7


  • Учителю
  • 'Масса және заттың тығыздығы' 7 кластарға арналған физика пәнінен күнделікті сабақ жоспары

'Масса және заттың тығыздығы' 7 кластарға арналған физика пәнінен күнделікті сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән: Физика және астрономия класы: 7а, 7ә қазақ күні:

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Масса және заттың тығыздығы.

Сабақтың мақсаты :

  • Білімділік: Массалары бірдей, көлемдері әртүрлі және көлемдері бірдей массалары әртүрлі денелерді салыстыру және бақылау, «Тығыздық», «Масса» ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру, есеп шығару барысында ρ=m/v формуласын пайдалана алуға үйрету.

  • Тәрбиелік: Табиғат туралы ғылым ретiнде физикаға ынталандыра түсу.

  • Дамытушылық: Оқушылардың талдау, жалпылау, қорытынды жасай алу құзырлығын және теориялық білімдерін практикада қолдана алу дағдысын қалыптастыру.



ГЛОСАРИЙ

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Көлем

Объем

Volume

Масса

Масса

Weight

Тығыздық

Плотность

Density

Оқыту әдісі: түсіндірмелі-иллюстративті, практикалық

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Көрнекіліктер: кеспелер

Сабақ барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсат, міндеттері

  2. Оқушыларды жаңа білімді қабылдауға дайындау

  3. Жаңа сабақта түсіндіру.

  4. Сабақты бекіту.

  5. Сабақты қорыту. Зертханалық жұмыс №3

  6. Үй жұмысы

1. Оқушы алдына сабақтың мақсат, міндеттерін қою.

2. Физиканы оқуға кiрiсерде, бiздененің сапалық қасиетін сипаттайтынматерияның түрі затпен таныстық. Бәрiңiз еске сақтаңыздар - барлық физикалық денелер заттардан тұрады.Бiз зат туралы не бiлетiнiмiздi еске түсiрейiк.

а) Заттың агрегаттық күйлерін атаңдар.(қатты, сұйық, газ)
б) Кез- келген заттың күйін қалай ажыратамыз.(молекулалардың орналасуына және олардық қозғалысына қарап)
в) Сiз дененiң көлемін қалайша бiле алар едіңіз?(дененің ұзындығын, енін, биіктігін өлшеу арқылы және өлшеуіш цилиндрді пайдаланып) Бұл физикалық шама қандай әріппен белгіленеді?(V) Оның өлшем бірлігі қандай? (м3)



г) Дененің массасын анықтай аласыз ба?(иә, таразыға өлшеу арқылы) Бұл физикалық шама қандай әріппен белгіленеді?(m) Оның өлшем бірлігі қандай? (кг)

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Әрбiр дененің өз өлшемдерi және массасы болады - бұл тұжырым ешкімге күмән тудырмайды; дененiң массасы өлшемге ғана емес, ол қандай заттан тұратынына тәуелдi болады.

Кішігірім зертеу жүргізейік (демонстрациялық столға оқушы шақырылады, ол демострациялық столда кішігірім зерттеу жүргізеді) сіздердің алдыңызда көлемдері бірдей екі зат берілген, таразының көмегімен массаларын салыстырып, қорытынды жасаңдар.

Қорытынды: Денелердің көлемдері бірдей, массалары әртүрлі, яғни әртүрлі заттан жасалған.

(Эксперимент нәтижесін дәптерге жазамыз)

Заттың массасы деп денелердің инерттілігінің өлшемі. ХБЖ массаның өлшем бірлігі килограмм.

1т = 1000 кг

1г = 0,001 кг

1мг = 0,000001 кг

Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы айтады. Сонымен заттың тығыздығын табу үщін дененің масссасын оның көлеміне бөлу керек.

Зат тығыздығы мына формуламен анықталады

Зат тығыздығы бірлігі үшін бірліктердің Халықаралық жүйесінде (SI) килограмның метр кубқа қатынасы алынған. Бұл көлемі 1м3, массасы 1килограмға тең біртекті заттың тығыздығы

Есептеулер жүргізу кезінде тығыздықтың сияқты басқа да бірліктері қолданылады. Көбінесе ; қолданылады.

1800 , бұл нені білдіреді? (көлем бірлігіндегі кірпіш массасы)Тығыздығы осыған тең ол қандай зат? (Қосымшадағы 6,7,8-кестелерге қарап анықтаймыз)

Заттың тығыздығы мен көлемі белгілі болса, онда өлшеулер жүргізбей ақ оның массасын анықтауға болады. m=

Егер дененің массасы мен тығыздығы белгілі болса, онда оның көлемін есептеп табуға болады.

V

Көп жағдайда дене тегі әр түрлі заттардан жасалады. Мұндай жағдайда ρ=m/V формуласы бойынша есептеулер жүргізе отырып, денені құрайтын материалдың орташа тығыздығы(ρорт=m/V ) табылады.

4. Сабақты бекіту

1. 800 және 2,6 нені білдіреді? (көлем бірлігіндегі керосин массасы және гранит тығыздығы)

2. а) Көлемі 1м3 болатын,массасы 1,29 кг тең ауаның тығыздығы неге тең? (1,29 кг/м3)
б) Көлемі 1л болатын,массасы 1 кг тең ауаның тығыздығы неге тең? (1000кг/м3)

3. Ыдыстарда бiрдей массалы сұйықтар құйылған. Қай ыдыста тығыздығы жоғары сұйық орналасқанын анықтаңдар

4.Тауық жұмыртқаларының жаңа екенінолардың орташа тығыздығы бойынша анықтауға болады. Ұзақ уақыт сақтаған кезде сұйықтың бiр бөлiгi қауыз арқылы буланып ауамен алмастырылады. Оның көлем бірлігіндегі орташа тығыздығы азаяды да жеңіл болып қалады. Жаңа жұмыртқа суда батады, жаңа емес қалқиды.



5. Сабақты қорыту. Зертханалық жұмыс №3

1-тапсырма. Денені таразыға тарту арқылы массасын өлшеу.

Құрал-жабдықтар: таразы, ұсақ гірлер, білеуше, әр түрлі кішігірім денелер.

Жұмыс барысы кітапқа қарап орындалды. Тәжірибе жасалып болған соң мына кестені толтырады және қысқаша қорытынды жазады.

Тәжірибе реті

Өлшенетін дене

Дененің массасы, г

Дененің массасы, кг

1


2


3

6. Үй жұмысы.

§23, 24

Есеп. Қандайда бір тетік көлемінің 1/3 бөлігі қорғасыннанжәне2/3бөлігі қалайыдан жасалған. Осы тетік жасалған материалдың орташа тығыздығы қандай?



Есеп. Қоспа қорғасын мен қалайыдан жасалған, оның массасы 664 г, тығыздығы 8,3 г/см3 Қоспаныңішіндегі қорғасынның массасын анықта. Қоспаның көлемі оны құраушы бөліктерінің көлемдерінің қосындысына тең. 7300 кг/м3 , 11300кг/м3





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал