- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: Жұлдызды сәт
Сабақтың тақырыбы: Жұлдызды сәт
№16 лицей мектебі
Сыныптан тыс сабақ
(7-ші сынып оқушылары арасында физика пәнінен сайыс)
Пән мұғалімі: Шоменова Ж.С.
2014 жыл
Жұлдызды сәт.
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Ойын. Жарыс.
Жоспары:
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті жиылған қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, «Жүзден жүйрек, мыңнан тұлпар» сайыскерлер. Бүгінгі «Жұлдызды сәт» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Есенбісіз ұстаздар,
Шаршамайтын қыс-жаздар.
Көрермендер аман ба,
Отырған анау, ойланып.
Бірге: Бәріңізге бір сәлем!
2-жүргізуші: Онда кешті бастайық,
Екеуіміз асып-саспайық.
1-жүргізуші: Мінеки мұнда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Көпшілікті тостырмай,
Міне, қазір бастаймыз.
2-жүргізуші: Физика еді өмірдің
Асыл бір үлкен саласы.
Жаңарды сол физикамен
Елімнің өзен, даласы.
1-жүргізуші: Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды өскен жерге.
Жансызға жан бітіріп, қолға салып,
Физика кереметті көрсетті елге.
2-жүргізуші: Ендеше, құрметті көрермендер, «Жұлдызды сәт» атты физикалық кешімізді тамашалаңыздар!
1-жүргізуші: Бүгінгі ойынның жұлдыздары: 7 «а» , 7 «б», 7 «в» сынып оқушыларынан тұратын 2 топ. Келесі сөздің кезегін өздерін таныстыруға топтарымызға береміз.
ТАНЫСТЫРУ
1-топ: «Күш» тобы
Ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн ойында ойшылдықпен аламыз.
Сәлемдесуі:
Достарым ерігіп жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос.
Жеңіспен мәреге барайық,
Жеңістің ұранын салайық.
2-топ: «Қысым» тобы
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі:
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!
Сонымен, біздің топтарымыздың аттары «Күш» тобы, «Қысым» тобы екен.
2-жүргізуші: Бүгінгі ойында әділ баға беруші қазылар алқасы:
1-жүргізуші: Бүгінгі ойынның шарттарымен таныс болыңыздар. Ойын 4 турдан және көрермендер сайысынан тұрады:
І-тур. «Блиц турнир»-деп аталады. Мұнда әр топқа 10 сұрақтан қойылады. (1 дұрыс жауапқа 1 ұпайдан )
2-жүргізуші: Келесі сайысымыз «Сиқырлы ұяшық» деп аталады. Бұл сайыста топтарымыз ұяшықты таңдап, ұяшықта орналасқан сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауап бере алмаса, қарсыластары жауап бере алады.
1-жүргізуші: 3 турдың аты «Есептер әлемі» деп аталады. Екі топқа да бірдей 3 есеп беріледі. Әр дұрыс есепке бір ұпайдан беріледі.
2-жүргізуші: 4 тур «Лабиринт» деп аталады. Сіздер берілген физикалық шаманың атын, өлшем бірлігін және формуласын жазуларыңыз керек.
1-жүргізуші: Егер барлығы түсінікті болса, онда ойынымызды бастайық. 1 тур «Блиц турнир»туры. Бұл сайыста қойылған сұрақтарға жауап бересіздер. Ең бірінші болып сұрақтарға « Күш тобы» жауап береді.
1 топтың сұрақтары:
-
Табиғат туралы ғылым. (физика)
-
10-6 дәрежесі қалай аталады? (микро)
-
жылу, электр, жарық, механикалық қозғалыс табиғи құбылыс бола ала ма? (жоқ, олар физикалық құбылыстар)
-
«Жұпардың иісін жасыра алмайсың»-бұл қай құбылысқа негізделген? (диффузия)
-
«Фюзис»-грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? (табиғат)
-
Заттың үш күйін ата. (қатты, сұйық газ)
-
Аспан денелерін зерттейтін ғылым. (астрономия)
-
Жердің серігі. (Ай)
-
Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы? (телескоп)
-
1 жұмыртқа 4 минутта піседі. Ал 4 жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минутта)
2-жүргізуші: Ендігі кезек «Қысым »тобында.
2 топтың сұрақтары
-
Ұзындықтың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не? (метр)
-
Жәй көзге көрінбейді,
Қозғалуға ерінбейді. Ол не? (молекула)
-
Күн шығатын жақ. (шығыс)
-
Кемпірқосақта неше түс бар? (7 түс)
-
1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? /адам ғарышқа ұшты/
-
Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? /алма/
-
Жерді қоршап тұрған ауа қабаты. (атмосфера)
-
1 сантиметрде неше метр бар? (10-2) метр
-
Қиярды қысқыға тұздау қандай құбылысқа негізделген? (диффузия)
-
Мұз заттың қандай күйіне жатады? (қатты)
1 жүргізуші: Ғылымдардың пірі,
Табиғаттың тілі,
Физика екен халайық,
Мұны жақсы ұғайық.
2-жүргізуші
Дүниедегі құбылыстың мәнінде,
Табиғаттық қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес физикасыз түсіну,
Физика дүние кілті бүгінде.
Ендеше келесі сайысымызды бастайық. Келесі сайысымыз «Сиқырлы ұяшық» деп аталады. Ұяшықты алғаш болып күш тобы таңдайды. Бұл сайыста таңдаған ұяшықта шыққан сұраққа жауап беру керек. Егер жауап бере алмаса қарсылас топқа жауап беруге болады.
1 жүргізуші
Физика - табиғаттың тілі екен ғой,
Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой.
Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,
Бәрінің бағынары физика ғой.
2-жүргізуші
Ұққанға табиғаттың сыры терең,
Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем,
Демесең болсын егер еңбегім еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем.
1 жүргізуші 3 сайысымыз «Есептер әлемі» деп аталады. Әр топқа бірдей 3 есептен беріледі. Әр дұрыс есепке 1 ұпайдан беріледі.
2-жүргізуші
Бүгін де физика барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте.
Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,
Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер
Ең соңғы сайысымызға да келіп жеттік. Келесі сайысымыз «Лабиринт» деп аталады. Бұл тапсырмада берілген физикалық шаманың атын атап, өлшем бірлігі мен формуласын жазып берулеріңіз керек. Әр топқа 4 физикалық шамадан беріледі.
1 жүргізуші Әділ-қазы алқасына бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл. - дей келе кешіміздің қорытындысын жариялауға сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
2-жүргізуші
Физика тілдесер табиғаттың тілі екен ғой.
Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой,
Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап, алдыңнан қалмайды екен тіріде ол.
Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас, космос кораблі, атылған тас
Аққан су, соққан дауыл, айтылған жыр, бәрінің бағынары физика ғой
1 жүргізуші Сондықтан табиғаттың сырын терең
Деушіге оқып, зерттеп, білем, көрем,
Демесең болсын егер еңбегім еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем!
Тыңдағандарыңызға көп рақмет!