7


  • Учителю
  • Физикадан логикалық есептер логикалық есептер (10 сынып)

Физикадан логикалық есептер логикалық есептер (10 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



1. Асхат мылтықпен нысанаға көздеп атады. Сол ату мезетінде байқамай оғын түсіріп алды.

Сұрақ: Мылтықтан атқан оғы мен ату мезетінде түсіріп алған оғының қайсысы жерге бұрын түседі (ауа кедергісі есепке алынбайды)?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Жауабы:

Екеуі жерге бір мезгілде түседі, себебі екеуінің де жылдамдықтарының құраушысы жоқ, ал түсу уақыты екеуіне бірдей құлау биіктігімен ғана анықталады.



2.Мектепте балалар шырша шамшырақтарын қалта фонарының шамдарынан дәнекерлеп жалғайды.Олар шамшырақты ток желісіне қосты, сонда әр щыраққа 3 B кернеу беріледі.

Сұрақ: Шырақтың бірін бұрап алып, оның партонына саусақ сұғу неліктен қауіпті?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Жауабы:

Қалта фонары шамның кедергісіне бірнеше ом,барлық тізбектің кедергісі бірнеше жүздеген ом. Тізбектей жалғағанда тізбек бөліктеріндегі кернеудің түсуі олардың кедергілеріне тура пропорционал. Сондықтан тізбектегі барлық кернеу патрондағы саусақтың үлесіне тиеді.

3. Сұйық отын түрлерін таситын автоцистерналы машиналардың корпусына темір шынжырлар орнатылады, олардың ұшы жерге тиіп жүреді.

Сұрақ: Осының себебі неде? ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Жауабы:

Өйткені сұйық отын түрлері тасыған кезде иқозғалып шайқалады да электрленеді. Сондықтан да ұшқын алып. өрт шықпас үшін, ұштары жерге тиіп жүретін темір шынжырлар пайдаланылады.



4.

Скалярлық физикалық шама

Ия немесе жоқ

күш

ия/жоқ

энергия

ия/жоқ

салмақ

ия/жоқ

жылдамдық

ия/жоқ



Скалярлық физикалық шама энергия



5. Екі нүктелік электр зарядтарының арақашықтығы 4 есе артқанда оладың Кулондық өзара әсерлесу күші?



А) 4есе азаяды



В) 4 есе артады



С) 16 есе азаяды



Д) 16 есе артады



Е) өзгермеді



Дұрыс жауабы: С) 16 есе азаяды

1. Балалар волейбол ойнап жүр. Допты біреуі жоғары, ал біреуі төмен лақтырып жүр.

Сұрақ: Қай кезде қозғалыстағы доптың салмағы тыныштық салмағынан аз болады?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Жауабы: Бір қалыпты үдеумен төмен түскен доптың салмағы оның тыныштық күйіндегі салмағынан аз болады.



2. Марат лифт ішінде шырмауға ілінген өрмекшіні көреді. Лифт төмен қарай үдемелі қозғала бастайды.

Сұрақ: Ол нені байқайды?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Жауабы: Шырмау мен өрмекшінің бұрынғы орында қалғанын байқайды. Қозғалыстың салыстырмалылығы бойынша, лифттің қабырғасы өрмекші үшін тыныштық күйін сақтайды.



3. Тау жыныстарының қуысына жиналған су тауды жарады.

Сұрақ: Бұл неліктен?

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Жауабы: Себебі түнде қуысқа жиналған су қатып көлемі үлкен мұзға айналады. Ол мұз қуыс қабырғаларын зор күшпен сыға отырып жынысты жарады.











4.

Солтүстік шұғыла мен газ разрядындағы

жарқырау құбылысы

Ия немесе жоқ

люминесценсия

Ия/жоқ

электролюминесценция

Ия/жоқ

хемилюминесценция

Ия/жоқ

катодолюминесценция

Ия/жоқ



Жауабы: электролюминесценция



5. Радиоактивті сәуле шығарудың теріс зарядталғаны :



А) α - сәулелер



В) ультракүлгін сәулелер



С) рентген сәулелер



Д) γ- сәулелер



Е) β- сәулелер



Жауабы: Е) β- сәулелер







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал