- Учителю
- §28-29 Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс. Электромагниттік тербелістер.
§28-29 Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс. Электромагниттік тербелістер.
Күні:
Сыныбы: 9
Пәні:физикаСабақтың аты
§28-29 Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс. Электромагниттік тербелістер
Сілтеме
Жоспар
Жалпы мақсаты
-
Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс. Электромагниттік тербелістер жайлы мағлұмат беру
-
Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс. Электромагниттік тербелістерін күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
-
Өзін-өзі бағалауға баулу
Күтілетін нәтиже
-
Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс. Электромагниттік тербелістер жайлы мағлұмат алады
-
Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс. Электромагниттік тербелістерін күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
-
Өзін-өзі бағалай алатын болады
Негізгі идеялар
Еркін тербелістер деп дене тепе-теңдік күйінен шығарылғаннан соң сыртқы күштің әрекетінсіз болатын тербелістерді айтады.
Еркін тербелістердің жиілігін жүйенің меншікті тербеліс жиілігі деп атайды.
Еріксіз тербелістер дегеніміз - сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістер.
Мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кездегі еріксіз тербелістер амплитудаларының кенет арту құбылысы резонанс деп аталады.
Тәжірибе:
Зарядтың, ток күшінің, кернеудің периодты түрде өзгеруін электромагниттік тербелістер деп атаймыз.Электромагниттік тербелістерді тербелмелі контурда алуға болады.
Тапсырмалар
Топтық жұмыс «Джигсо»
Жеке жұмыс
Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
-
Сәлемдесу
-
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
-
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
-
Математикалық маятник деп нені айтады?
-
Математикалық маятниктің тербеліс периоды неге тең?
-
Маятник қай жерлерде пайдаланады?
-
Серпімділік күші әрекет ететін дененің тербеліс периоды неге тәуелді болады?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)
-
Тербелістер деген не?
-
Ығысу деген не? Ол қандай әріппен белігіленеді?
-
Гармоникалық тербелістер деген не?
-
Тербеліс периоды деген не? Формуласы.
ІҮ. Топтық жұмыс «Джигсо» (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
Бағалау өлшемдері
Көш
басшы
Хатшы
Баяндамашы
Уақыт сақшысы
1
Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2
Міндетін атқару
3
Топтық жұмысқа атсалысуы
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жеке жұмыс (5 минут)
23-жаттығу. №1
VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)1
Білу
Тербеліс дегеніміз не?
2
Түсіну
Тербеліс түрлері және олардың формуласын жаз?
3
Қолдану
23-жаттығу.№2
4
Талдау
Еркін және еріксіз тербелістерін салыстыр?
5
Жинақтау
Еркін және еріксіз тербелістерге мысал келтір?
6
Бағалау
Тербелістерді білу біз үшін маңызы қаншама?
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)Кейінгі тапсырмалар
24-жаттығу.№1
Кейінгі оқу
§28-29 Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс. Электромагниттік тербелістер