- Учителю
- Поурочные план 8 класс физика
Поурочные план 8 класс физика
10.09.2015 физика 8-сынып
Сабақтың тақырыбы : Табиғаттағы және техникадағы жылу берілудің мысалдары.
Сабақтың мақсаты :
Білімділікмақсаты :сәулелену құбылысын және оның ерекшеліктерін түсіндіру, жылу берілу түрлерін салыстыру :табиғаттағы және техникадағы жылу берілу құбылыстарына мысалдар келтіру.
Дамытушылық мақсаты : Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау .
Тәрбиелік мақсаты : Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Білімділік: Жылу өткізгіштікті, конвекцияны және сәуле шығаруды түсіндіру
Тәрбиелік : Бір -бірін тыңдау арқылы өзгенің пікірімен санаса білуге;
өз бетінше еңбек етуге , жауапкершілікті сезінуге ; білім алуда
бәсекелестікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : білім мен дағдыны тиянақтау, жүйелеу сабағы;
Сабақ әдісі : Блум таксономиясы.
Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, слайдтар, семантикалық карта, сәйкестендіру, тапсырмалар.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі (3 мин.)
1). Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеріп, сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Негізгі бөлім (40 мин.)
Б.Блум жүйесі «Оқыту - екі есе оқу» технологиясы білім мен қабылдауды 6 деңгейге бөлінетіндіктен, сабақтың жоспары 6 деңгейден тұрады:
1. Білімділік - ақпараттық деңгей. (бұрынғы білімді еске түсіру) (5 мин)
«Миға шабуыл» (деңгейлік сұрақтар)
2. Түсіну - тезаурустық деңгей (алған білімді пысықтау) Мәселені шеш! (10мин)
«Ел ертеңі білімді ұрпақ»; Оқулықпен жұмыс.
3. Қолдану - методикалық деңгей. (алған білімді өмірде қолдануға үйрету)
(10 мин.) Жасырын санды тап! «Физикалық эстафета ойыны» Сәйкестікті анықта.
4. Талдау (анализ) - технологиялық деңгей (Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, жаңа проблеманы шешу). (10 мин.) Тез есептей білеміз бе? «Есептеу - білімді еселеу»; Тест.
5. Жинақтау (синтез) - зерттеушілік деңгей (жалқыдан жалпыға, жеке бөлшектерден жаңа дүние жасау). «Өтілген тақырыпты бекіту» (5 мин.)
«Кім жылдам?» (бекіту сұрақтары) «Физикалық дуэль»
ІІІ. Қорытындылау бөлімі (2 мин.) Рефлексия
IV Бағалау (2 мин.)
V Үйге тапсырма (1 мин.)
1. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды түгелдеу , сабаққа ынтасын аудару; Сабақтың мақсатымен таныстырып, нұсқау беру.
2. «Миға шабуыл» (деңгейлік сұрақтар)
І топ. Сен білесің ба?
-
Жер атмосферасының жоғарғы бөлігі 1с ішінде 1,4 10*3 Дж - ге тең энергия мөлшерін алады.
ІІ топ. Табиғаттағы желдің қандай жылдамдығы алады:
-
Табиғаттағы жылу берілу құбылыстары мынадай сандармен сипатталады: жел 280 км/сағ жылдамдықпен соға алады;
ІІІ топ . Ең күшті дауыл торнадо жылдамдығы:
-
Ең күшті дауыл торнадо темір бағаналарды, автокөліктерді құлатып немесе басқа орынға жылжыта алады, оның жылдамдығы 90 м/с - ке жетеді.
3. «Ел ертеңі білімді ұрпақ» (алған білімді пысықтау бөлімі) Оқулықпен жұмыс.
4. Жасырын өрнекті тап! (сандарды толықтыру)
«Физикалық эстафета ойыны»
р/с
Термос құтысы
Құрылысы
Атқаратын қызметі
1
2
3
4
5. Тез есептей білеміз бе? (өтілген сабақты бекіту) «Есептеу - білімді еселеу»
1) Жылу берілудің қандай түрлерімен таныстыңдар? Оларды қысқаша сипаттаңдар.
2) Самал дегеніміз не? Күндізгі және түнгі самал кезінде ауаның қандай ауысуы болады ?
6. «Кім жылдам?» (бекіту тапсырмасы) «Физикалық дуэль». Сәйкестікті анықта.
Топтар
Күн
түн
1-топ
Жер теңізден жылы,жылы ауа:
Жоғары
Жер теңізден суығырақ,суық ауа:
Жоғары
2-топ
Теңіз самалы көтеріледі
Төмен
Теңіз самалы көтеріледі
Төмен
3-топ
Суық ауа көтеріледі
Көтерілмейді
Жылы ауа көтеріледі
Көтерілмейді
7. Қорытынды. Рефлексия
І. топ Дененің ішкі энергиясы дегеніміз не , ішкі энергия өзгерісі?
ІІ.топ
Қандай құбылыс жылу берілу деп аталады, жылу берілудің түрлерін атаңдар?
ІІІ. топ
Конвекция құбылысы дегеніміз не, осы құбылысты түсіндіріңдер ?
8. Оқушыларды бағалау.
9. Үйге тапсырма беру.