- Учителю
- Контрольная работа по физике для 9 класса Колебания
Контрольная работа по физике для 9 класса Колебания
Физикадан бақылау жұмысы
9 сынып
Тербелістер мен толқындар
Мақсаты:
-
Мемлекеттік стандарттың орындалуын тексеру
-
Оқушылардың ақпараттық және өзіндік менеджмент құзыреттіліктерін осындай тақырыптар бойынша тексеру
-
Математикалық маятниктің тербеліс периоды
-
Томсон формуласы
-
Серіппелі маятниктің периоды мен жиілігі
-
Механикалық тербеліс кезіндегі жүйенің энергиясы
І нұсқа
I деңгей
-
Ұзындығы 99,5 см математикалық маятник 1 минут ішінде 30 тербеліс жасайды. Еркін түсу үдеуің анықтаңдар.
-
Тербелмелі контур электрсыйымдылығы 50 мкФ конденсатордан және индуктивтілігі 50 Гн катушкадан тұрады. Тербелмелі контурдың периоды қандай?
ІІ деңгей
-
Серіппеге ілінген жүктің массасы 400 г, серіппенің қатандығы 160 Н/м. Жүктің тербелісінің периоды мен жиілігін анықта.
-
Катандығы 18 Н/м серіппеге ілінген 300 г дене горизонталь жазықтықта 3 см амплитудамен тербеледі. Дене тербелісінің циклдік жиілігін және жүйенің энергиясын тап.
ІІІ деңгей
-
Математикалық маятникті планетаға әкелді, оның ауырлық күші Жерден 4 есе кем. Тербеліс периоды қалай өзгереді?
ІІ нұсқа
I деңгей
-
Математикалық маятниктін ұзындығы 40 м. Маятниктің тербеліс периоды мен жиілігі қандай?
-
Тербелмелі контур электрсыйымдылығы 60 мкФ конденсатордан және индуктивтілігі 75 Гн катушкадан тұрады. Тербелмелі контурдың периоды қандай?
ІІ деңгей
-
Массасы 300 г жүк, жиілігі 4 Гц тербеліс жасайды. Серіппенің қатандығы мен тербеліс периоды қандай?
-
Катандығы 25 Н/м серіппеге ілінген 400 г дене горизонталь жазықтықта 3 см амплитудамен тербеледі. Дене тербелісінің циклдік жиілігін және жүйенің энергиясын тап.
ІІІ деңгей
-
Серіппенің ұзындығын 4 есе артырғанда, жүктің тербеліс периоды қалай өзгереді?
Бағалау критериі
«5» бағасы есептерді толық шығарғандарға,
«4» бағасы - 4 тапсырма толық шығарғандарға,
«3» бағасы - алғашқы 2 тапсырма шығарып, 3 есепті дұрыс
бастағандарға қойылады.