7


  • Учителю
  • Заттың агрегаттық күйлері тақырыбында физикадан сабақ жоспары

Заттың агрегаттық күйлері тақырыбында физикадан сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақтасты ауылы Абай атындағы орта мектебінің

физика пәнінің мұғалімі

Бекетова Нурзада Утеевна

Сабақтың тақырыбы: Заттың агрегаттық күйлері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды табиғаттағы заттың үш күйімен таныстырып, олардың бір - бірімен айырмашылығын ажырата білуге үйрету.

Білімділік: Оқушыларға заттың агрегаттық күйінің өзгеруі оның молекулалық құрылымының өзгерісімен байланысты болатынын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушыларды заттың үш күйі - газ, сұйық, қатты дене болатындығымен таныстыру, балқу және қатаю құбылыстарының мағынасын түсіндіру.

Тәрбиелілігі: Оқушылардың пәнге деген ынтасымен қабілетін дамыту:

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, кристалл дене моделі, қатынас ыдыстар, мензурка, түсі боялған ыдыстағы су.

Тәжірибе жасау:

1. Сұйықтардың белгілі бір формасы жоқ, көлемін сақтай алатындығын көрсету.

2. Кристалл денелердің молекулаларының ретпен орналасуын көрсету.



Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сергіту сәті

2. Жаңа сабақты түсіндіру.



Заттың агрегаттық күйінің өзгеруі оның молекулалық құрылымының өзгерісімен сәйкес келеді. Заттың бір агрегаттық күйден екіншісіне өтуін оқып үйренгенде, оқушыларға табиғат құбылыстарында үнемі болып отыратын ауысулармен өзара әсерлесулер жөнінде, аздаған сандық өзгерістердің түбегейлі сапалық өзгерістерге түрлену жөнінде айтамыз. Қатты денелердің қасиеттеріндей (мықтылығы, морттылығы, қаттылығы) және сұйық денелердің қасиеттеріндей (аққыштығы, уақыт өтумен формасының сақталмауы) қасиеттері бар аморф денелер туралы айтуға болады. Үлкен пробирканы ішінде қайнауға дейін жеткізілген суы бар ыдысқа саламыз. Шыққан графикті талдаған кезде оқушылардың назарын балқу процесі өтетін температура тұрақтылығына аударамыз. Балқу температураларының кестесін қарастырамыз.



1. Кестемен жұмыс. 3 - кесте 59 - бет

Барлық металдармен олардың қорытпалары кристалл денелерге жататындығын атап көрсетіп, оқушыларға кестеден ең жоғары және ең төмен балқу температуралары бар металдарды табуды ұсынамыз. Оқушыларға нашар балқитын металдармен қорытпалардың космос корабльдерін реактивтік двигательді жасауда, жылу, электр приворларының спиральдарын дайындау үшін қолданылатынын түсіндіреміз.



1. Мұз қай температурада ериді? (°С)

2. Сынап қай температурада қатады? (- 39°С)

3. Қай метал өте баяу балқиды? (вольфрам 3387° С)

4. Қай металл тез балқиды? (қалайы 232 °С)

5. Күміс қай температурада балқиды? (961° С)

6. 1064° С болатын қай металл. (алтын)

7. Неліктен суық жерлерде солтүстік ендіктерде ауаның температурасын өлшеу үшін сынапты емес, спиртті термометр пайдаланылады? Өйткені сынап (- 39 °С - де) қатты аязда қатып қалады.

8. Алтын қасықта күмісті балқытуға болады ма? (болады t күміс < t алтын)

9. Алюминий ыдысқа салып мысты балқытуға бола ма? (болмайды, өйткені t алюминий < t мыс.



Тәжірибе жасау:

1 - тәжірибе. Мензуркадағы судың көлемін өлшеп ыдысқа құю, оны қайтадан төгіп алмай мензуркаға құйып тағы да көлемін өлшеу.



Қорытынды: Сұйықтардың белгілі бір формасы болмайды, олар қай ыдыста тұрса, сол ыдыстың формасын (пішінін) алады, өзінің көлемін сақтайды.

2 - тәжірибе. Плитаға ішінде суы бар, тығындалған, тығыннан Г - тәрізді шыны түтікше өткізілген колбаны қойып, су қайнатып бу шығару.

Қорытынды: Бу - судың газ тәріздес күйі, түссіз, иіссіз белгілі бір пішіні болмайды, көлемін сақтамайды.



Сабақты қорытындылау:

Физикалық сұрақтар

1. Бір заттың өзі қандай агрегаттық үш күйде бола алады?

2. Заттың бір агрегаттық күйінен екінші бір агрегаттық күйіне ауысуының қандай практикалық маңызы бар?

3. Заттың қандай агрегаттық күйде болуы немен анықталады?

4. Газдардың, сұйықтардың және қатты денелердің молекулалық құрылысының ерекшеліктері қандай?

5. Тізбекке қосылған электр плитаға қойылған шәйнек ішінде суы бар кезінде балқып кетпейтіндігі неліктен?

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Заттың агрегаттық күйлері.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал