалық энергия

4


Кинетикалық энергия


5


Потенциалдық энергия


6


Механикалық жұмыс


4.Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей


1.Жер бетінен 2 м биіктіктегі бұтақта ілініп тұрған массасы 250 г алманың кинетикалық энергиясын анықтаңдар. (1 ұпай)

2.Массасы 10 г ұшу жылдамдығы 600 м/с оқ қабырғаны тесіп өткен соң, 200 м/с жылдамдықпен қозғалады. Оқтың қозғалыс мөлшерінің өзгерісі неге тең? (1 ұпай)

3.Реактивтік қозғалтқыштың жылдамдығын қандай тәсілдермен арттыруға болады? (1 ұпай)


ІІ деңгей

1. Массасы 10 т вагон 2 м/с жылдамдықпен қозғалады. Оны 3 м/с жылдамдықпен келе жатқан массасы 15 т вагон қуып жетеді. Егер соқтығысу серпімсіз болса, соқтығысқаннан кейінгі вагондардың жылдамдығы неге тең? (2 ұпай)

2.Егер массасы тұрақты дененің жылдамдығы екі есе азайса, онда оның кинетикалық энергиясы қалай өзгереді? Ал жылдамдығы тұрақты болып массасы 3 есе артса ше? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.(2 ұпай)


ІІІ деңгей


1.Ғарыш кеңістігін игерудің адамзатқа тигізер пайдасы бар ма? (Эссе) (4 ұпай)


Критерийлер арқылы бағалау.

«3» - 4-5 ұпай

«4»- 6-9 ұпай

«5» - 10-11 ұпай

Рефлексия.

Сабақта мақсатыма жете алдым ба ________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________

Сабақтың тиімді жақтары _________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________

Тиімсіз болған жақтары ___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________

Келесі сабақта нені ескеру қажет _________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал