7


  • Учителю
  • ҚЫздырғыш құралдар, балқымалы сақтандырғыштар

ҚЫздырғыш құралдар, балқымалы сақтандырғыштар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мусина Бақтыгул Сагинбаевна Физика пәні мұғаліміШҚО, Семей қаласы «№38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММСАБАҚ ЖОСПАРЫ Сынып: 8 «ғ» Күні: 12.02 .2015 Пән: Физика Сабақ тақырыбы Қыздырғыш құралдар Қыздыру шамдары. Балқыма сақтандырғыштар. Сілтеме 8-сынып оқу
предварительный просмотр материала

Мусина Бақтыгул Сагинбаевна

Физика пәні мұғалімі

ШҚО, Семей қаласы

«№38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сынып: 8 «ғ»

Күні: 12.02 .2015

Пән: Физика

Сабақ тақырыбы

Қыздырғыш құралдар Қыздыру шамдары. Балқыма сақтандырғыштар.

Сілтеме

8-сынып оқулығы,, әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері

Мақсаты

- Қыздырғыш құралдар,қыздыру шамдары туралы түсініктер алады.

- Оқушыларды сыни ойлау, есте сақтау қабілеттерінің, топта жұмыс істеу дағдыларының дамуына жағдай жасау.

- Жолдастарының пікірін құрметтеуге, бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

- Қыздырғыш құралдармен танысады.

- Қолданылуын, пайдасы мен зиянын сипаттайды.

-Топпен жұмыс жасау арқылы сыни ойлауға ынталанады, ойын еркін жеткізеді.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Көрнекіліктер мен

құрал-жабдықтар

Ноутбук, оқулық, карталар, постерлер, слайдтар.

Әдіс-тәсілдер

Топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, Джигсо әдісі

Кезеңдер/уақыт (45/)

Мұғалімнің әрекеті

Оқушы әрекеті

Нәтежие

І кезең Сабақтың барысы


Ұйымдастыру (3 мин)

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

-Бүгінгі сабақ ерекше сабақ. Сабағыма қатысып отырған әр оқушыны белсенділікке шақырамын.

Жағымды психологиялық ахуал туғызуда оқушылар бір-бірін өз есімдерінің бірінші әрпіне сәйкес жағымды сөз тіркестері арқылы тілек білдіреді. Шырай щувқты, Ақерке-ақылды, Әйгерім-әдемі,, Ақерке-алғыр, Сабина-сымбатты, Алихан-абыройлы, Тойжан-талапты, Аяулым-ақжарқын, Диляра-дарынды, Алмас-айбынды, Малика-мәдениетті, Бекболат-байсалды, Гаухар-гүлдей жайнаған.

Топтарға бөліну

ІІ кезең


«БІЛУ» және «ТҮСІНУ»

(5 мин)



Үй тапсырмасын сұрау.

Үш топқа тапсырмалар беріледі.Карточкамен жұптық жұмыс

1-топ.Физикалық шамаларды орнына қой.

2-топ.Формуланың орнын тап

.3-топ Әр түрлі деңгейдегі есептерді шығарады



«Миға шабуыл»

Құралдар және видеофильм көру арқылы тақырыпты ашу.

Алдарыңдағы құралдар туралы не білесіңдер?Одар қайда қолданылады?

)

Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын айтады.

-Осы сабақтан нені білгілеріңіз, не үйренгілеріңіз келеді?

- Қандай мақсат қояр едіңдер?

- Осы мақсаттарға жету үшін тапсырмаларды орындайық.


Оқушылар орындарында берілген

тапсырмаларды орындайды.


.

Қыздырғыш құралдар,шамдар.

Олар күнделікті өмірде тұрмыста қолданылады.

Үйге берілген тапсырманы түсінеді Негізгі терминдердің анықтамасын біледі.

Негізгі терминдердің анықтамасын біледі.

ІІІ кезең Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар


«ҚОЛДАНУ»

(22 мин)






















«ТАЛДАУ» және «ЖИНАҚТАУ»

(12 мин)






«Мағынаны тану»

  1. Джигсо әдісі бойынша оқушыларға мәтінді оқу беріледі.

  2. Топқа түсінгендерін айтып, талқылау.

Сергіту сәтін өткізу (жаттығу жасату 2 мин)

  1. Әр топқа берілген тапсырмалар бойынша таныстырылым жасайды.

  2. Мәтіннен электр құбылыстарына байланысты анықтамаларды тауып дәптерлеріне жазады.

«Қызығушылықты ояту»

Алты қалпақ әдісі бойынша оқушылар құралдар жайлы өз ойларын айтады. Ақ қалпақ-Сіз қандай ақпарат алдыңыз?

Қара қалпақ-Қандай қиыншылықтары бар?

Сары қалпақ-Жағымды , пайдалы жақтарын саралаңыз.

Жасыл қалпақ-Барлық жаңасын және қызықтысын жазыңыз.

Қызыл қалпақ - Болжамдарын айтыңыз.

Көк қалпақ- Қорытынды жасаңыз



Деңгейлік тапсырмалар

А-тобы

Электр кернеуі 4 В желіге қосылғанда 1 А-ге тең ток күші 3 секундта қыздыру шамының аткаратын жүмысын аныктаңдар.

В-тобы

Электр кернеуі 4 В желіге қосылғанда 1 А-ге тең ток күші 3 секундта қыздыру шамының аткаратын жүмысын аныктаңдар

С-тобы

Электр кернеуі В желіге қосылғанда 1 А-ге тең ток күші 3 секундта қыздыру шамының аткаратын жүмысын аныктаңдар


  1. Оқушылар мәтінді оқиды..


  1. Топта түсінгендерін бір-бірлеріне

айтып, талқылайды.


  1. 1-топқа қыздырғыш құралдар

2-топқа қыздыру шамдары

3-топқа балқыма сақтандырғыштар

Оқушылар өздеріне тиесілі қалпақ рөлі \

негізінде ойларын қорытындылай

отырып сөйлейді. Ұсыныс, тілектерін айтады.


есептерді талдап қатемен жұмыс жасайды. Одан кейін өз топтарына барып түсіндіреді.

Берілген құралдарды ажыратады және оларға нақты мысалдар келтіреді.

Оқушылар қосымша түйгендерін айтып өтеді

Жаңа тақырыпты есеп шығарып тқжырымдайды

Алған білімдерін қолдана отырып, физикалық шамалардың және ұғымдардың мағынасын түсінді.



«БАҒА БЕРУ»

(3 мин)

Рефлексия

/

Үйге тапсырма:

Әр топ өз-өздерін смайликтер арқылы бағалайды.

Бүгінгі сабақ несімен қызықты?
Бүгінгі сабақтың ерекшелігі неде?
Бүгінгі сабақтың негізгі түйіні неде?

Кері байланыста оқушылар сабақ туралы өз ойларын білдіреді.

Смайликтерді тақтаға іледі. Өздерінің бағалау парақтарын өткізеді.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал