- Учителю
- Ашық сабақ'Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу'
Ашық сабақ'Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу'
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: §41. Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты:Өткізгіштерді тізбекке жалғаудың әдістері жөнінде түсінік беру, тізбектей және параллель жалғау кезіндегі негізгі физикалық заңдылықтарды оқып үйрену, талдау жасау, саралау қабілеттерін дамыту.
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру,
Сабақтың көрнекілігі: ток көзі, 2 амперметр, 3 вольтметр, 2 шам, кілт, қосқыш сымдар, резистор, интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау. (сыныпты үш топқа бөлу)
Сөз шешу: І топқа - кот, ІІ топқа - декергі, ІІІ топқа - керуен (берілген сөздің дұрысын жазу)
1. Шаманың атауы
2. Белгіленуі
3. Формуласы
4. Өлшейтін құрал
5. Өлшем бірлігі
6. Өлшейтін құралдың шартты белгіленуі
7. Өлшейтін құралдың тізбекке жалғануы
8. Ашқан ғалым кім?
ІІІ. Жаңа материалды меңгерту.
Техникада және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар:қыздыру шамдары,үтіктер,электр пештері,электрқозғалтқыштары және т.б.электр құралдарын пайдаланады.Бұлар түрліше жалғанады.Практикада қолданылатын электр тізбектерінің құрамында бірнеше электр энергиясын тұтынушы элементтер болуы мүмкін. Бұл элементтер бір-бірімен әрқалай қосылады, мысалы тізбектей немесе параллель.
Тізбектей жалғауда:
Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады:
I = I1 = I2 = … = In;
U = U1 + U2 + … + Un ;
R = R 1 + R2 + … + Rn.
Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншініғң соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей қосу деп атайды.
Параллель жалғау:
Өткізгіштерді паралель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбәр өткізгіштің кедергісінен кем болады.
U = U 1 = U 2 = … = Un
I = I 1 + I 2 + … + In
= + + … +
Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғаса, онда мұндай жалғауды өткізгіштерді параллель жалғау деп атайды.
IV.Тест тапсырмасын беру.
І топ
-
Ток күшінің өлшем бірлігі не?
а) 1 А в) 1 В с) 1 Ом д) 1 Ом * м
2. Химиялық энергияны электр энергиясына айналдыратын элемент.
а) Вольта элементі в) Гальвани элементі с) Нейтрондар д) Иондар
3. Аккумулятор қай елдің сөзі?
а) Латын в) Грек с) Ағылшын д) Итальян
4. Меншікті кедергінің өлшем бірлігі қайсысы?
а) 1В в) 1 Ом * м с) 1 А д) 1 Ом
5. Дененің электрленгенін анықтайтын құрал:
а) Реостат в) Амперметр с) Электроскоп д) Вольтметр
6. Тізбек бөлігі үшін Ом заңының формуласы:
а) U = IR в) I = c) R = p д) R =
7. Кедергілері 4 Ом және 6 Ом болатын өткізгіштер параллель жалғанған. Жалпы кедергісін тап.
а) 2,4 Ом в) 3,7 Ом с) 4,2 Ом д) 5,8 Ом
ІІ топ
-
Мыналардың қайсысы кернеудің өлшем бірлігі?
а) 1 В в) 1 Ом с) 1 А д) 1 Ом * м
-
Өткізгіштерді параллель қосқанда қай шама бірдей болады?
а) Ток күші в) Кернеу с) Кедергі д) Заряд
3. Төменде электр тогы жүріп тұруы үшін қажетті шарттар келтірілген. Дұрыс емес шартты анықта.
а) Тізбекте конденсатордың болуы
в) Өткізгіш ішінде тұрақты электр өрісінің болуы
с) Электр тізбегінің тұйықталған болуы
д) Потенциялдар айырмасының болуы
4. Электр тогының жұмысын есептейтін формула.
а) Q = I2 Rt в) A = FS с) A = Nt д) A = IUt
5. Өткізгіштерді тізбектеп қосқанда қай шама бірдей болады?
а) Ток күші в) Кернеу с) IU көбейтіндісі д) Заряд
6. Кернеу қандай құралмен өлшенеді?
а) Вольтметр в) Амперметр с) Ватметр д) Реостат
7. Жұмысы 400 Дж ток күші 40 А өткізгіштің 3 мин ішіндегі кедергісін есепте:
а) 0,015 Ом в) 0,011 Ом с) 0,0014 Ом д) 0,012 Ом
ІІІ топ
-
Ток күші қандай шама?
а) Векторлық в) Скалярлық с) Екеуі де д) Дұрыс жауап жоқ
2. Электр тогының қуатын есептейтін формула:
а) U = в) p = UI c) p = д) p = IUq
3. Кедергінің өлшем бірлігін көрсет:
а) 1 Ом * м в) 1 В с) 1 Ом д) 1 А
4. Электр тогын электр станцияларында ................................ арқылы алады.
а) Қорғасынды аккумулятор в) Генераторлар с) Қышқылды аккумулятор д) Сілтілі аккумулятор
5. Өткізгіштің меншікті кедергісі.
а) р = в) I = c) p = д) p =
6. Бірдей таңбалы электр зарядтары бар денелердің әсерлері қандай?
а) Әсерлеспейді в) Тартылады с) Тебіледі д) Әсерлеседі
7. Қуаты 24 Вт кернеуі 4 Вт шамның ток күші неге тең?
а) 6 А в) 3 А с) 10 А д) 12 А
V. Оқулықпен жұмыс:
І топ - 20 - жаттығу (1)
ІІ топ - 20 - жаттығу (2)
ІІІ топ - 20 - жаттығу (3)
VI. Топпен жұмыс:
І топ. а) суреттегі шамдар қалай жалғанған?
ә) Сұлбасын сызып көрсетіңдер.
ІІ топ. Сұлбасымен салыстыра отырып түсіндіріңдер.
ІІІ топ. 79 - суретте берілген сұлбаларда жіберілген қателерді табыңдар.
79 - сурет
VII. Физикалық диктант.
-
Пайдаланған мені жұрт
Отын менен жарыққа
Қызмет етем әрқашан
Түсіне білген халыққа
Жауабы: (Электр тогы)
-
Бойындағы зарядты
Ұзақ уақыт сақтайды
Реленің күшімен
Бүлдірместен баптайды.
Жауабы: (Аккумулятор)
-
Ток бар жерде, біреу бар
Өлшемі вольт, киловольт
Ұмытып кетпе тағы да,
Гектавольт пен мегавольт
Жауабы: (Кернеу)
-
Аса қажет өмірге халық үшін
Пайдаланам күн сайын жарық үшін
Жауабы: (Электр шамдары)
-
Мұз жарғыш жүзіп келеді
Бауыры қызып келеді
Абайла ойып түсер
Ондайлар бұзық келеді
Жауабы: (Үтік)
-
Шам, плита жұмысын жасай қалды
Ал, оның есептен - ақ басы айналды
Жауабы: (Электр есептегіш)
Үйге тапсырма: §41. 20 жаттығу (4, 5, 6).
Бағалау: