7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Қатынас ыдыстар. Су құбыры

Сабақтың тақырыбы: Қатынас ыдыстар. Су құбыры

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Қатынас ыдыстар. Су құбыры

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқуышыларға қатынас ыдыстар туралы анықтама бере отырып, қасиетін демонстрациялап көрсету және қатынас ыдыстардың практикалық үй тұрмысында және қоғамда су бұрқағы, су құбыры мен кемені шлюздеуде қолданылуының жұмыс істеу принципін түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушыларға ауырлық күшінің әсерінен сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы сұйықтың тығыздығы мен баған биіктігіне тәуелді болатындығы жайындағы білімдерін және Паскаль заңының қолданылу аясы туралы түсініктерін тереңдету. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, тиянақтылыққа, ізденімпаздылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: слайд, видеоролик, маркер, А3, А4, бағалау парақшалары, суреттер, эксперментке қажетті құрал - жабдықтар.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру ( оқушыларды суреттер таңдау арқылы 4 топқа бөлу керек. Олар такырыпқа байланысты суреттер таңдау арқылы бөлінеді)

II. Үй тапсырмасы.(4 сурет әр топқа. Сурет бойынша постер қорғау)

III. Видеоролик көрсету

IV. Эксперименттік жұмыс

  1. Құрал - жабдықтар: шлангы, су. Осы құралдар арқылы тәжірибе жасайды. Шлангыны алып, оның бойына су жіберу керек.Сонда не байқадыңдар?

  2. Құрал - жабдықтар: шыныдан жасалған құбыр, марганцока қосылған су немесе су, май. Шыныдан жасалған құбырға бірінші су немесе марганцовка қосылған су құямыз. Содан соң май құю керек. Не байқадыңдар?

V. Жаңа сабақ

Сұйық құйылған бәріне ортақ бөлігі бар ыдыстар қатынас ыдыстар деп аталады.

Мұндай ыдыстардың көлемдері мен пішіні әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы: шәйнек, құмған, кофе қайнатқыш, т.б. Бұл ыдыстар қатынас ыдыстарға жатады

Қатынас ыдыстардың жұмыс принципін мынадай тәжірибемен көрсетуге болады. Шыны түтікті резеңке түтікпен жалғап оны сумен толтырайық. Сөйтіп оларды бір - бірімен жоғары төмен қозғалтып салыстырғанда түтіктердегі судың деңгейі өзгермейтінін көреміз. Сұйық бағанының қысымы оның биіктігіне байланысты болады. Бірақ оң жақтан да, сол жақтан да бірдей қысым түскенде, сұйық тепе - теңдікте болады, олай болса қысым да бірдей болады.

Су құбыры - бұл күрделі қондырғы. Оның көмегімен қаланы, ауылды, өндіріс пен шаруашылық орындарын бір орталықтан сумен қамтамасыз етеді. Тұрмыстық су құбыры тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етеді, заводтар мен мекемелердегі адамдардың тұрмыстық қажетін қанағаттандырады. Өнеркәсіптік су құбыры</<font color="#000000"> тек қана өндірістік және технологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырады

VI. Тапсырма

I топ: слайд

II топ: слайд

III топ: слайд

IV топ: слайд

VII. Қорытынды.

Сұрақ - жауап:

1.Қатынас ыдыстар дегеніміз не?

2. Қатынас ыдыстарға мысал келтір?

3. Су құбырлары дегеніміз не?

4. Су құбырларына мысал келтіріңдер?

VIII. Үйге тапсырма: §38, §39 оқу. «Егер мен бастық болсам......» суды пайдалану туралы әңгіме

IX. Бағалау









































А.М. Горький атындағы мектеп - лицейі























Ашық сабақ

Тақырыбы: Қатынас ыдыстар. Су құбыры











Өткізген: Жаңбырбаева А.Т.











2015 - 2016 оқу жылы.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал