- Учителю
- Тұқымның тығыздығын анықтау (7 сынып)
Тұқымның тығыздығын анықтау (7 сынып)
ТҰҚЫМНЫҢ ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ
(7 сынып)
А. Д. Рахымжанова
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы әкімдігінің
«№1 орта мектебі» КММ, физика пәнінің мұғалімі
Сабақ реті_ 7 _ Пәні физика және техника _ Сынып 7 б Күні_20.10.2015 ж._______
Сабақтың тақырыбы: №1 зертханалық жұмыс. Тұқымның тығыздығын анықтау
Сабақтың мақсаты: 1. тәжірибе жасай отырып таразы көмегімен дененің массасын және көлемін анықтау арқылы тығыздығын табуды меңгерту;
2. теориялық білімдерін практикалық дағдыларымен ұштастыру; өмірден мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақ түрі: зертханалық
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, тәжірибе жасату
Техникалық оқыту құралдары: компьютер, экран, слайдтар
Демонстрациялар: денелердің массасы мен көлемін табу арқылы тығыздығын анықтау
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
6. 1,2,3,4,5 реттік сандарға санатып сол бойынша топқа бөлу
ІІ. ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДЫҚТЫ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ
1.Заттың тығыздығы дегеніміз не?
2.Заттың тығыздығын қалай анықтаймыз?
3.Заттың тығыздығының өлшем бірлігі қандай?
4.Тығыздығы мен көлемі белгілі болса, заттың масасын қалай анықтауға болады?
5.Тығыздығы мен массасы белгілі болса, заттың көлемін қалай анықтауға болады?
ІІІ. Жұмысты орындау. ТЕОРИЯДАН ҚЫСҚАША МАҒЛҰМАТ
Көлем бірлігіндегі заттың тығыздығына тең физикалық шама заттың тығыздығы деп аталады.
-заттың тығыздығы (ρο)
m-заттың массасы
V-заттың көлемі
1м3 көлемдегі массасы 1кг болатын заттың тығыздығы.
Егер заттың тығыздығы мен көлемі белгілі болса, онда заттың массасын қалай анықтауға болады?
Егер заттың тығыздығы мен массасы белгілі болса, ол кезде заттың көлемін қалай анықтауға болады?
Белгілі бір массасы мен көлемі бар заттың тығыздықтарын есептеулер арқылы есептеп алынған мәндері бар. Біз заттың үш күйі болатынын білеміз. Олар : қатты, сұйық және газ. Осы заттың үш күйіне тән тығыздықтың мәндері сіздердің кітаптарыңыздың 218 бетінде 6,7,8 кестелерінде берілген. Біз қазір күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген заттардың тығыздығын анықтай қояйық. Ол үшін бізге не қажет: күріш, қарақұмық, горох (картоп, сәбіз, пияз). Сонымен біз күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген жармалардың тығыздығын анықтап білеміз. Сынып 5 топқа бөлініп өздері үйден алып келген күріш, бұршақ, қарақұмық сияқты жармалардың тығыздығын анықтауға кіріседі.
ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ
1 - тапсырма. Денені таразыға тарту арқылы массасын өлшеу
Қажетті құрал-жабдықтар: таразы, ұсақ гірлер. Параллелипед тәрізді қорапща және оларға толтырылған күріш, қарақұмық, бұршақ.
Дененің массасын анықтау тәсілдерінің бірі - таразы көмегімен өлшеу. Осындай таразылармен өлшеу кезінде оның бір табақшасына (сол жақтағы) массасы белгісіз дене, ал екіншісіне (оң жақтағы) таразыны теңгеретін гірлер салынады. Дененің массасы таразыны теңгеретін гірлердің массасына тең. Ол үшін:
-
таразыны өлшеуге дайындаңдар. Таразының дұрыс теңгергеніне көз жеткізіңдер;
-
таразыны бұзып алмау үшін өлшенетін денені және гірлерді таразы табақшаларына жайлап қою керек;
-
денені гірлермен теңгіріп болғаннан соң, таразы табақшасындағы гірлердің жалпы массасын есептеңдер;
-
Өлшеу нәтижелерін мына кестеге жазыңдар:
-
Тәжірибе
реті
Өлшенетін
дене
Дененің массасы, г
Дененің массасы, кг
1
2
3
2 - тапсырма. Дененің тығыздығын анықтау
Қажетті құрал-жабдықтар: тығыздығы анықталатын денелер, мензурка, сызғыш, жіп.
-
Алдынғы берілген тапсырмадағы массасы анықталған денелерді алыңдар. Параллелепипедтің көлемін анықтау үшін сызғышпен оның қабырғаларын өлшеңдер, сонан соң көлемін (V=a·b·c) есептеңдер;
-
Пішіні күрделі болып келген басқа денелердің көлемін мензурка көмегімен анықтаңдар немесе №1 зертханалық жұмыста көлемі анықталған денелерді пайдаланыңдар. Дене тығыздығын формуласымен есептеп, оны г/см3 және кг/м3-пен өрнектеңдер. Өлшеу және есептеу тәтижелерін төменгі кестеге жазыңдар:
-
Тәжірибе
реті
Тығыздығы анықталатын дене
Дененің массасы,
г
Дененің
көлемі,
см3
Тығыздық
г/см3
кг/м3
1
2
3
Тәжірибені аяқтағаннан кейін әр топ баяндамашысы постерде қорғайды
V І. Бағалау. Топбасшыларының бағалау парағы бойынша смайлик тарату
Бақылаушының бағалау парағы
V ІІ. Кері байланыс БББ
V ІІІ. Үйге тапсырма: Қант пен тұздың тығыздығын анықтап келу
-топ Бақылаушының бағалау парағы