- Учителю
- Сайыс сабақ 'Физика әлеміне саяхат' (7-сынып)
Сайыс сабақ 'Физика әлеміне саяхат' (7-сынып)
БҚО, Казтолов ауданы, Жас негізгі жалпы білім
беретін мектебінің физика пәні мұғалімі
Жетписова Улдай Галимовна
8711 38 26 - 2 -20
Сабақтың тақырыбы: Физика әлеміне саяхат
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушының сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру. Өткен тарау бойынша алған білімін тиянақтау және бекіту;
Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін шыңдау, білім деңгейін көтеру;
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, бірлесе жұмыс істеуге, бірін-бірі тыңдауға, шапшаңдыққа, көмектесуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы
Пәнаралық байланыс: ағылшын және орыс тілдері
Сабақтың көрнекілігі: физик - ғалымдардың суреттері, сөзжұмбақ, үлестірмелі карточкалар, формулалар жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі өткелі отырған «Физика әлеміне саяхат» атты білім сайыс сабағына қош келдіңіздер. Сайысқа үш топ қатысады.
Олар: Молекула, Инерция, Ньютон
Ғылымдардың ғылымы
Физика жайындағы
Сайысымызды бастаймыз. Сайысымыз 5 турдан тұрады. Олар:
Жоспар:
-
Бәйге
-
Полиглот
-
Ойлан, тап
-
Сөзжұмбақ
-
Кім тапқыр?
Уа, жараңдар, жараңдар!
Бәрің бері қараңдар
Бәріңе жар салайық
Бүгінгі сайыс төрінде
Физиканың елінде
Физиканың тілінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып
Шабыт тасып шалқысып-дей келе 1 тур Бәйге турын бастаймыз.
10
10
10
20
20
20
30
30
30
-
Сол жақтағы 10, инерция заңын ашқан кім? Галилей
-
Сол жақтағы 20, аудан қандай әріппен белгіленеді және өлшем бірлігі?
-
Сол жақтағы 30, массаның өлшем бірлігі? Килограмм
-
Ортадағы 10, материя дегеніміз не?
-
Ортадағы 20, астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы?
-
Ортадағы 30, астрономия нені зерттейді?
-
Оң жақтағы 10, ең қатты дене?
-
Оң жақтағы 20, табиғат дегеніміз не?
-
Оң жақтағы 30, көлемнің өлшем бірлігі және белгіленуі?
2 тур Полиглот бұл турда физикалық шамалардың формуласын, физикалық шамаларды орыс тілінде, ағылшын тілінде жазу.
Физикалық шама
формуласы
Орыс тілінде
Ағылшын тілінде
Масса
Уақыт
Көлем
Тығыздық
Жол
Ұзындық
Жылдамдық
3 тур Ойлан тап, бұл турда 3 топқа 3 ғалым беріледі, сол ғалымның өмір сүрген жылдары, қандай ұғым енгізді, сол ұғымның анықтамасы, қай ұлттың ғалымы екенін табу.
І топ - Галилей
ІІ топ- Коперник
ІІІ топ - Ньютон
4 тур. Сөзжұмбақ
5 тур. Кім тапқыр? Бұл турда 3 топтың топбасшыларына екі формуладан беріледі, жасырулы шаманы тауып, қандай формула екенін айтады.
Қорытынды: әділқазылар алқасы екі топтың қанша ұпай жинағанын айтады, женген топты марапаттайды.