7


  • Учителю
  • Физика пәнінен сабақ жоспары 'Қозғалыстың жолын және уақытын есептеу. ' 7-Сынып

Физика пәнінен сабақ жоспары 'Қозғалыстың жолын және уақытын есептеу. ' 7-Сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 7

Cабақтың тақырыбы: Қозғалыстың жолын және уақытын есептеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қозғалыстың жолын және уақытын есептеуді, график бойынша

есептер шығаруға үйрету.

Дамытушылық: Физикалық қозғалыс туралы оқушылардың ойын жетілдіру, шығармашылық және

танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Есептер шығаруда, график салуда оқушыларды тәрбиелеу.

Сабақтың құрал-жабдықтары: Интерактивті тақта, флипчарт, activote, activslate

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Тест жұмысы, , түсіндіру, есептер шығару.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (Мұғалімнің сәлемдесуі, кезекшінің баяндауы).

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау. ( тест жұмысы - activote құрылғысымен).

Қосымша 1- mehanika-test

  1. Механикалық қозғалыс деп нені айтамыз?

  2. Қандай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады?

  3. Бірқалыпсыз қозғалыстың мысалын көрсет?

  4. Қандай жылдамдық бірліктерін білесіңдер?

  5. Дененің жүрген жолы деп нені айтады?

ІІІ. Сабаққа оқушылардың назарын аудару. Дәптерімізді ашып, бүгінгі күн мен сынып жұмысын жазайық. Тақтадағы флипчартқа оқушылардың назарын аудару.

Қосымша 2- mehanika

Дұрыс жауабын тауып сөйлемді жалғастыр? Сөйлемді жалғастыратын оқушы activslate құрылғысын пайдалана отырып, сөйлемді жылжыта отырып толықтырады.

ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту.

Мұғалім: Механикалық қозғалысты сипаттайтын физикалық шамаларды атаңдар?

Оқушы: жол, жылдамдық, уақыт.

Мұғалім: Жол қандай шамаларға байланысты?

Оқушы: дененің қозғалыс жылдамдығы мен қозғалыс уақытына.

Мұғалім: Бір қалыпты қозғалыстың жылдамдығы туралы не айтуымызға болады?

Оқушы: бірқалыпты қозғалыстың жылдамдығы тұрақты.

Мұғалім: Тұрақты жылдамдықпен келе жатқан дененің жолы қандай шамаға байланысты?

Оқушы: Тұрақты жылдамдықтағы дененің жолы уақытқа байланысты.

Мұғалім: Гүлге көбелектерді қондыра отырып қане кім формула құрастырып береді.

Қосымша 2- mehanika - флипчарт №3

Мына формулаларды дәптерімізге жазып алайық. Формуладан s=vt , уақыт неғұрлым көп болса, соғырлым жүрілген жолда көп болады, және керісінше, неғұрлым уақыт аз болса, соғұрлым жүрілген жол аз болады.

Осыдан кім қорытынды жасайды: бірқалыпты қозғалыс кезінде жүрілген жолды табу үшін дененің жылдамдығын оның қозғалыс уақытына көбейту керек.

Кейбір денелердің орташа жылдамдығын қарастырайық.

Қосымша 2- mehanika-флипчарт №4.

Осылардың қозғалыс теңдеуін жазайық.

Қосымша 2- mehanika -флипчарт№ 5

1. S=10 t, s=5t, s=20t, графигін сызайық.

Ү. Жаңа сабақты бекіту.

Мұғалім: дененің қозғалысын график арқылы да кескіндеуімізге болады екен.

Толықтыру тесті

1. Жылдамдықты ………….. әріпімен,

жолды ………. әріпімен, уақытты …………

әріпімен белгілейді.

2.Векторлық шаманы ата

А) уақыт Ә) жылдамдық

Б) жұмыс

3. Жылдамдықты өлшеу құралы

А)диномометр Ә)спидометр Б)сызғыш

4. Жылдамдықтың 108 км/ сағ - пен берілген мәнін м/с - пен өрнекте

А)108000 м/с Ә)30 м/с Б)300 м/с

5. Бірқалыпты қозғалыс жылдамдығының формуласы

А)v=s/t Ә) v=s*t Б) v=s-s 0/t

График бойынша есептер шығару.

Қосымша 2- mehanika флипчарт №6., №7, №8, №9, №10. Есептерін шығару талқылау.

1-есеп. h=44м биіктіктен тасты түсіріп алады. Екінші тасты дәл осы нүктеден вертикаль төмен бағытталған υ0=15м/с бастапқы жылдамдықпен Δt уақыт аралығы өткен соң тастады. Егер: а) Δt=1с; б) Δt=1,2с болса, жерге құлау мезетінде екінші тас біріншіні қуып жетіп үлгере ме?


Берілгені: Шешуі:

h=44м Екі дене үшін қозғалыс теңдеуін жазамыз

υ0=15м/с ;

а) Δt=1с Мұндағы

б) Δt=1,2с Соққы кезінде екі тастың координатасы бірдей болады:

Т/к: h1 - ? Оң жақтарын теңестіреміз:

: ;

;


;


Бұл уақыт бірінші тастың толық қозғалыс уақытынан аз(немесе тең) болуы керек:

а) ; , яғни соқтығысады;

Осы жағдайда Жер бетінен соқтығысу нүктесінің биіктігі:

б) кезінде , яғни 3с-тан үлкен. Осы кезде тастардың еркін түсуі кезінде соқтығысу болмайды.

ҮІ. Өзіндік жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.

І-деңгей. Флипчарт №11, №12

ІІ-деңгей. Есептер жинағы №6,7, Флипчарт №13

ІІІ-деңгей

1. 35м/с жылдамдықпен бірқалыпты қозғалатын материялық нүкте қозғалысының графигін сал. Уақыттың бастапқы мезетінде нүкте координаталар басынан оңға қарай 5 м қашықтықта болсын, яғни бастапқы координата х0=5м.

Қозғалыс теңдеуі х= х0+υt бойынша 0с, 2с, 4с, 6с уақыт берілген.

2. х=2+3t теңдеуімен сипатталатын қозғалыс графигін ссипатталатын қозғалыс графигн құрыңдар. t=0, t=2, t=4.

3. Мынадай жағдайдағы бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигін сызыңдар

v=18 км/сағ, x0=0

ҮІІ. Сабақты қорытындылап, оқушылар білімін бағалау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

16-тақырыпты оқу, 40-бет, 9-жаттығу есептерін шығару (4,5-бәріне), (4,5,6-Алуа, Азамат, Зарина, Еркебұлан, Бота, Асия). Қосымша 2- mehanika флипчарт №14



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал