- Учителю
- Атомдар мен молекулалар (7 сынып)
Атомдар мен молекулалар (7 сынып)
«Бекітемін»
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Күні: 28.09.2015ж
Сыныбы: 7
Пәні:физика
Жоспар:
Сабақтың аты
§ 8. Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалық құрылысы
Сілтеме
Башарұлы Р, Тоқбергенова У, Қазақбаева Д, Алматы «Атамұра» 2012жыл
Жалпы мақсаты
-
Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалық құрылысы жайлы мағлұмат беру
-
Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалық құрылысы күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдана білуге үйрету
-
Өзін-өзі бағалауға баулу
Күтілетін нәтиже
-
Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалық құрылысы жайлы мағлұмат алады
-
Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалық құрылысы күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдануға үйренеді
-
Өзін-өзі бағалай алатын болады
Негізгі идеялар
Демокрит: барлық заттар бөлінбейтін өте ұсақ бөлшектер-атомдар. Ол кез - келген денені ұсақтап бөле отырып, ең соңыында бөлінбейтін бөлшек - атомды (грекше атмос - бөлінбейтін) алуға болады деді.
Зат құрылысының МКТ негізгі қағидаларын М.В.Ломоносов былайша қорытындылап берді:
1/ Барлық заттар өте ұсақ бөлшектерден-молекулалар мен атомдардан;
2/ Молекулалар мен атомдар үздіксіз ретсіз қозғалыста болады;
3/ Молеккулалар мен атомдар өзара әрекеттеседі.
ХХ ғасырдың басында атомның да күрделі бөлшек екені, оның өзінен де кіші бірнеше бөлшектерге бөлінетіні белгілі болды.
Бірнеше атомдардың өзра байланысуынан молекула түзіледі.
Әр заттың молекуласы-сол заттың қасиеттерін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі.
Атомдар мен молекулалардың кристалдағы орналасу ретін, олардың жалпы сұлбасын қазіргі электрондық микроскоптар мен иондық проекторларда көруге болады.
Жекелеген атомдар-химиялық элементтердің, ал молекулалар заттардың ең кіші бөлшектері. Әр түрлі заттардан денелер құралады.
Тапсырмалар
Топтық жұмыс «Джигсо»
Тапсырмалар
Жұптық жұмыс
Тапсырмалар
Топтық жұмыс
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
-
Сәлемдесу
-
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. «Атомдар мен молекулалар» атты тренинг өткізіп, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
-
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут). Өткен тақырыптар бойынша әртүрлі тапсырмалар беру.
-
Өлшеудің метрлік жүйесін қалай түсінесіңдер?
-
Үлкен және кіші сандарды стандарттау дегенді қалай түсінесіңдер?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)
1. Заттарды құрайтын бөлшектер қалай аталады?
2. Молекула дегеніміз не?
3. Заттардың молекулалары бірдей ме?
ІҮ. Топтық жұмыс «Джигсо» (15 минут). «Бірге ойлаймыз, бірге талқылаймыз» деген әдісті пайдалану арқылы оқушылардың жеке, жұптық, топтық жұмыс жасауын бақылау.
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
№
Бағалау өлшемдері
Көш
басшы
Хатшы
Баяндамашы
Уақыт сақшысы
Дизайнер
1
Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2
Міндетін атқару
3
Топтық жұмысқа атсалысуы
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жұптық жұмыс (5 минут). Үш конвертті жұмбақ арқылы тауып, үш топ өздері сол жұмбақты шешіп, конверттің ішіндегі тест сұрақтарына жауап береді.
Атомдар мен молекулаларға мысал келтіріңдер?
Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру
V. Сергіту сәті (3 минут). «Радиоға қоңырау шалу» әдісін орындату. Тақтаға 1 жүргізуші, әр топтан бір - бір профессорлар шығуы керек. Сосын қарсы топтағы оқушылар үш профессорға сұрақтар қояды.
VІ. Топтық жұмыс «жалғасын тап» (10 минут)
-
Дене неден құралады ...............................................................
-
Зат нелерден құралады...........................................
-
Атомдар мен молеукулалар құрлысын ата..........................
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут) «Ыстық орындық» арқылы бүгінгі сабақты қорытындылау
Кейінгі тапсырмалар
Эссе жазу
Кейінгі оқу
§8. Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалық құрылысы