7


  • Учителю
  • Физика пәні бойынша сабақ жоспары 'Бүкіләлемдік тартылыс заңы' (9 cынып)

Физика пәні бойынша сабақ жоспары 'Бүкіләлемдік тартылыс заңы' (9 cынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мақсаты: Оқушыларды бүкіләлемдік тартылыс заңын меңгеруге және қандай жағдайда заңның қолдануын түсінуге бағыттау.Бүкіләлемдік тартылыс заңын сауатты, мазмұнды баяндауға, формулаларды дұрыс жазуға және оларды есеп шығаруда қолдану. Мәліметтерді ажырата білу және не
предварительный просмотр материала

Молдабаева Гулмира Тельмановна

Физика 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Бүкіләлемдік тартылыс заңы».


Сабақтың тақырыбы:

Бүкіләлемдік тартылыс заңы.

Сілтеме:

Оқулық «Физика» 9-сынып, авт. Р. Башарұлы және т.б., А.П. Рымкевич «Есеп жинағы 9-11сынып». Нұсқаулық: Блум таксономиясы (45бет), СТО (43бет), Диалог (47бет), ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс(78бет), ОүБ және ОБ (104 бет), АКТ (110бет), талантты және дарынды балаларды оқыту (41бет), оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу (17бет).

Мақсаты:

Білу: Ньютон заңдарын, күш, масса, үдеу, өзара әрекеттесу, салыстырмалық принципі ұғымдарын білу және білімдерін жүйелеу.

Түсіну: Оқушыларды бүкіләлемдік тартылыс заңын меңгеруге және қандай жағдайда заңның қолдануын түсінуге бағыттау.

Қолдану: Бүкіләлемдік тартылыс заңын сауатты, мазмұнды баяндауға, формулаларды дұрыс жазуға және оларды есеп шығаруда қолдану.

Талдау: Мәліметтерді ажырата білу және негізгісін талдауға дағдыландыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Жинақтау: Білімдерін жүйелеп, сыныптан тыс жерлерде қолдана білуге баулу.

Бағалау: Ішкі дәлелдемелер тұрғысынан қорытынды жасау.

Негізгі идеялар:

Сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттыру.

Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту.

Өзара әрекеттесе отырып, топтық жұмыс істеуге дағдыландыру.

Бірін-бірі бағалай білу дағдысын қалыптастыру.

Оқушыларды еркін сөйлеуге, ойын дұрыс жеткізуге баулу.

Көрнекі құралдар:

Компьютер, интерактивті такта, Аctivote құралдары, Күн жүйесінің планетарлық моделі, плакаттар, маркерлер, стикерлер, бағалау парағы, түрлі-түсті жапырақшалар, А-4 қағазы, карточкалар, оқулық «Физика» 9-сынып, авт. Р. Башарұлы және т.б., А.П. Рымкевич «Есеп жинағы 9-11сынып». Топ ережесі. Плакатқа салынған ағаш суреті.

Үйге тапсырма:

§15, 12-жаттығу.

Жұмыс кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Әдістер

Бағалау түрі

Оқу нәтижесі

Ұйымдастыру (3мин.)

1. Шаттық шеңберін құрады.

2. Сынып оқушыларын «Атомдар мен молекулалар» ойыны арқылы топқа бөледі.

3. Топ спикерін таңдап, бағалау парағын тапсырады.

(Қосымша 1)

1. Шаттық шеңберін құрып, оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

2. «Атомдар мен молекулалар» ойыны арқылы сынып оқушылары бес топқа бөлінеді.

3. Топ спикері топ мүшелерінің жұмысын бақылап, сабақтың соңында бағалау парағын толтырады.

Топқа бөлу.

ОүБ (оқыту үшін бағалау), парақ арқылы бағалау.

Сыныпта эмоционалдық ахуал туғызу үшін оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне жылы тілектер айтады. Топпен бірлесе жұмыс істейді.

Спикерлер сабақта оқушылардың білімін бағалайды.

Білу (8мин.)

Аctivote бағдарламасы бойынша өткен тақырыпты тексеру үшін тест береді. (Қосымша 2)


Тест орындайды.

СТО, АКТ, ОүБ, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.

Формативті бағалау

Өткен сабақтың материалдарын біледі

Түсіну (18мин.)

1. Ой қозғау: «Алманың Ньютонның басына түскені» туралы слайд көрсетеді. (Қосымша 3)

-Не байқап тұрсыңдар?

-Алма неге құлады? - деген сұрақтар қояды.


2. Сабақтың тақырыбын оқушылар өздері ашады.


3. «BLOB TREE» парағын толтыруын тапсырады.

(Қосымша 4)


4. «Мозайка» тәсілі арқылы тақырыпты меңгеру. Тақырыпты 5 бөлікке бөледі де әр топқа оқуға береді.

1-топ: «Гравитациялық күштер».

2-топ: «Күштің арақашықтыққа тәуелдігі».

3-топ: «Бүкіләлемдік тартылыс заңының тұжырымдамасы».

4-топ: «Г. Кавендиштің гравитациялық тұрақтыны анықтауы».

5-топ: «Заңның байқалу шарты, қолдануы».

Содан кейін топта отырған оқушыларды 1-ден 5-ке дейін нөмірлейді. Топтар құрамын өзгертіп, жаңа топ құрайды. Топта оқушыларға кезекпен өз үйренгенін басқаларға үйретуді тапсырады.

Постер жасатады. Қорғағаннан кейін бірін- бірі түрлі- түсті стикерлер арқылы бағалатады.

Бағалау критерийлері: жасыл- тақырып толық ашылған,

сары- толықтыруларды қажет етеді, көк- толық емес.

(Қосымша 5)

1. Слайдқа қарап, сұрақтарға жауап береді.


2. Сабақтың тақырыбы айтылады. Дәптерге жазып алады.


3. «BLOB TREE» парағында бүкіләлемдік тартылыс құбылысы туралы білетіні бойынша әр оқушы өзін ағаш бойында орналастырады.


4. Топта оқушылар берілген тақырыптың бөлігін оқиды. Содан кейін талқылайды. «Бастапқы» топта олардың басты міндеті -берілген тақырыпты оқу, мазмұнымен танысу. Тақырыптың берілген бір бөлігін басқаларға үйрету үшін жан-жақты талқылайды. Топ мүшелері 1-ден 5-ке дейін нөмірленіп, нөміріне сәйкес үстелге отырады. Осыдан кейін әрқайсысы өзінің тақырыбын бір- біріне кезекпен (бірден бастап) айтып түсіндіреді де «бастапқы» тобына қайтады. «Бүкіләлемдік тартылыс заңы» тақырыбы бойынша постер жасап, қорғайды. Топтар бірін- бірі стикелер арқылы бағалайды.

АКТ, СТО ( Блум таксономиясының түсіну деңгейі), ОүБ, диалогтық оқыту.

Өзін-өзі

және бір-бірін бағалау.


Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Топтық жұмыс істеуге дағдыланады.

Тақырыпты меңгереді.

Постер жасап, қорғайды. Бір-бірін бағалайды.


Қолдану (7мин.)

Есептер шығару: №169, 170, 172* (Есеп жинағынан, авт. А.П. Рымкевич).

(Қосымша 6)

№ №169, 170, 172* (Есеп жинағынан, авт. А.П. Рымкевич) есептерді шығарады.

СТО, диалогтық оқыту, талантты және дарынды балаларды оқыту.

Өзін-өзі бағалайды.


Есеп шығарады.

Талдау (4мин.)

«Көршінің сұрағына жауап» тапсырмасын береді.

Әр оқушы берілген бір параққа тақырып бойынша (бір минут ішінде) бір сұрақ жазады. Жазып болғаннан кейін сағат тілі бойынша жылжытып сол жағында отырған көршісіне береді. Оқушы көршісінің сұрағы жазылған парақты алып, сол сұраққа жауап береді. Жазып болған соң, сұрақтар мен жауаптарды топ ішінде бір-біріне оқиды, талқылайды.

СТО (Блум таксономиясының талдау деңгейі), диалогтық оқыту.

Бірін-бірі бағалайды.

Ойлау қабілеттері артады. Тақырып бойынша кез келген сұрақтарды талдай алады.

Жинақтау (2мин.)

«Бүкіләлемдік тартылыс заңы» тақырыбы бойынша слайд көрсетеді. (Қосымша 3)

Күн жүйесінің планетарлық моделін көрсетіп, қорытынды жасайды.

Слайд көріп, өз ойларын айтады.

АКТ, СТО, жас ерекшеліктеріне сәйкес.


Меңгерген білімді жүйелейді.

Бағалау (3мин.)

«BLOB TREE» парағын және бағалау парағын толтыруын айтады. (Қосымша 4)

Түрлі-түсті стикерлерді таратып, «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы рефлексия жасауын сұрайды.

1) «BLOB TREE» парағында әр оқушы тақырыпты қаншаға меңгергенін талқылап, өзін ағаш бойында орналастырады. Топ спикері талдайды.

2)Бағалау парағын толтырып, кім қалай жұмыс істегені туралы мәлімет береді.

3) «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы рефлексия жасайды да білім ағашына жапсырады.


СТО (Блум таксономиясының бағалау деңгейі),

ОҮБ, өзін-өзі бағалау.

Рефлексия жасайды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал