- Учителю
 - 'Мұздың меншікті балқу жылуын анықтау' тақырыбына 8-сыныптан зертханалық жұмыс
 
'Мұздың меншікті балқу жылуын анықтау' тақырыбына 8-сыныптан зертханалық жұмыс
Сабақтың тақырыбы: Мұздың меншікті балқу жылуын анықтау
Сабақтың мақсаты:
-  
Білімділік: Өткен тақырыпты еске түсіріп, қайталау, іскерлікке жаттықтыру, іскерлікті зертханалық жұмыспен байланыстыру. №2 зертханалық жұмысты жасау және осы жұмыстан алған нәтижелерді талдау.
 -  
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, ізденіске, білімдерін зертханалық жұмыс жасау арқылы әрі қарай дамыту..
 -  
Тәрбиелік: Физика пәніне деген танымдық қызығушылықтарын арттыру. Қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиеғлеу.
 
Сабақтың түрі: Зертханалық жұмыс №2
Сабақтың барысы:
Жұмыстың мақсаты: жылу балансының теңдеуін пайдаланып, мұздың меншікті балқу жылуын анықтау.
Құрал-жабдықтар: таразы, термометр, калориметр, мұз кесегі, сүзгіш қағаз, шәйнек (сыныпқа біреу).
Жұмыс барысы:
-  
калориметрдің ішкі ыдысын таразыға тартып өлшеңдер; mк;
 -  
оған су құйыңдар, содан кейін суы бар калориметрді өлшеңдер: ;
 -  
суы бар калориметрдің ішкі ыдысын сыртқысының ішіне орналастырып, судың температурасын өлшеңдер;
 -  
мұз кесегін сорғыш қағазбен алдын ала құрғатып алып, содан кейін оны суға салыңдар;
 -  
суды мұз толық ерігенге дейін термометрмен араластыра отырып, калориметрдегі ең төмен температураны белгілеңдер;
 -  
калориметрді қайтадан өлшеңдер және суға салынған мұздың массасын анықтаңдар;
 -  
өлшеулер мен есептеулер нәтижесін кестеге жазыңдар:
 
 
 
mк, кг
 
mсу, кг
 
t су, 0C
 
t , 0C
 
m мұз, кг
 
8) жылу балансының теңдеуінен мұздың меншікті балқу жылуын анықтаңдар, мұндағы - калориметр стақанының берген жылуы, - судың берген жылуы, - мұз ерігенде калориметрге берген жылу мөлшері, - мұздың суға берген жылу мөлшері;
9) қорытынды жасаңдар.
Қорытынды: Оқушылар сабақты қорытындылайды.
Оқушылар, біз бүгінгі қойған мақсатымызға жеттік пе?
 
Үйге тапсырма: қайталау