7


Күш. Ньютонның ІІ заңы. Масса

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Бекітемін»

Оқу ісі жөніндегі орынбасар: Р. Тоғызбаева

Күні: 18.10.16ж

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: §11,12. Күш. Ньютонның екінші заңы. Масса.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік мақсаты: Денелердің механикалық қозғалысын зерттеу барысында ауырлық,серпімділік, үйкеліс күштері туралы түсіндіру.Механиканың ең іргелі заңдарының бірі Ньютонның екінші заңын тұжырымдау

2.Дамытушылық мақсаты: Алған білімдерін тиянақтай отырып , тапқырлыққа , ізденіп шешім қабылдауға, ауызбіршілікке , ойын жинақтай білуге , біріне -бірі көмектесуге баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

3. Тәрбиелік мақсаты: Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қолданып , өз ойын айта білуге , жүйелі түрде ойлауға ,ізденуге бағыттау , білімге деген құштарлығын арттыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, таратпа, слайдтар , топтастыру, динамометр, таразы.

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, биология, химия

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқу, білім - білік дағдыларын өткен тақырып бойынша сұрақ қою.

  1. Динамика нені зерттейді?

  2. Санақ жүйесі дегеніміз не?

  3. Қандай санақ жүйесі инерциялық деп аталады? Мысал келтір.

  4. Жермен байланысқан санақ жүйесі инерциялық жүйеге жата ма?

  5. Ньютонның бірінші заңын тұжырымда. Мысал келтір.

  6. Үдеу дегеніміз не? Формуласын жаз.

  7. И.Ньютонға топтастыру жасау

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Ньютон Исаак (1643 - 1727)

Исаак Ньютон - классикалық физиканы құрған әйгiлi ағылшын ғалымы, 1643 ж. Вулсторпада дүниеге келген. 1665 ж. Кембридж университетiн бiтiрiп, сонда 1669-1701 ж.ж. кафедраны басқарған.

Ньютон зерттеулерi механикаға, оптикаға, астрономияға, математикаға арналған. Классикалық механиканың негiзгi заңдылықтарын есептеген, бүкiләлемдiк тартылу заңын, жарық дисперсиясын ашқан, жарықтың корпускулалық теориясын дамытқан, Лейбництен тәуелсiз дифференциалдық және интегралдық есептеулердi шығарған. Ол бүкiләлемдiк тартылыс заңынан Кеплердiң 3 заңының шығатынын көрсеттi, айдың қозғалыс ерекшелiгiн түсiндiрдi, жердiң фигурасының теориясын дамытты, жердiң жасанды серiктерiнiң құрылу проблемасын қарастырды және т.б.

Ньютонның оптикаға әкелген еңбегi мол. 1666 ж. үш жақты шыны призма көмегiмен ақ түстi жетi түске орналастырып, оның күрделiлiгiн дәлелдедi.1668ж. және 1671 ж. телескоп-рефлекторды ойлап тапты. Жұқа пластиналардың түстерiн зерттеп, жарықтың дифракциясы мен интерференциясын анықтады. Өзiнiң оптикалық зерттеулерiн «Оптика» еңбегiнде жариялады.

Ньютонның атымен Халықаралық бiрлiк жүйесiнде күштiң өлшем бiрлiгi - ньютон аталған.

Күш деп бір дененің екінші бір денеге механикалық әсерін сипаттайтын және осы әсердің өлшемі болатын векторлық физикалық шамасын айтады.

"Күш " деген терминнің денелерің өзара әсерлесуімен байланысты екенін және оның сандық мөлшері екенін есте ұстаған жөн.Ньютонның атымен Халықаралық бірліктер жүйесінде күштің өлшем бірлігі - ньютонмен өлшенеді.

Ауырлық күші деп денелердің Жерге тартылу күшін айтады. Ға=mg,

мұнадағы m- дененің массасы , ал g- дененің еркін түсу үдеуі, оның модулі шамамен

9,8 м/с2- қа тең

Серпімділік күші деп дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті айтады.Бұл күш денелерді қосу , созу, майыстыру немесе бұрау кезінде пайда болады. Серпімділік күші әрашан дененің пішіні мен өлшемерінің өзгеруін тудырған күшке қарама-қарсы бағытталады.

IFсерп I= k∆l . Бұл өрнек Гук заңымен анықталады.

Күш. Ньютонның ІІ заңы. МассаКүш. Ньютонның ІІ заңы. МассаКүш. Ньютонның ІІ заңы. МассаКүш. Ньютонның ІІ заңы. Масса

Үйкеліс күші деп денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күшті айтады және ол күш әрдайым жанасу бетінің бойымен қозғалыс бағытына қарама - қарсы жаққа қарай бағытталады.

|Fүйк|=μN, мұндағы μ- үйкеліс коэффициенті деп аталатын пропорционалдық коэффициент.

Үйкеліс күші:

1.Сырғанау

2.Домалау

3.Тыныштық

Дененің массасы - оның инерттілігінің, яғни күштің әрекетінен белгілі бір үдеу алу қабілетінің сандық сипаттамасы болып табылады. Денелер жүйесінің массасы оны құрайтын денелердің массаларының қосындысына тең болады, яғни m = m 1 + m2 +……+m п. Ондай шамалар аддитивті деп аталады. Өлшем бірлігі килограмм, грамм 1кг деп алынған. Денеге бірдей күш түсірілген жағдайда денелердің алатын үдеуі олардың массаларына кері пропорционал болатындығын байқаймыз . Яғни әрқашан а ~ 1/m болады. Дененің массасы неғұрлым үлкен болса , белгілі бір күш әрекетінен ол соғұрлым аз үдеу алады. Дененің үдеуі мен оған әрекет етуші күш арасында Ғ ~ а ( m= const кезінде ) және кез келген дененің үдеуімен оның массасының арасында а ~ 1/m ( Ғ= const болғандағы ) байланыс болса , онда механиканың іргелі заңдарының бірі Ньютонның екінші заңы былайша тұжырымдалады:

Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал оның массасына кері пропорционал:

Күш. Ньютонның ІІ заңы. МассаКүш. Ньютонның ІІ заңы. Масса

Осы соңғы өрнек Ньютонның екінші заңының формуласы Бұл теңдеу динамиканың негізгі заңы деп аталады.Бұдан теңәрекетті күш үдеудің шамасы мен бағытын анықтайтыны шығады. Ньютонның ІІ заңының негізінде күш бірлігі енгізіледі. Күш бірлігіне массасы 1 кг дене 1 м/с2 үдеу тудыратынын күш алынған. Си жүйесіндегі күш бірлігі Ньютон (Н) деп аталады. Сонымен, 1Н= 1 кг*м/с2

Есіңде сақта! Remember!қазақша

орысша

ағылшынша

Масса

Масса

Weight

күш

сила

force

инерция

инерция

inertia

заң

закон

law





ІV. Сабақты бекіту.

А)

І деңгей

1)Егер m 1 = m2 = 2кг , ал Ғ = 12Н болса , онда денелер қандай үдеумен қозғалады?

2)Массасы 1 кг денеге Жер қандай күшпен әсер ететінін есептеңдер.

3)Массасы 4 кг дене қандай да бір күшті әрекетінен 2м/с2 үдеу алады. Массасы 8 кг денеге дәл осындай күшпен әрекет еткенде , ол қандай үдеу алады?

4)60Н күш денеге 0,8 м/с 2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 2 м/с 2 үдеу бере алады?

5)Реактивті ұшақтың массасы 60т қозғалтқышының тарту күші 90 кН болса , ол екпін алғанда қандай үдеумен қозғалады ?

ІІ деңгей

  1. Массасы 5 кг дене 15 м/с2үдеумен вертикаль құлауы үшін оған қандай күш әрекет ету керек?

  2. Жеңіл автокөлігінің массасы 2 т, ал жүк автокөлігінің массасы 8т. Жүк автокөлігінің тарту күші жеңіл автокөлігінің күшінен 2 есе артық, олардың үдеулерін салыстырыңдар?

  3. 1,5 м/с2 жылдамдықпен үдейтін массасы 600 кг машинаға әсер ететін тең әрекетті күшті есептеңдер.

ІІІ деңгейа





0,4м\с 2

2км\с 2

0,1м\с 2

m

8кг

200кг

10г



F

6мН





20Н











Ә) Мына өрнектердің арасында қандай байланыс бар ?

N тіректің реакция күші,Н

F күш,Н

A механикалық жұмыс,Дж

t уақыт, с

k қатаңдық









m дененің массасы,кг









μ Үйкеліс коэффициенті









S жол,м











Б) «Динамика» сөзжұмбақ шешу

1.Күштің бір түрі (серпімділік)

2.Ньютонның І заңы басқаша қалай айтылады (инерция)

3.Динамиканың негізгі заңңдарын ашқан ағылшын ғалымы (И. Ньютон)

4.Денелердің жерге тартылу күші (ауырлық күші)

5.Инерттіліктің сандық сипаттамасы ретінде қолданылатын физикалық шама (масса)

6.Ньютонның аты (Исаак)

7.Денелердің бір-біріне әрекетінің сандық өлшемін сипаттайтын физикалық шама (күш)

8.Денелер жүйесінің массасы мен оны құрайтын денелердің массаларының қосындысы тең болады, ондай шамаларды қалай атайды (аддитивті)

V. Сабақты қорытындылау

VI. Үйге тапсырма.

§11,12 Күш. Ньютонның екінші заңы. Масса 9,10 -жаттығу (№1,2 ).

VІI. Бағалау.

























«№111 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі





















Ашық сабақтың тақырыбы:

«Күш. Ньютонның ІІ заңы. Масса»

















Сыныбы:9

Пәні:физика және астрономия

Пән мұғалімі: Қалпиева Ақерке Панабекқызы









































2016-2017 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал