7


  • Учителю
  • Термодинамика негіздері. Термодинамиканың бірінші заны. Газдың және будың жұмысы (8 сынып)

Термодинамика негіздері. Термодинамиканың бірінші заны. Газдың және будың жұмысы (8 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін: Сыныбы: 8 «Ә», «Б», «В»

Күні:



Сабақтың тақырыбы: Термодинамика негіздері. Термодинамиканың бірінші заны. Газдың және будың жұмысы

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік мақсаты: МКТ тұрғысынан ішкі энергия ұғымын беру және газбен будың ұлғайғандағы жұмысы ұғымын енгізу, жүйенің ішкі эиергиясы, жұмыс және жүйеге берілген жылу мөлшері арасындағы байланысты тағайындау;

2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

ІV. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

V. Бағалау.

VІ. Үй тапсырмасы



І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

  • Заттың неше күйі бар?

  • Балқу дегеніміз не?

  • Заттың балқу кезіндегі температурасын не деп атаймыз?

  • Цинктің балқу температурасы неше тең?

  • Қатаю дегеніміз не?

  • Меншікті балқу жылуы дегеніміз не?

  • Меншікті балқу жылуының формуласы қандай? Өлшем бірлігі?

  • Конденсация дегеніміз не?

  • Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын буды не деп атаймыз?

  • Қанықпаған бу дегеніміз не?

  • Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы дегеніміз не? Формуласы?

  • Шық нүктесі дегеніміз не?

  • Қайнау дегеніміз не?

  • Сұйық қайнайтын температураны не деп атаймыз?

  • Меншікті булану жылуы дегеніміз не? Формуласы? Өлшем бірлігі?



ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

МКТ тұрғысынан ішкі энергия ұғымын енгізу. МКТ тұргысынан ішкі энергия-денені (жүйені) құрайтын микробөлшектердің қозғалыс және өзара әсерлесу энергиясы. Нақтырақ айтсақ, ішкі энергия дегеніміз:

а) молекулалар мен атомдардың қозгалысының ілгерілемелі, айналмалы және тербелмелі қозғалыстарының кинетикалық энергиясы;

б) молекулалар мен атомдардың өзара әсерлесуінің потенциальдық энергиясы;

в)атомдардың электрондық қабаттарының энергиясы;

г) ядроның ішкі энергиясы.

Аса жоғары емес температураларда ішкі энергиясын өзгеруі молекулалар (немесе атомдардың) кинетикалық және потенциальдық энергияларының өзгеруі есебінен болады.

Q=ΔU+A

U-дененін ішкі энергиясы физикалық шама. U -дененің ішкі энергиясынын өзгеруі жылу берілу және жұмыс істеу нәтижесінде жүзеге асатыны белгілі.

Газ бен будың ұлғайғандағы жұмысы.

Тұрақты қысымда газдың немесе будың көлемі өзгергенде жұмыс атқарылады, Жүйенің күйін сипаттайтын физикалық шамалар макроскопиялық параметрлер деп аталады, және оларға қысым көлем температура және масса жатады.

Макроскопиялык параметрлердің біреуі тұрақгы , қалған екеуі бір-біріне байланысты өзгеретін процестер изопроцестер деп аталады.

1 .Изобаралык процес p=const,

2. Изотермиялық процес T=const, рV=const,

3. Изохоралық процес V=const

3) Изобаралық процесс үшін газ жұмысының формуласын қорытып шығару. А=рV

Жұмыстың геомстриялық түсініктемесі.

ТД-ның 1-заңы жылу құбылыстары үшін энергиянын сақталу және айналу заңы. Q=U+A ТД-ның 1-заңынан шығатын салдарлар:

Егер дене энергия (жылу) алмаса, онда ол механикалық жұмысты тек өзінің ішкі энергиясын азайту есебінен жүргізеді, яғни Q= 0 болса, А=-U

Ал, егер дененің немесе денелер жүйесінің ішкі энергиясы өзгермесе ДІІ =0 болса, ешқандай механикалық жұмыс атқарылмайды, А=0. Сол себепті ешқандай энергия жұмсамай жұмыс істейтін құрылғы, яғни мэңгі қозғалтқыш жасау мүмкін емес.

Жылу алмасусыз жүретін процесті адиабаталық деп атайды. Атмосфераның жоғары, тығыз емес қабаттарында жылдам көтерілген ауа қабаттарының салқындап, бұлттарға айналуы адиабаталық процестерге жатады. Айнымалы жұлдыздар (цефеидтер) жарқылының периодты өзгеруі олардың сыртқы кабықтарындағы адиабаталық ұлғаюы мен сығылуы процестеріне байланысты.



ІV. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

  1. Термодинамиканың ибірінші заңы қалай тұжырымдалады?

  2. Жылу алмасу жолымен сырттан энергия алмай жүйе жұмыс істей ала ма?

  3. Қандай процесс адиабаталық деп аталады?

  4. Ауаны сыққанда не себепті қызады?

  5. Қандай термодинамикалық процестерді білесіңдер?



V. Бағалау.



VІ. Үй тапсырмасы: §20, 21 оқу





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал